VІІІ –ХІІІ ғасырды ислам мәдениетінің «алтын ғасыры»
Ф. И. О. Абдрахимов Умирбек Нарматович
Мектеп: «Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп» КММ
Мамандығы: тарих пәні мұғалімі
Санаты: жоғары
Пәні: дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Ислам тарихы |
Мектеп: «Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп»
КММ |
|
||
Күні: ___.___. 2019 ж. | Мұғалімніңаты-жөні: Абдрахимов Умирбек | |||
Сынып: 6 – « ____ » | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||
Сабақ тақырыбы | VІІІ –ХІІІ ғасырды ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» | |||
Оқу мақсаттары | 6.3.2.5- ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынас-
тардың сипатын түсіндіру 6.2.2.1 -тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау; 6.2.2.1 -тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндердің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау 6.2.2.4 -шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау |
|||
Сабақ мақсаттары | Ø 610- дан1258 ж. дейінгікезеңде ислам әлеміне дәуір өзгерткен оқиғаларды анықтау
Ø Арабтардың жаулап алуы нәтижесінде қалыптасқан халықаралық жағдайдағы ең негізгі және маңызды жетістіктерді анықтау Ø «Алтын ғасыр» дәуірінің негізгі жетістіктерінің маңызын өздігінше тұжырымдау |
|||
Бағалау критерийлері
|
610 – 1258 жж. арасында Араб халифатындағы негізгі оқиғаларды біледі;
Картада ислам тарихындағы негізгі оқиғалардың тізімін анықтайды және жасайды; Ислам дінінің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтайды -ғылым, философия, сәулет өнер жетістіктерін атайды; -ислам мәдениетінің гүлденуі кезінде күнделікті өмірде болған өзгерістерді атайды; |
|||
Тарихи концепт (фокус) | өзгеріс |
|
||
Тілдікмақсаттар
|
Тілдік құзіретті дамыту:
Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Пәнге тән лексика мен терминология: Бедуиндер Умәйя әулетінің , Аббасидтер әулеттерінің кезеңі, алтын ғасыр, құран, мешіт, пайғамбар, шариғат, халиф, халифат,халықаралық дін, ислам, джихад. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Умәйя әулетінің билік құрған кездегі әр түрлі өзгерістермен/ жетістіктермен сипатталады… Ең маңыздысы Умәйя әулетінің басқарған кезінде әлуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, ғылыми, философиялық, архитектуралық …. болған Ең маңызды өзгеріс/жетістік … болған. _____ маңыздырақ болған ______, себебі… Бұл оқиға / даму маңыздырақ болды/ себебі…. … _____ туындатуына мүмкіндік берді ______. |
|||
Құндылықтарды дарыту
|
жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту | |||
Пәнаралық байланыстар | География , әдебиет | |||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | |||
Бастапқы білім | Оқушыларда ислам діні туралы жалпылама білімдері болуы мүмкін. | |||
Сабақ барысы
Сабақ уақыты | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин) Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау (3 мин)
|
v Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу:
v Сынып тазалығына көңіл бөлу: v Сыныпты топқа бөлу: v Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, ынтымақтастық атмосфераға көңіл бөлу. Оқушыларға «Компьютерсіз және Интернетсіз өміріңізді елестете аласыз ба?» деген сұрақ қойылады. Сыныпта талқылау жүргізіледі. -VIII ғғ. Араб халифатының картасын көрсету. Оқушылар назарына ислам дінінің пайда болуы мен Мұхаммедтің пайғамбарлық қызметі туралы бейне баян ұсынылады. Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады: 1. Әлем діндерін қарастырып, ислам дінінің ерекшеліктерін анықтау; 2. Ислам тарихындағы маңызды оқиғаларды анықтау; 610 – 1258 жж. арасында болған басты өзгерістерді анықтау; 622 ж.- Пайғамбарымыздың Меккеден Мединеге көшуі, хижри жыл санау басы. 630ж.- Меккеннің ашылуы мен Хунайн шайқасы. |
Оқу құралдары | |||||||||||||||
Мұғалімнің түсіндіруі (8 мин)
Топтық жұмыс түрі (7 мин)
|
Оқушыларға әлем діндері, соның ішінде ислам діні туралы негізгі ақпарат беру. Оқушыларға ақпаратты дәптеріне жаздыру. Ислам тарихы әдеттегіде сол заманда билік құрған халифалардың шыққан тегіне байланысты аталады. Мысалы: Аббаси халифтері Пайғамбардың көкесі Аббастан тараған. Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің заманын пайғамбарлық ғасыры атайды. Осы заманда Ислам діні араб тайпаларының арасын-да тарап, олар мұсылмандықты қабылдай бастады. Пайғамбардың өлімінен кейін Ислам үмметін кезекпен 4 ұлы сахаба — Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан және Әли ибн Әбу Талиб басқарып, халифтер болды. Бұл кезді «Әділетті халиф-тер» заманы деп атайды. Бұл заманда Ислам халифаты Арабия түбегінің сыртына тарала бастады. Әділетті Халифтерден кейін билік басына Умәйя әулетінің халифтері келіп, олардың кезеңі «Умәуи заманы» аталды. Умәуилер заманында халифат Иберия түбегіне (қазіргі Испания) шейін жетіп, сол жақта халифат билігі орнады. Халифаттағы билікке Пайғамбардың көкесі Аббас ибн Абдуль-Мутталиб тың әулеті таласып, Умәуи халифтерінен билікті тартып алды. Аббасилер кезеңі сонымен қатар «Исламның алтын ғасыры» деп аталады, себебі осы халифтердің кезінде ғылымдар мен әдебиет бұрынғы арабтардың жетістіктерінен асып түсіп, үлкен даму алды.
«Мықты тірек» тренингі Топтастыру: «Жұптарға жеке сұрақ» 1.Жұп: Әбу Насыр Әл Фараби 2.Жұп: Әл Бируни 3. Жұп: Ибн Сина 4.Жұп: Ибн Рушид 5 Жұп: Қожа Ахмет Яссауи (уақытқа қарап) «Тест жұмысы» (үй тапсырмасы бойынша) тест тапсырмасын орындау 1. Исламға дейінгі дәуірде арабтар неге табынды? А) пұтқа Ә) христиан Б)буддизм 2. Мұхаммед пайғамбар жаңа дін исламды қай жылы жариялады? А) 660 ж Ә) 610 ж Б) 655 ж 3. Кедейлерге, жетім-жесірлерге қамқорлық жасауға, мейірімді, рақымды болуға шақырған дінді атаңыз? А) буддизм Ә)христиан Б) ислам 4. 622 ж Мекке мұсылмандары қоныс аударған қала. А) Медине Ә) Гибрал Б) Дамашқ 5. Медине қаласындағы алғашқы мұсылмандық қауымды қалай атады? А) халиф Ә) умма Б) монах 6. Мекке мұсылман қаласына қай жылы айналды? А) 635ж Ә)630 ж Б)645 ж 7. Мұхаммед пайғамбардың қайтыс болған жылы А) 632 ж Ә)642 ж Б)635 ж 8. Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін, ислам мемлекетін кімдер басқарды? А) халифтер Ә) ізбасарлар Б) бәрі дұрыс 9. Халифтер басқарған жалпы арабтық мемлекет қалай аталды? А) Араб мемлекеті Ә) Біріккен араб әмірлігі Б) Араб халифаты 10. УІІ ғ аяғы –УІІІ ғ басында арабтар Солтүстік Африка жерлерін, Гибралтар бұғазы арқылы өтіп, қай елді жаулап алды? А) Италияны Ә) Францияны Б) Испанияны 11. Мал шаруашылығымен айналысатын көшпелі арабтарды қалай атады? А) халифтер Ә) бәдәуилер Б) селифтер 12. Талас өзенінің бойында қай жылы арабтар мен түркілердің бірлескен қолы Қытай әскеріне қуатты соққы берді. А) 751 ж Ә) 755 ж Б)756 ж 13. Араб әскерлерінің жеткен солтүстік –батыстағы шеткі нүктесін ата. А) талас өзені бойы Ә) франктер (Пуатье түбіндегі шайқас) Б) Африка мен Иберияда 14. Араб халифатында 661-750 жылдары қандай әулет билік құрды. А) Умәуилер улеті Ә) Аббас әулеті Б) Бәдәуилер әулеті 15. Аббасилер халифатын 1258 ж кімнің әскерлері басып алды? А) монғол Ә) қытай Б) түрік Дескриптор: 1. УІІ –ХІІІ ғасырлар аралығындағы исламның даму тарихы туралы біледі.
|
Презентация
Әділетті Халифтер кезе-ңіндегі халифаттың шарықтау шегі
Умауи халифтерінің кезеңіндегі халифаттың шарықтау шегі
Аббаси халифтерінің кезеңіндегі халифаттың шарықтау шегі |
|||||||||||||||
Топтық жұмыс түрі
(5 мин)
Зерттеу жұмысы (5 мин) |
Дәптердегі жазбаларды, арабтардың жаулап алу жорықтарын сипаттайтын картаны пайдалана отырып (Қосымша 1), ислам дінінің пайда болуы мен таралуына байланысты басты оқиғаларды анықтап, тізім құрастыру.
Әрбір топ 750 ж. дейінгі ислам дінінің пайда болуы мен таралуына байланысты ең басты үш оқиғаны ажыратып, оны сипаттап, жауабын дәлелдейді. Әрбір оқиғаны жеке стикерге жазады. Үш оқиғаның маңыздылығын ашатын оқиғалар бойынша талқылау жүргізеді. Әр топ хронологиялық реттілікті сақтай отырып, уақыт сызығында стикерлерді орналастырып, дәлел-деу қажет. Үш негізгі оқиғаны дәлелдеу
Топтар бір-бірін толықтырады. Бағалау критерийлері: ü Ислам тарихындағы ең маңызды оқиғаны ажыратады; ü Ислам дініне таңдап алынған оқиғалардың маңызды- ü лығын ашады; ü Хронологиялық реттілікті сақтайды; Таңдап алынған оқиғалардың ең маңызды салдарларын анықтайды. |
Презентация, уақыт сызығы
Дүниежүзі тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 7 ( 6 ) сыныбына арналған оқулық,
|
|||||||||||||||
Топтардың қорғауы
(5 мин) |
Үш оқиғаның маңыздылығын ашатын оқиғалар бойынша талқылау жүргізеді. Әр топ хронологиялық реттілікті сақтай отырып, уақыт сызығында стикерлерді орналастырып, дәлел-деу қажет. Топтар бір-бірін толықтырады.
Бағалау критерийлері: ü Ислам тарихындағы ең маңызды оқиғаны ажыратады; ü Ислам дініне таңдап алынған оқиғалардың маңыздылығын ашады; ü Хронологиялық реттілікті сақтайды; ü Таңдап алынған оқиғалардың ең маңызды салдарларын анықтайды.
|
Презентация,
|
|||||||||||||||
Сабақтың соңы
Рефлексия және
Үй тапсырмасы (5 мин) |
Жұпта талқылаңыз және ислам тарихындағы белгілі жетістіктерді / жаңалығын таңдаңыз. Ол:
• көп адамдардың өміріне ықпал етті; • сол уақыттағы адамдардың өмірін түбегейлі өзгертті; • қазіргі уақытта құндылығы бар.
Таңдауыңызды дәлелдеңіз, кемінде екі дәлел келтіріңіз. Зерттеу сұрағын талқылау: |
Презентация |
Рефлексия 6 – «___» сынып:
Сабақтың мақсаттары қол жетімді болдыма? Оқу мақсаттарына барлық оқушылар қол жеткіздіме? Менің жасаған дифференциациям жүзеге асты ма? Уақытты ұтымды пайдалана алдым ба? Сабақ жоспарынан ауытпқушылықтар болдыма? Неліктен?
|
Жалпы бағалау |
Сабақтың қандай екі аспектісі сатті өтті?
1:
2:
Қандай екі жағдайда сабақтың тиімділігі арта түсер еді? 1:
2:
|
Сабақ барысында келесі сабаққа дайындалуда ескеретіндй сынып туралы немесе жеке оқушы туралы қандай да бір қажетті ақпарат алдым ба?
|
Ислам тарихы әдеттегіде сол заманда билік құрған халифалардың шыққан тегіне байланысты аталады. Мысалы: Аббаси халифтері Пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) көкесі Аббастан тараған. Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің заманын пайғамбарлық ғасыры атайды. Осы заманда Ислам діні араб тайпаларының арасында тарап, олар мұсылмандықты қабылдай бастады. Пайғамбардың өлімінен кейін Ислам үмметін кезекпен 4 ұлы сахаба — Әбу Бәкір Сиддық , Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан және Әли ибн Әбу Талиб басқарып, халифтер болды. Бұл кезді «Әділетті халифтер» заманы деп атайды. Бұл заманда Ислам халифаты Арабия түбегінің сыртына тарала бастады.
Әділетті Халифтерден кейін билік басына Умәйя әулетінің халифтері келіп, олардың кезеңі «Умәуи заманы» аталды.
Умәйя әулеті — Араб халифатын билеген әулет (661–750). Негізін Меккедегі құрайыш тайпасының умәйя руынан шыққан Мұғауия I (т.ж.б.-680) қалаған. Умәйя әулетінен шыққан халифтар мемлекет құрамына Солтүстік Африка, Пиреней түбегінің көп бөлігін, Орталық Азияны, Иран, Ауғанстан, Ирак, Кавказдың біраз жерлерін қосып алды. VIII-ші ғасырдың ортасына таман мемлекеттегі бірлік әлсірей бастады. Әбу Муслим бастаған шииттік қозғалыс (747–750) Умәйя әулетін тақтан тайдырған соң, билікке Аббас әулеті келді.
Умәйя әулетін тақтай тайдырған соң, Аббас әулеті үкімет басына келген. Аббасилер кезеңі сонымен қатар «Исламның алтын ғасыры» деп аталады, себебі осы халифтердің кезінде ғылымдар мен әдебиет бұрынғы арабтардың жетістіктерінен асып түсіп, үлкен даму алды. Аббас әулетінің алғашқы халифасы Әбу әл-Аббас әс-Саффах
(750–754) болды. 762 жылы Аббас әулетінің астанасы Шамнан Бағдадқа ауыстырылды. Аббас әулетінің мемлекеті әдебиеттерде кейде «Бағдадия халифаты» деп те аталады. Ол «Мұсылман ренессансы» дәуірінде мәдениеті, ғылымы, әдебиеті, философиясы, математикасы, географиясы, саудасы, т.б. әлемдік дамудың алдыңғы қатарындағы мемлекет болды. Аббасилердің билігі көптеген себебтермен әлсіреп, бұрынғы халифат жерлерінде дербес Тулунилер, Фатимилер, Селжұқилер және т.б. мемлекеттер пайда болды. Осы кезде кресшілердің Иерусалим қаласын басып алуды мақсат еткен, 194 жылға созылған крест жорықтары басталды.
Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы”атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.
Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни – ортаазиялық энциклопедист–ғалым. Әбу Райхан әл-Бируни 973 жылы қазан айының төртінде Қият қаласының маңында өмірге келген. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Әбу Райхан әл-Бируни – парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. 995 – 1010 жылдары Иранда тұрды. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақйия ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бирунидің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т.б. көрнекті ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған.
Абу Али Хусейн Ибн Сина (Авиценна)
Ибн сина (Дәрігерлердің ұстазы) (980-1037 ж.ж.)
Әбу Әли Хусейн ибн Абдулла ибн Әли ибн Сина. Бұхара аймағының Афшина ауылында туылған. Жасы онға толмай жатып Құран мен әдебиетті үйренді.
Әкесі Ибн Синаның бір ғалымның үйіне әкеліп, оқуға береді. Ол ғалымның аты Абдулла ан-Нәтили болатын. Былайғы жұрт оны философ деп атайтын. Одан бұрын Ибн Сина Исмаил деген ұстаздан фиқһ ілімінен дәріс алды. Ибн Сина логика саласында жазылған түсіндірме кітаптарын өз бетінше оқып, ақыры бұл ғылымды да жетік меңгерді. Логика мен ақыли ілімдерді үйренген соң Ибн Сина енді медицина ілімін үйренгісі келді. Ақырындап осы пән бойынша жазылған кітаптарды алып оқи бастады. Көп ұзамай Ибн Сина медицина пәнінен алған білімі арқылы ауруларды емдей бастады. Ибн Сина логика, физика, математика ғылымдарын жете меңгерді. Содан кейін Ибн Сина құдайлық ілімді үйренуге бас қойды. Сол үшін метафизика кітабын оқи бастады.. Көктен іздегені жерден табылып, қырық рет оқып түсінбей қойған ғылымды осы кітап арқылы түсіне бастады. Бұл Әбу Насыр әл-Фарабидің метафизика ілімі жайында жазған кітабы Ақырында кітапты бастан аяқ оқып шықты. Көңіліндегі көкейтесті мәселенің шешімінің тез табыла кеткеніне қатты қуанған ол Аллаға шүкірлік ретінде кедей-кепшіктерге садақа таратты. Осылайша Ибн Сина он сегіз жасында барлық ғылымдардан мейірі қанғанша сусындап, бірін қалдырмай оқып шықты. Ол оқыған кітаптарының барлығын да жатқа айтатын. Ол кейбір ғылымдардағы алғашқы еңбектерін жас кезінде жазып шықты. Бірде Ибн Синаға бір кісі барлық ғылымдарды қамтитын еңбек жазу туралы ұсыныс айтады. Ол бұл ұсынысты құп алып, Әл-Мажмуғ атты кітабын жазып шығады. Бұл еңбекте математикадан басқа барлық ғылымдар түгел қамтылған болатын. Ибн Сина бұл кітабын жиырма бір жасында жазып шықты. Одан кейін жиырма томнан тұратын Әл-Хасил уа әл-Махсул деген басқа бір еңбегін жазды. Ибн Сина Хамадан қаласында Дәр әл-Алауия үйінде орналасып кітап жазумен айналысады. Хай ибн Йақзан атты кітабын және әш-Шифа кітабының алғашқы бөлігін жазып шықты. Сонымен бірге жаңа дәрі-дәрмек түрлерін ойлап шығарады. Ибн Синаның ең ғажап қасиеттерінің бірі ол қолына түскен кітаптың оңай тұстарына емес, ең қиын тұстарына қатты көңіл бөлетін. Кітап авторының ғылыми деңгейі мен біліктілігін анықтап алу үшін оның түйткілді мәселелерге байланысты пікірін білуге тырысатын.
Абдул-Валид Мухаммад ибн Ахмад аль-Куртуби, Ибн Рушдпен белгілі 1126ж Кордоба – 10 желтоқсан, 1198, Марракеш. Батыс-араб философы. Батыс Еуропада романдық атымен Аверроэс белгілі. Аристотель және ислам философиясы, теология, маликит мазхабының діни құқығы, жағрапия, математика, физика, астрономия, аспан механикасы, медицина, психология және саясат бойынша жұмыстардың авторы. Перипатетик, Шығыс аристотеланизмнің көрнекті өкілі, Аверроизм негізін қалаушы; оның туындыларын латын тіліне аудару Еуропада Аристотельді танымал етуге көмектесті.
Ибн Рушдтың әкесі Кордоба бас кади және муфти болды. Ибн Рушд ғасырдың ең үлкен ғалымдарымен танысып, әйгілі суфийлік ойшыл Ибн Араби мен танымал ғалымдар Ибн Туфайл мен Ибн Зухрмен достық қарым-қатынаста болды. Альмохад сұлтанның Юсуф (1163-1184) кезінде ең жоғарғы құрметті лауазымдарға жетті және Мароккода, сосын Севильяда немесе Кордовада тұрды. Өзінің мұрагері, Әл-Мансур, Ибн Рушд, халифтың дәрігері және досы ретінде алдымен үлкен мейірімге ие болды. Алайда, оның қатаң рационалистік көзқарастары сұлтанның православиелік көзқарасына қайшы келеді; соңында Ибн Рушд Құранды ілімін сақтамағанына және сөгісліктен айырылып, Кордобаға жақын жердегі тұтқында өмір сүріп, оның туындыларын өртеп жібергені үшін айыпталды. Бірнеше жылдан кейін, сұлтанның өзі оқуды бастады және философияға қызығушылық танытқанда, Ибн Рушд 1197 жылы Марракеште (Марокко) қайтадан сотқа шақырылды және көп ұзамай 1198 жылы Мароккода қайтыс болды. Оның денесі Кордобаға жіберілді, онда ол жерге сатылды.