Шаттық мекені Алтын ұяға – 10 жыл

Сарсенбаева Жаухар Жарқынбекқызы

«Алтын ұя» бөбекжай бақшасы

Педагог-ұйымдастырушы

Қызылорда қаласы

 

Шаттық мекені Алтын ұяға – 10 жыл

 

Қай кезеңде де қай елде болмасын ұрпақ тәрбиесі – бағдарлы болашағының бастауы.  Тәуелсіздігіне тәубе етіп, Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан халқымыздың рухани бай дүниесінің өлшемі мен өресі де осы бала тәрбиесінде жатыр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев та жыл сайынғы халыққа дәстүрлі Жолдауларында ұрпақ тәрбиесі  қоғам үшін басты құндылық екенін ерекше атап келеді. Сол ұрпақты саналы, білімді етіп тәрбиелеу біздің еншімізде. Білім мен тәрбие егіз ұғым. Бір – бірінсіз жетімсіреп тұратындай.

Осы орайда, Тәуелсіз елдің ұрпақтарының тәрбиесін ұстаным қылған, болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді жалғап келе жатқан білім ошағы – Қызылорда қаласындағы «Алтын ұя» бөбекжай бақшасы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев балабақшаның ашылу салтанатын 2009 жылдың 23-қарашасы күні рәсімдеді. Елбасының ықылас-пейілімен, Қызылордалықтардың жүрегіне құйған жігер-қуатымен озық ойлар, батыл бастамалар, үздік білім мен сапалы тәрбие беру жүзеге ассын деп құрметпен ашып берген, серпінді дамып келе жатқан «Алтын ұя» бөбекжай бақшамызға бүгінде – 10 жыл!

«Оқу ісінің үздігі», жоғары санатты педагог, білікті басшы Ерназарова Зафура Шаршабекқызы басқарып отырған бөбекжай бақшамыздың 10 жылдық мерекесі кең ауқымды сипатқа ие мерекеге, олай дейтініміз аз ғана уақыт ішінде қаншама бөбектердің, ата-аналардың, халықтың зор қуанышына айналып  үлгерді. Жастығына қарамастан Алтын ұяның бүгінгі бағындырған биіктері мен жеткен жетістіктері жетерлік. Баршамыз үміт артып, үлгі тұтып отырған осы шаңырақтың  қарышты қадамы шынында да мақтан етуге лайық. Бүгінгі заман талабына сай инновациялық білім мен тәрбиенің озық үлгісін меңгерген, тәжірибелі, жаңашыл педагогтар мен жалынды жас ұстардардан тұратын, ынтымағы жарасқан ұжымға келгеніме 1 ғана жылдың көлемі болса да көмейіме көрікті ой құйып, көкірегімдегі мақтанышым қолыма қалам алуыма себеп болды.

Келешегі келісті, болашағы бағдарлы еліміз үшін сапалы білім мен саналы тәрбиені бала бойына сіңіру, білім мен тәрбие бере отырып халқымыздың рухани құндылықтарын, төл өнерін, көркем мәдениетін  көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманаттау – жауапты мәселе.

Осы ретте, «Алтын ұя» бөбекжай бақшасы алдағы уақытта білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында жоғары жауапкершілікпен жұмыс жасап, жаңартылған білім бағытында елеулі іс атқарары сөзсіз.

Сөз мінберін пайдалана отырып, бөбекжай бақша меңгерушісі Ерназарова Зафура Шаршабекқызына, жоғары санатты тәрбиеші Аяпова Қанткүл Төребайқызына, жоғары санатты әуез жетекші Бердибекова Зина Икрамқызына, білікті әдіскер Шамахунова Тахмина Шәріпқызына, сондай-ақ, барлық ұжымға риясыз алғысымды білдіремін.

Құнары Елбасының ақ батасынан бастау алған шаңырақ – білім мен тәрбиенің алтын қазынасына, ұрпақ мақтанышына айнала берсін! Мерейлі мерекеңмен, Орданың алтын алқасы – Алтын ұя!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *