«Көптілді білетін тұлғаны қалыптастыру-бәсекеге қабілетті қоғамды құру негізі»
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы
«Ж.Жүнісбеков атындағы жалпы орта мектеп»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Баяндама тақырыбы:
«Көптілді білетін тұлғаны қалыптастыру-бәсекеге
қабілетті қоғамды құру негізі»
Орындаған
Әлеуметтік-педагог
Жүсіп Тәттікүл
Қазақстан Республикасындағы білім беру саясатының басты міндеттерінің
бірі үштілде білім беруді жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан
Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың
“Қазақстан – 2050″ стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясибағыты”
атты Қазақстан халқына Жолдауында тағыда «біздің балаларымыз қазақ
тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін белсенді білім алу үшін жағдай
жасау бойынша» қажетті шаралар әзірлеу қажеттілігі атап көрсетілген.
Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары туған тілі. «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз».«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.
Намысын найзаға шаншып,күре тамыры Көк бөріден нәр алған,көк Тәңірге табынған Күлтегіннің ұрпағына бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру қиындық тудыра қоймас. Иә, көп тіл білу ــ әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты ету тексіздің ісі. Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде жетік сөйлесе ــ бұл сүйініш, мақтаныш; ал ана тілін білмей тұрып, өзге тілде сөйлесе ــ бұл күйініш, өкініш.
Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.
«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұлар – қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор.
Ағылшын тілі – әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлемді танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек».
Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, үлкен адамға қарағанда кішкентай бала ағылшын тілін тез меңгереді. Дегенмен, сол көптілділік іргетасы ана тілден қалануы керек. Мысалы, жапондар секілді. Олар баласын қашан жапон тілінде дұрыс сөйлей білгенше өз тілінде оқытып, үйретіп, содан кейін ғана барып басқа тілді білуге ден қоя бастайтын көрінеді. Өркениетті елдердің осындай озық дәстүрлерінен неге үйренбеске? Ана тілінде дыбыстарды дұрыс айтпай, дұрыс сөйлемеген баланың бойына патриоттық сезімді ұялата білеміз бе? «Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең» деп көрнекі жазушы Бауыржан Момышұлы айтқандай, ертеңгі күні жетімдерге тап болып қалмаймыз ба? Қазіргі заманғы мектептердің басты мақсаттарының бірі өсіп келе жатқан ұрпақты жанжақты, жаһандану құндылықтарына бейімдеу, балалар мен жеткіншектердің көрші елдер мәдениетінің өкілдерімен дүниежүзілік кеңістікте өзара әрекет жасасуына деген шеберліктерін қалыптастыру.
Балалардың шет тіліне қызығушылығын оятқан кезде ғана кез келген жетістіктерге жетуге болады, яғни оқытудың ең бастысы әр түрлі заманауи дидактикалық ойын арқылы балалардың тілге деген құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру екенін түсіндім. Бұл дегеніміз қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, қойылған мақсатқа оқу танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Үштілді меңгерту барысында сөздік жұмыстың алар орны ерекше. Сөздік жұмысы –тіл дамытудың іргетасы, баланың жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор.Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға көмектеседі.Үш тілді меңгеру үшін ең бірінші мына жағдайларға мән беруіміз керек:
− көптілді білім беру педагогикалық мониторингін әзірлеу, бірыңғай
бақылау-бағалау механизмі арқылы сапасын көрсету;
− орыс тілін деңгейлік оқыту моделін әзірлеу;
− ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға арналған біліктілікті арттыру
курстарын ұйымдастыру;
− мұғалімдер оқытушыларды қысқартылған білім беру бағдарламасы
бойынша екінші мамандыққа қайта даярлау;
− көптілді білім беру жүйесіне арналған педагог кадрларды дайындау.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық – дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы – тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін,мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзрерістерді сабақтарда енгізіп отыру керек.Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес.“Білім беру жүйесін жаңғырту барысында педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.Мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет.Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.”
Мектепте қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жерде өтіліп отырған бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана шектеліп отырсақ, қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар бере отырып, оқушы-субьектінің ізденісіне, яғни, жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудеміз. Өз іс-тәжірибемізде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор. Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: «Кім тапқыр?», «Үздік тілші», «Тілдер сөйлейді» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Оқушыларды ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөзжұмбақтар, анаграммалар олардың құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болады. Сондай-ақ, ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, тест т.б түрлері оқушылардың қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болады. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да оқушылар қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды. Мәселен, «Мақал-мәтелдердің үндестігі» салыстыру жұмысы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ұсынылып, сыныбына орай күрделеніліп отырады. Бұл тапсырмада мақал-мәтелдерді тақырып бойынша табу, үш тілде аудармасын ұсыну, үндестігін табу. Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Әр сабаққа дайындық мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс – тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», – деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темір қазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймын.
Қорыта келгенде Елбасымыз айтқандай Мәңгілік ел болашағы –білімді ұрпақ, саналы жастар. Осы тұрғыда ұстаздар қауымының атқарар ісі көп, оны парыз деп білуіміз керек.Алдымызда ұлттық құндылықты бойына сіңірген, Отансүйгіш, елі мен жерінің қамы үшін аянбайтын,білімді, иманды, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, оларға бағыт беру міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан шығармауымыз керек.
Нәтиже:
1. Балалардың ойлау қабілеті дамиды,
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады;
3. Балалардың жеке қабілеті анықталады;
4. Балалар топ жаруға ұмтылады
5. Әр бала өз деңгейімен бағаланады.
Аннотация
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің,терең,білгірі болу емес,тарихи-танымдық,педогикалық-психологиялық сауатты,саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.Оқушыларды оқытуда әдіс-тәсілдерді түрлендіру барысында, олардың қызығушылығын ояту арқылы,оқуға деген ынтасын арттыруымыз керек.Ең бірінші мұғалімдерді қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша,екінші мамандыққа қайта даярлауымыз керек.
Современный учитель должен быть знающим, компетентным, знающим, полноценным не только по своему предмету, глубине, знаниям, но и по историко-познавательной, педагогической и психологической грамотности, политическому и экономическому образованию и информационно-коммуникационным технологиям. В процессе изменения методов обучения студентов нам нужно повысить их интерес к обучению, пробудив их интерес: первый учитель должен пройти переподготовку в соответствии с сокращенной образовательной программой, нам нужно переподготовку по второй специальности.
ModernTeachermustbeknowing, competent, knowing, fullofnotonlyinitssubject, depth, knowledge, butalsoonnormal-cognitive, pedagogicalandpsychologicalliteracy, politicalandeconomiceducationandinformationandcommunicationtechnologies. Intheprocessofchangingstudentsofteachingstudents, weneedtoraisetheirinterestinlearning, tryingtheirinterest: thefirstteachershouldtryproto-preparedinaccordancewiththereducededucationalprogram, weneedretraininginthesecondspecialty.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
2. Ақиқат. 2011жыл, №5. «Қазақ тілін білу – әншейін бір ұран емес», Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессиясында сөйлеген сөзі
3. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана, 2007
4.Бәйдібек қарашаұлы қанатты сөздер
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718