“Бауырсақ” ертегісі. Кеңістікте бағдарлау пәні. 2 сынып
Пәні: Кеңістікте бағдарлау | Мектеп: №5 мектеп-интернаты | |||
Күні: 27.11.2019ж | Мұғалімнің аты-жөні: Шамаханова Ж.Е | |||
Сынып: 2 «А» | Қатысқан: | Қатыспағандар: | ||
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары | 2.4.3.2 сахнада бағдарлау,ертегілерді сахналау:«Үйшік», «Бауырсақ», «Шалқан» | |||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар білуге тиісті:
Ертегі мазмұнын білетін болады. Ертегі кейіпкерлерін суреттей алатын болады. Өз ой пікірін жеткізе білуге, өзін-өзі бағалай білуге машықтанатын болады.
|
|||
Оқушылардың көпшілігі: Ертегінің мазмұнын біледі | ||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады:
Бауырсақ ертегісінің қойылымын көрсету арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. |
|||
Бастапқы білім | ||||
Жоспар | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгін ерекше күн, бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.
Шаттық шеңбері. Қуанамыз, біргеміз, Бөлінбейді іргеміз. Аясында достықтың, Бір жүреміз күнде біз!
– Сендер жақсы сөздер айтқанды жақсы көресіңдер ме? Ал енді, бір-бірімізге жақсы сөздер айтайық. (Балалар алақандары арқылы бір-біріне жылы сөздерін жеткізеді.) Балалар шеңбер бойында тұрады. – Балалар жарайсыңдар! – Енді орнымызға отырайық. (Балалар орындарына отырады) Балалар қане есімізге түсіріп көрейікші, ертегілердің басы қалай басталады?
Балалар: «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де», «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір тұрыпты т. б
– Ал балалар ертегі әлеміне саяхат жасайық. Бүгін қандай ертегіні тамашалайтындарыңды білу үшін сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. 1. Өзі қу, жүрген жері айқай – шу. (түлкі) 2. Далада жүр шапқылап, керемет тым саққұлақ, Тек есектен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян) 3. Ит сияқты пішіні, ұнатпайды ол кісіні. (қасқыр) 4. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. (аю) 5. Өзі қып-қызыл болып піседі Күнге ұқсас келеді. (бауырсақ)
– Сонымен балалар, бұл кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі екен? -Ертегіні қалай айтамыз?
І.Жаңа сабақ – Біз бүгінгі сабақта ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз. Балалар ертегі не жайында?
Видео ролик: https://youtu.be/xoGC6XAm7_A |
Оқушылар айтады.
|
||
Сабақтың орта
Көз жаттығулары
Сергіту сәті
Сабақтың соңы |
Құрметті қонақтар! Сіздер оқушылардың қиялынан туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалайсыздар.
Балалар ертегіде Бауырсақ ең бірінші қандай кейіпкерге кездеседі.
Қоян тапсырмасы: Мен қоянмын қоянмын Сәбіз жесем тойамын Қасқырдан қорқамын Бауырсақ көрсем жеп қойамын Балалар мен сендерге сұрақ қойамын сұрақты дәл тапсаңдар бауырсақты жемеймін. Балалар сендерге сұрақ мен қандай көкөністі жақсы көремін. Балалар сәбіздің көлемі неге ұқсайды? (үшбұрыш) Балалар онда сиқырлы сәбіздің тапсырмасын орындайық.
Жылдың қай мезгілі.? – Күз айларын ата. – Күздегі мерекелерді ата. 1 қыркүйек- Білім күні, 22 қыркүйек – Тілдер мерекесі, ұстаздар мерекесі, қарттар күні т.б.
Көздің қарашығымен оңға(солға), жоғары(төмен) басты бұрмай қараймыз. Көзді барынша бұру керек. 2. Көздің қарашығын сағат тілімен және сағат тіліне қарсыбағытта айналдырамыз. Одан кейін көзді жұмып осылай жасаймыз. 3. Тік отырып айналады ең алыс нүктеге қарап бірден ең жақын нүктеге қараймыз басты бұрмай 4. Көздің қарашығымен ауада”8″ санын саламыз. Сан неғұрлым жақсы салынса соғұрлым жақсы
Қасқырдың тапсырмасы: «Төртінші артықты» Мақсаты: Ойлау,есте сақта қабілетін,зейінін дамыту. Шарты: Төрт суреті бар карточкалар таратылады.Сол суреттердің арасынан төртінші артығын сызу.
Аюдың тапсырмасы: Балаларға ертегі кейіпкерлерінің бөлшектерінің суреттері таратылады.
Түлкі тапсырмасы:
Қонаққа бауырсақ келеді. Рахмет айтып сыйлық таратады. Сабақты пысықтау сұрақтары: Балалар бүгінгі көңіл күйіміз қалай? – Балалар ертегі сендерге ұнадыма ? Ертегінің мазмұны не жайында екен ? |
|