ЗАТТЫҚ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОҚЫТУ Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін оқу бағдарламасы
Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны
- Ауызша сөйлеу тілін естіп қабылдау және айту:
1) оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты сөйлеу тілі материалын естіп қабылдау: Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дұрыс пайдалану. Дұрыс тембрді сақтай отырып дауыс жоғарлығын, күшін дұрыс дамыту;
2) сөйлеу тілі материалы: Қазір қай сабақ? Сендер сабақта не істейсіңдер? Бір сапқа тұрындар. Мына әуенге жүреміз (адымдаймыз, жүгіреміз). Мына әуенге не істейсіңдер? Мен қалай ойнаймын? (қаты, жай). Сендер қандай дыбыс естіп тұрсында? (жоғары, төмен);
3) жеңіл мәтінді өлеңдерді естіп қабылдау;
4) қолданылатын сөздер мен сөйлемдерді біртіндеп ұлғайту;
5) дауыс күшін қаттыдан жайға дейін өзгерту.
- Музыкалық пьессаларды қабылдау және айту (жаңғырту):
1) дауыстап, бәсең музыканы естіп қабылдау. Үш түрлі әуенді естіп қабылдауы арқылы ажырату. «ДО, ЛЯ» диапазонында ән салу. Қатты дауыспен берілген музыканы тез, жай, баяу, музыка темпін қабылдап, ажырату. Вокалды жаттығуларды пайдалану. Мазмұны бойынша жеңіл әндерді естіп қабылдау. Әндерді тану. Дұрыс тынысты сақтау;
2) шуыл аспаптарда ойнау:
аккордеон, даңғыра, маракас, сылдырмақта ойнау; шулы оркестр құрастырып ойнай алу;
музыканың екпінін қол соғумен көрсетіп, қайталау;
3) музыканы тыңдау:
әртүрлі музыкалық шығармалармен танысу;
оларды педагог орындауында және үн таспадан тыңдау;
шығарма мазмұнын және сипатын ажырату.
- Музыкалы-ырғақты қимыл-қозғалыс:
1) музыка ырғағымен қимылдарды орындату: педагогтың музыкалық сүйемелдеуімен гимнастикалық және би қимылдарын сезіну және дұрыс орындау;
2) қарапайым гимнастикалық қимыл қозғалыстарды игеру (еңкею, басты әр-түрлі бағытта бұру). Қолды еркін ұстап кең адымдап жүру; бір-бірлеп бірінің артынан бірі жүру; бөлме ішінде шашырап, ирелендеп жүру;
3) екі қолды желкеге ұстап жоғары созылу; екі қолды иыққа қойып, шынтақты айналдыру; қолды кеуде алдына ұстап тік тұрып, кеудені оңға, солға бұрып артқа серпу; қолды екі жаққа көтеріп, алға, артқа бірдей айналдыру; басты оңға, солға жай айналдырып бұру; кеудені оңға-солға бұру; еңкейіп, шалқайып оңға, солға бұру жаттығуларын орындау;
4) музыкалық ойындар.
- Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
- Ауызша сөйлеу тілін естіп қабылдау және айту:
1) оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты сөйлеу тілі материалын естіп қабылдау: Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дұрыс пайдалану. Дұрыс тембрді сақтай отырып дауыс жоғарлығын, күшін дұрыс дамыту;
2) сөйлеу тілі материалын (сөз, сөз тіркестері, фразалар, өлең сөздері) дұрыс дауыс жоғарылығы, күші, тембрінде бірге айту. Дауыс күші (жай-қатты, жай-қаттырақ-қатты); дауыс жоғарылығы (жоғары, орташа, және төменгі регистрде); сөйлеу тілі темпі (тез-баяу, баяу-тезірек-тез); әр-түрлі ырғақтарды, сөз тіркестерін, сөздерді, ән мәтіндерін тақылдату арқылы жаңғырту;
3) оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған шағын әндердің мәтінін, сөйлеу тілі материалын естіп қабылдау. Мысалы: ирелектеп жүріңдер, адымдап, қазақ халық билері, жылдамдатылған темп; мен төменгі (орташа, жоғарғы) регистрдегі дыбыстарды естіп тұрмын. Вальс, қамажай, марш әуені естіледі.
- Музыкалық пьессаларды қабылдау және айту (жаңғырту):
1) музыкалық ертегілерді тындау, шығарманың қысқаша мазмұнымен таныстыру. Өтілген шығармалардың үш немесе бес фрагментінен таңдап ажырату. Олардың сипатын анықтау;
2) нота ретімен және атауларымен таныстыру. Әр-түрлі буындарды әндету: ма-мо-му-мэ-ми. Қысқаша ән шумақтарын айту;
3) шуыл аспаптарын және жатталған әндердің ырғақтарын естіп қабылдау және жаңғырту. Қазақ ұлттық аспаптарымен танысу: домбыра, кепшік, жетіген, қобыз т.б.;
4) басқа ұлттардың әндерін естіп қабылдау. Музыканың негізгі салаларымен танысу (ән, би, марш). Әнші, ән салушы, тыңдарман, композитор түсініктерімен таныстыру.
- Музыкалы-ырғақты қимыл-қозғалыс:
1) музыка ырғағымен қимылдарды орындату: үлкен және кішкене адымдармен жүру. Қолды еркін ұстап кең адымдап жүру; бір-бірлеп бірінің артынан бірі жүру; бөлме ішінде шашырап, ирелеңдеп жүру; екі қолды желкеге ұстап жоғары созылу; екі қолды иыққа қойып, шынтақты айналдыру; қолды кеуде алдына ұстап тік тұрып, кеудені оңға, солға бұрып артқа серпу; қолды екі жаққа көтеріп, алға, артқа бірдей айналдыру; басты оңға, солға жай айналдырып бұру; кеудені оңға-солға бұру; еңкейіп, шалқайып оңға, солға бұру жаттығуларын орындау;
2) музыкалық ойындар;
3) дене сымбаттылығын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар;
4) аяқ бұлшық еттеріне бағытталған жаттығулар;
5) би қимылдары; би элементтерін жаттау.
- Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны
- Ауызша сөйлеу тілін естіп қабылдау және айту:
1) оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты сөйлеу тілі материалын естіп қабылдау: Муғалімнің сөйлеу тіліндегі интонациямен айтылған сөздерді (қуанышты, көңілді, көңілсіз, сұрау және талап ету т.с.с.) естіп қабылдау және айту (жеке және мұғаліммен бірге);
2) оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған шағын әндердің мәтінін, сөйлеу тілі материалын естіп қабылдау;
3) сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дұрыс пайдалану. Дұрыс тембрді сақтай отырып дауыс жоғарлығын, күшін дұрыс қалыптастыру;
4) сөйлеу тілі материалы: Қандай аспапты естіп тұрсыңдар? Саған Арманның ойнағаны ұнады ма? Өте ұнады!.
- Музыкалық пьессаларды қабылдау және айту (жаңғырту):
1) шынайы, созыңқы, қалыпты дауыспен ән салу. Вокалды материалдарды пайдалану;
2) тындалған әндердің ырғағын естіп қабылдау және музыкалық ойыншықтарда ойнау. Шуыл аспаптарда ойнау;
3) мұғалім орындауындағы және үн таспалардағы музыкалық шығармалармен танысу. Олардың сипатын анықтау және т.б.
- Музыкалы-ырғақты қимыл-қозғалыс:
1) музыка ырғағымен қимылдарды орындату:сол аяқтан бастап жүру; жүруді отырп тұрумен алмастыру; тізені бүгіп отырып үлкен ара-қашықтықта сырғанақтап жүру. Музыка пейілін (байсалды, жеңіл, әсем) қимыл-қозғалыста көрсету сипатын үлкен және кішкене адымдармен жүру. Қолды еркін ұстап кең адымдап жүру; бір-бірлеп бірінің артынан бірі жүру; бөлме ішінде шашырап, ирелендеп жүру; екі қолды желкеге ұстап жоғары созылу; екі қолды иыққа қойып, шынтақты айналдыру; қолды кеуде алдына ұстап тік тұрып, кеудені оңға, солға бұрып артқа серпу; қолды екі жаққа көтеріп, алға, артқа бірдей айналдыру; басты оңға, солға жай айналдырып бұру; кеудені оңға-солға бұру; еңкейіп, шалқайып оңға, солға бұру жаттығуларын орындау;
2) музыкалық ойындар;
3) ырғақтық гимнастика бойынша кәзіргі ырғақтағы музыка сүйемелдеуімен жаттығуларды орындау.
- Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
- Ауызша сөйлеу тілін естіп қабылдау және айту:
1) оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты сөйлеу тілі материалын естіп қабылдау: Муғалімнің (сыныптастарының) сөйлеу тіліндегі өзгерістерді (қатты-жай, жай-қаттырақ-қатты, тез-баяу) естіп қабылдау және айту (жеке және мұғаліммен бірге);
2) оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған шағын әндердің мәтінін, сөйлеу тілі материалын естіп қабылдау;
3) сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дұрыс пайдалану;
4) берілген сөйлеу тілі материалын (тақпақ, өлең сөздерін) мәнерлеп айту.
- Музыкалық пьессаларды қабылдау және айту (жаңғырту):
1) бір тыныста шығару арқылы ДО-ДО диапазонында ән салу, шуыл аспаптардың сүйемелдеуімен қарапайым әуендерді орындау;
2) сипаты бойынша әр-түрлі музыкалық шығармалармен таныстыру. Қазақ композиторларының шығармаларымен таныстыру;
3) ырғақтық гимнастика бойынша кәзіргі ырғақтағы музыка сүйемелдеуімен жаттығуларды орындау.
- Музыкалы-ырғақты қимыл-қозғалыс: музыка ырғағымен қимылдарды орындату. Музыкалық ойындар. Ырғақтық гимнастика бойынша кәзіргі ырғақтағы музыка сүйемелдеуімен жаттығуларды орындау. Музыкалық сүйемелдеумен қимыл-қозғалыстарды еркін орындау. Денеге арналған жатттығулар? бұлшық еттерге бағытталған жаттығуларды орындау. Музыкалы-ырғақты қимыл-қозғалыстарды, жүрістерге байланысты (өкшемен жүру, секіріп жүру, отырып тұру, аяқ ұшында жүру) би қимылдарын орындау.
- Дайындық сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
- Пәндік нәтижелері. 0- сыныпты аяқтаған кезде оқушылар:
1) музыка сүйемелдеуімен жүріс және жүгіріс түрлерін орындай;
2) өз қимыл- қозғалыстарын музыкамен үйлестіре;
3) муызыка сүйемелдеуімен қарапайым би қимылдарын орындай;
4) қарапайым әуендердің сипатын анықтай (көнілді, көңілсіз әуен), шуыл аспаптарда қарапайым ырғақты әуендерді жаңғырта;
5) қарапайым әуендерді орындай білуі тиіс.
- 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
- Пәндік нәтижелері. 1- сыныпты аяқтаған кезде оқушылар:
1) музыка сүйемелдеуімен негізгі қимыл – қозғалыстарды орындай;
2) вокалды жаттығуларды үнді айта (қысылмай әндету);
3) дұрыс тыныс алуды сақтай отырып музыкалық фразаларды айта;
4) әндетуді бір уақытта бастап аяқтай;
5) фортепианоның сүйемелдеуімен жеңіл ырғақтарды дирижирлей;
6) сөйлеу тілі материалын, жатталған әндердің сөздерін естіп қабылдай және ажырата;
7) барлық сөйлеу тілі материалын анық айту білуі тиіс.
- 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
- Пәндік нәтижелері. 2- сыныпты аяқтаған кезде оқушылар:
1) музыка сүйемелдеуімен негізгі жүріс, жүгіріс және басқа да би, гимнастикалық қимыл түрлерін орындай;
2) біркелкі және баяулатылған темпті сақтай; музыка тоқтатылғаннан кейін де берілген темппен қимыл-қозғалысты жалғастыра;
3) әр-түрлі аспаптарды және әннің ұлттық сипатын естіп қабылдай және ажырата;
4) шуыл және музыкалық аспаптарда ойнай;
5) бірінші актавадығы ноталарды жоғары және төмен салып әндете білуі тиіс.
- 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
- Пәндік нәтижелері. 3- сыныпты аяқтаған кезде оқушылар:
1) музыка сүйемелдеуімен гимнастикалық жаттығуларды орындай;
2) жаттығуларды еркін орындай;
3) музыкалық үзінділерді естіп қабылдап оларды ажырата;
4) шуыл және музыкалық аспаптарда ойнай; бірінші актавадығы ноталарды жоғары және төмен салып әндете;
5) би қимылдарын еркін орындай;
6) сөйлеу тілі материалын мәнерлеп айту және естіп қабылдауы арқылы ажырата білуі тиіс.
- 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
- Пәндік нәтижелері. 4- сыныпты аяқтаған кезде оқушылар:
1) емін-еркін жүру, жүгіру, қозғалу, музыкалық үзіндінің ырғақтық суретін қимыл-қозғалыс арқылы көрсете;
2) хормен ән айту, сөйлеу тілі материалын бірге айту, сөйлеу тілі мәнерін сақтай;
3) шуыл және музыкалық аспаптарда ойнай; бірінші актавадығы ноталарды жоғары және төмен салып әндете;
4) би қимылдарын еркін орындай білу керек.
- Тұлғалық нәтижелер:
1) қоршаған ортадағы сұлулықты сезінгенінен;
2) Қазақстан музыка өнерінің жетістіктеріне мақтаныш сезімінің қалыптасқанынан;
3) музыка өнері мен адам өмірінің байланысын түсіне білетінінен;
4) сапалы мәдени талғамының дамығанынан;
5) өз көңіл күйімен сезімін білдіру үшін музыканы пайдалануынан көрініс табады.
- Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:
1) естіген шығармасына өзінің көңіл күйі мен әсерін білдіре алуымен;
2) мектеп, сынып өміріндегі қоғамдық мәдени жұмыстарда белсенділік танытуымен;
3) қосымша деректермен өз бетімен жұмыс жасай алуымен;
4) музыка өнері жайлы әңгіме жүргізе алуымен айқындалады.