Цифрландыру жүйесі “Al-Farabi university mart city”
Цифрландыру жүйесі «Al-Farabi university – smart city»
2017 жылы 1 желтоқсанда – елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Осы орайда елбасымыз Н.Назарбаев «Ғаламторға телмірген заманда ІТ технологияны мемлекет барынша қолдап қарапайым халыққа ілгері дамыған бағдарламаларды үйрету қажет» деген болатын. Бүгінде цифрландыру жүйесі білім ордаларында қалыптаса бастап, ақпараттық технологияларды игеру және оларды дамыту білім саласының басты бағыттарына айналды.
Осы орайда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сандық технологияларды қолдануды барынша қолға алған, және білім берудің цифрлік стратегиясын меңгеріп жатыр. Бұл стратегияның аты «Al-Farabi university smart city» деп аталады. Бұл стратегияның басты мақсаты жаңа технологияларды жиі қолдану арқылы мұғалімдермен студенттердің цифрлік мәдениетін өзгерту.
«Al-Farabi university smart city» жобасы елбасымыз Н.Назарбаевтың 2020 жылға қарай кем дегенде екі ЖОО ең үздік әлемдік рейтингтен көрінуі тиіс деген мемлекеттік тапсырманың әдіснамалық негізі болып табылады.
ҚазҰУ-дың ІТ мамандары әзірлеген «Универ 2.0» бағдарламалық кешені Қазақстан Республикасының ірі университеттеріне енгізілген және Майкрософт компаниясы тарапынан жоғары бағаланған. Бұл жүйе арқылы мұғалімдермен студенттер өздерінің сабақ кестесін көре алады, студенттердің емтихан кестесі, үлгерімі, сабаққа қатысу жиілігі, емтихан бағасы, студенттерге қажетті мәліметтер мен материалдар осы жүйеде автоматизацияланған және оны студенттер мен мұғалімдер кез-келген уақытта көре алады. Мұғалімдерге күнделікті әр студент жайлы мәлімет алып отыруға мүмкіндік береді.
Цифрлық жүйеге сәйкес студенттерді студенттер үйіне орналастыру да электронды жүйеге ауысқан. Сонымен қатар 3,5 миллиондық кітап қоры бар цифрлық кітапханада Әл-Фарабиге байланысты барлық кітаптар, диссертациялар мен авторефераттар және барлық оқулықтар толық цифрлық форматқа өткен.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистарнты:
Ержанова Балнұр