Адам.Қалай дұрыс тамақтану керек?
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2.Тірі табиғат |
Мектеп:№177 орта мектеп | |||||||||||||
Сынып: 1 | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 2.3.Адам.Қалай дұрыс тамақтану керек? | |||||||||||||
Оқу мақсаты | 1.2.3.3. Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықта | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындайды: | |||||||||||||
1.Берілген сурет бойынша тағам мен сусынды атайды;
2.Дұрыс тамақтану жолын біледі; 3.Ұлттық тағам мен сусын түрлерін ажыратады. |
||||||||||||||
Көптеген оқушылар орындайды: | ||||||||||||||
1. Пайдалы және зиянды тағам түрлерін бөліп көрсетеді;
2.Пирамида сатысына тағамның реттілігін орналастырады . |
||||||||||||||
Кейбір оқушылар орындайды: | ||||||||||||||
1.Адамның денсаулығына қажетті тағамның маңыздылығы туралы өз ой – пікірлерін білдіреді. | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | – Адамның өсіп-дамуына қажетті жағдайларды атайды;
– Дұрыс тамақтану пирамидасын құрастырады.
|
|||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Негізгі сөздер мен тіркестер:
– пайдалы тағам, тамақтану пирамидасы, Пайдалы,зиянды тағамдарды «+», «- таңбаларымен белгілейді,пайдалы тағамдарды бояйды; Талқылауға арналған сұрақтар: – Адамдар не үшін тамақтанады? – Дұрыс тамақтануды қалай түсінесің ? – Балалардың дені сау болып өсуі үшін қандай тағамдар қажет ? – Адам ағзасына қандай пайдалы тағамдарды білесің? Адамда күніне неше мезгіл тамақтану керек? |
|||||||||||||
Құндылықтарды баулу | Сын тұрғысынан ойлау, жұмыс барысында өзара сыйластық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану,сауат ашу
|
|||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||
Бастапқы білім | Тағамдар мен сусындарды ажыратады.Сүт өнімдері, нан өнімдерін,жеміс – жидектерді атайды. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері 35 –минут | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 4 мин
Сабақтың ортасы 26 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар шеңбер бойына орналасады. Психологиялық дайындық жүргізу. «Көңіл – күй жаттығуы» Көңіл күй көтеру үлкен өнер. Иә балалар -Қанекей көңіл – күйлерің қалай? Керемет!(қолдарын көтереді) -Сабаққа дайындықтарың қалай? Тамаша! (алақандарын шапалақтайды) О-О-О (бас бармақтарын көрсетеді)
Ұжымдық жұмыс «Дастархан» тақырыбы аясында сурет бойынша сыныптағы оқушылары әңгімелейді Оқушылардың назарын суретке аударып, суретке қарап, сөздер айтуды ұсыну .Суреттегі барлық тағам түрлерін атайды ( шұжық, қазы, бауырсақтар, шелпектер, жаңғақтар, жеміс-жидектер)Ұлттық құндылықтарды сақтай отырып дастархан басының ережесін атап өту .(Үлкендерді сыйлап төрден орын беру, тамақты бірінші үлкен бастау керек) Балалар дастарханнан тағы қандай тағамды байқадыңыздар?(Саумал) Саумал дегеннің не екенін білесіңдер ме? ( Саумал – биенің жаңа сауылған сүті.Оның көптеген пайдалы қасиеттері бар.) Кері байланыс: – Суреттен не көріп тұрсыңдар? – Суретте кімдер бейнеленген? – Дастарханда қандай тағамдар тұр? – Дастархан басында қандай ережелерді ұстану керек? – Суреттегі адамдар қандай іс-әрекет жасап жатыр? – Адамдар не үшін тамақтанады? – Қалай дұрыс тамақтану керек? – Адам күніне неше мезгіл тамақтанады? Бағалау: Мадақтау.Жарайсыңдар! Топқа бөлу. Суреттер арқылы топқа бөлу. Азық-түлік суреттерін таңдау арқылы сынып төрт топқа бөлінеді.Оқушыларға сүт,нан,жеміс өнімдерінен жасалған тағам суреттері таратылады.Оқушылар алған суреттердегі тағамдар қай өнімнен жасалғандығы туралы айтып,сол өнімдер бойынша топтасады. Сүт өнімдері: айран,шұбат,қымыз,құрт,ірімшік,май,сүзбе Нан өнімдері: тоқаш,печенье,батон,тандыр нан; Жеміс өнімдері: шырын,тосап,компот,мармелад,джем,павидло 1- топ «Сүт өнімдері» 2- топ «Нан өнімдері» 3- топ «Жемістер» Топтық жұмыс 1-топ «Пайдалы тағам» Қай мезгілде қандай тағамдар жеген дұрыс? Үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс, мысалы: 8.00 — таңғы ас, (11.00 — жеміс-жидек немесе шырын), 13.00 — түскі ас, 16.00 — бесіндік, 19.00 — кешкі ас.Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа және жеміс-жидек жеген дұрыс. Түскі асқа қайнатылған сиыр еті, тауық етімен қатар сүзбенің де құрамында тез қорытылатын ақуыз бар. Ал кешкі ас көгөніс, балықтан жасалған тағамдарды жеген пайдалы. Таңғы ас Түскі ас Кешкі ас 2-топ «Азық-түлік дүкенінде» Дүкеннен сатып алынған тағамдарды ұлттық көкөністер және жеміс – жидектер деп екі себепке бөліп салады. 3-топ Тамақтану пирамидасын құрастырады. Өзің жиі тұтынатын азық түлікті пирамида сатыларына қалай орналастырар едің?
– Дұрыс тамақтану адамның денсаулығына пайдалы. Әрдайым уақытылы тамақтану керек. Артық тамақ жеу — денсаулыққа зиян. Асты асықпай, жақсылап шайнау қажет. Ғалымдар адамның денсаулығына пайдалы азық-түлікті көрсету үшін тамақтану пирамидасын ойлап тапты.
|
Суреттер
Сүт,нан, батон,айран- ның суреттері
|
||||||||||||
|
Кері байланыс: – Адам күніне неше рет тамақтану керек? – Сенің ағзаңа тамақтың қандай пайдасы бар деп ойлайсың? – Тағамды пайдаланар кезде қандай тазалық ережесін ұстанасың?
Бағалау.Топтар бір – бірін «Сендвич» әдісі арқылы бағалайды. Бір ұсыныс ,бір жетістік,бір кемшілік айту арқылы бағалайды.
Сергіту сәті Оқушылар барлығы орнынан тұрып бірге хормен айтады. Тамақ ішер алдында, Сөйлемейміз,күлмейміз. Астан басқа өзгені, Елемейміз,білмейміз Жұптық жұмыс: «Әжеңе көмектес» Тек қана пайдалы азық –түліктерден дайындалған тағамдарды жұбымен бояйды. Кері байланыс: – Дастарханда адам ағзасына пайдалы қандай тағамдарды білесің? – Ұлттық тағам түрлерін ата? – Сусын түрлерін ата? Бағалау. «От шашу» әдісі арқылы жұпта бірін – бірі бағалау
|
|
||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин
|
Жеке жұмыс
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: Бағалау критерийі: -Адамның өсіп дамуына қажетті жағдайларды атайды; -Дұрыс тамақтану пирамидасын құрастырады. Ойлау дағдыларының деңгейі: білу және түсіну, қолдану. Тапсырма- 1 Адамға пайдалы тағамдардың тұсына «+» белгісін, ал зиянды тағамдардың тұсына «-» белгісін қойыңыз. Адамның өсуі үшін тамақтанудың пайдасы туралы әңгімелеу.Қай тағам адам ағзасына пайдалы, қайсысы зиянды екенін айтып өтеді. Дескриптор: – – адам ағзасына пайдалы тағамдарды белгілейді; – – адам ағзасына зиянды тағамдарды анықтайды; – – адам үшін тамақтанудың пайдасын түсіндіреді. Тапсырма- 2 Өзің жиі тұтынатын азық – түлікті пирамида сатыларына орналастыр. Дескриптор: – Адамның өсуі мен дамуы үшін керекті қажеттіліктерді атайды; – Күнделікті тұтынатын азық – түлікті анықтайды; – Өзі жиі тұтынатын тағамдарды орналастырады. Кері байланыс: – Адамның өсіп – дамуына не қажет? – Өзің тұтынатын азық – түліктерді не себепті ұнатасың?
Рефлексия – Қалай дұрыс тамақтану керек? – Қай уақытта тамақтанған дұрыс? – Қандай тағамдар адам ағзасына пайдалы?
Маған сабақ ұнады.Тақырыпты меңгердім
Тақырыпты түсіндім,кейбір жерде қиналдым. Сабақ маған түсініксіз болды.
|
|||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||
Саралау –
|
Бағалау – | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар үшін:
Сурет бойынша адамның өсуі мен дамуына әсер ететін қажеттіліктер туралы әңгімелеу. Қабілеті төмен оқушылар үшін: Сурет бойынша пайдалы және зиянды тағамдарды салыстыр.
|
Мадақтау.Жарайсыңдар!
«Сэндвич» «От шашу»
|
Белсенді тапсырма орындау барысында парта ұшынан сақтану, жазылым кезінде қалам ұшынан сақтану, АКТ қолданғанда электр тоғынан сақтану. |