Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6.4

Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы

 

Күні:

Сынып: 6 «А»

 

Мектеп:28

Мұғалімнің аты-жөні:Кожабекова Г.А.

Қатысқан оқушылар  саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

 

Сабақтың тақырыбы

 

 

Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі.

Зерттеу сұрағы: Неліктен А. Левшин Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады?

Осы сабаққа қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.1.10 қазақ  хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Сабақ  мақсаты:

 

  Барлығы:  Қазақ тарихындағы құдіретті саясаткер және көреген мемлекет қайраткері Тәуке ханның халқына сіңірген  еңбегін бағалайды.

Көпшілігі :  Қазақ хандығының Тәуке хан тұсындағы ішкі – сыртқы саясаты, көрші елдермен қарым – қатынасы туралы деректермен танысады.

 Кейбірі:  Тәуке хан туралы  қосымша мәліметтерді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау  критерийі Тауке  ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды, ішкі және сыртқы саясатын талдайды.
Тілдік мақсаттар Негізгі ұғымдар мен терминдер: «Жеті жарғы», құрылтай,шекаралық сауда,орыс-қазақ келіссөздері, қоғамдық-құқықтық жүйесі,саясат.
Құндылықтарға баулу  Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік,құрмет,ынтымақтастық,ашықтық.
Пәнаралық байланыс География, дүниежүзі тарихы,Адам.Қоғам.Құқық.
Алдыңғы оқу Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қарсылығы.
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері : Ресурстар
Сабақтың басы

 

10  минут

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесіп, түрлі түсті асықтар арқылы 3 топқа біріктіру.Топ аттарына байланысты топ мүшелері түсінік береді.(Ханталапай,көкпар,бәйге)

« Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де .
Қуанайық достарым
Арайлап атқан әр күнге»  өлең шумағы арқылы психологиялық тренингі.Мақсаты сабақ басында бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлау.

 

Алдыңғы тақырыптан алған білімдерін еске түсіріп,пысықтау мақсатында   «Ғажайып табло»  әдісін қолданамын.

ҚБ: құттықтау хаттары арқылы

Кері байланыс: «Екі жұлдыз,бір тілек»

Жаңа тақырыпты бастау үшін: «Жұмбақ хат» тәсілін қолданамын.

Бұл ханның билігі қазақтардың барлық үш жүзіне тарады.Ханның билік еткен кезеңі қазақ хандығының «Алтын ғасыры» және « Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман »  деп аталады. Ол үш жүздің басын қосып  Күлтөбеде құрылтай өткізді . Бұл хан XVII ғасырдың соңы мен  XVIII ғасырдың басында билік етті.Хан ұлы билер Төле,Әйтеке ,Қазыбектермен келісе отырып заңдар жинағын жасады.Бұл қай хан?Оқушылардың жауабынан кейін «Тауке хан» туралы бейнетаспа көрсетіледі.

Интерактивті тақта.Топқа біріктіруге арналған түрлі түсті асықтар.

 

 

Слайд ,сұрақтар мен жауаптар

 

 

 

 

«Тауке хан» туралы бейнетаспа

Сабақтың ортасы

 

12 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 минут

1-тапсырма . « Әңгіме –дебат» әдісі арқылы.Әр топ өздеріне берілген мәтінді оқып түсінеді.

Оқуға 3 минут уақыт беріледі.Әр топқа қорғауға үщ минут беріледі

1.Тәуке ханның шығу тегі мен жеке басына сипаттама.

2.Тәуке ханның ішкі саясаты.

3.Тәуке ханның сыртқы саясаты

  Әз-Тәуке хан немесе Мұхаммед Батырхан (1626-1718 жж.) деп те аталады, Есім ханның немересі, Салқам Жәңгір атанған Жәңгір ханның ұлы. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған және бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет болды.  Тәуке ханның үш жүзге және Қырғыз бен Қарақалпаққа да билігі жүрген. Тәуке хан тұсында Сыр бойында Қазақтың 32 қаласы болған. Қысқы Ордасын Тәуке Хан Түркістан қаласына орналастырды. Жазғы Ордасы қазіргі Астана қаласына таяу жерде болған. Халық зердесінде қалған аңыздар бойынша да Тәуке хан билік жүргізген заман ең бір өркендеген «Алтын ғасыр» ретінде қалды. Тәуке ханның билік құру кезеңі    1680-1718 жылдар. Яғни, қазақ даласында отыз жылға жуық хандық  билік құрған. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған.Ол көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды.

Дескрипторы:

1. Тәуке ханның шығу тегін анықтайды.

2.Жеке басына сипаттама  жасайды.

3.Тәуке ханның билікте жетістікке жету жолын табады

4.Жүздер арасындағы байланысты қалай ретке келтіргенін табады.

5.Тәуке ханның билігінің  тараған аймақтарын анықтайды.

6. «Жеті жарғы» заңдар жинағының құрылымымен таныстырады.

7.Қазақтар мен ойраттардың ара қатынасы туралы айтады.

8.Қазақстанның Ресеймен жақындасу себебін анықтайды.

9.Қазақ хандығы мен Жоңғарияның арасындағы күрес туралы баяндайды.

ҚБ:құттықтау хаттары арқылы

Кері байланыс: «Екі жұлдыз,бір тілек»

 

2-тапсырма. «Жокей мен ат» (Авторы А.Каменский). Бұл интербелсенді әдіс бойынша  оқушыларға сұрақтар мен жауаптар таратылып беріледі. Сұрақ алған оқушылар  «жокейлер» , ал жауап  алған оқушылар «аттар» деп есептеледі.Оқушылар сұрақтар мен олардың дұрыс жауаптарын табулары тиіс.

Тәуке ханның Қазақстан тарихындағы рөлі.

1.Төле би.

2.Қазыбек би

3. Әйтеке би

Ұлы билер өміріне саяхат
Төле би Әлібекұлы- 1663 – 1756 жж. өмір сүрген;
– Ұлы жүздің төбе биі;
– Жамбыл облысы Шу ауданы,  Жайсаң жайлауында дүниеге келген;
– Дулат Тайпасының жаныс руынан;

– 15 жасынан билік іске араласқан;
– Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер;
– Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кенесінің мүшесі;
-«Жеті жарғы» заңын жасаушылардың көрнекті өкілі;
-«Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атанған.

Өгізді өрге салма – қанатың талар,
Наданға көзіңді салма – сағың сынар.
Досыңа өтірік айтпа – сенімің кетер,
Дұшпанға сырыңды айтпа – түбіңе жетер.
Қазыбек би Келдібекұлы  – 1667 – 1764 жж. өмір сүрді. Сырдария бойында дүниеге келген.
– Орта жүздің биі. Арғын тайпасының қаракесек руынан.
– Қазақ хандарының ақылшысы, елші – мәмілегер, дипломат.
– Жоңғар хандығына елшілік, мәмілегерлік жолмен үш рет барған.
– Асқан шешен, ел басқарған, дау – жанжалды шешкен.

Үй жанында биік төбең болса,
Ол ерттеулі аттан кем емес.
Отбасында білгір қартың болса,
Ол жазылған хаттан кем емес.

Әйтеке би (Айтық) Байбекұлы – 1682 – 1766жж. өмір сүрген. Кіші жүздің биі.

– Атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы;
– Әлем тайпасының Төртқара руынан шыққан
– Аты аңызға айналған ақыл – ой алыптарының бірі.
– 12 жасына дейін әкесі Ақшаханнын тәрбиесінде болып, ел басқару мен әскери өнерді меңгерген.-  Бұхар мен Самарқанд медреселерінде араб – парсы тілдерін үйренген.
Бай болсаң, халыққа пайдан тисін,
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.
Бай болып пайдаң тимесе,
Батыр болып найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйін күйсін!

Оқушылар сұрақтар мен олардың дұрыс жауаптарын сәйкестендіріп парақшаға жапсырады ,жұптық жұмысты көрсетеді.

 

Бидің қай жүзден екенін анықта  
Жеке басына тән қасиетін тап  
Халық арасында несімен танымал болды  
Қандай тарихи оқиғалардың орындалуына өз септігін тигізді?  
Жоңғарларға қарсы әскери одақ құрылуына себепші бола алды ма?  
Қандай қорытынды шығара аламыз  

 

Дескрипторы:

-Әр оқушы өзіне берілген сұрақтың дұрыс жауабын табады,

– Әр оқушы  берілген жауаптың өз сұрағын табады.

 

ҚБ: құттықтау хаттары арқылы

Кері байланыс: «Екі жұлдыз,бір тілек»

Интербелсенді тақта

 

 

Карточкаларға жазылған сұрақтар ,жауаптар

 

 

Оқулық,мәтін. «Атамұра»2018ж.Тәуке хан (1680-1715/18 жылдар)тұсындағы қазақ хандығы189-190бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық,мәтін. «Атамұра»2018ж.Тәуке хан (1680-1715/18 жылдар)тұсындағы қазақ хандығы191-192бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ватман,сұрақтар мен жауаптар.

Сабақтың соңы

6  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

«Серпілген сауал» тәсілі.

Осы тәсіл бойынша оқушылар бір-біріне допты лақтыра отырып,тақырып бойынша сұрақтар қойып,жауаптарын өздіктерінен толықтырып,нақтылауға мүмкіндік алады.

 

Қорытынды: «Екі жұлдыз,бір тілек».(Әр топ оқушылары өзге топ мүшелерінің белсенділігі, айтқан жауабы туралы пікірлерін айтып ұсыныс жасайды).

 

Үй тапсырмасы: Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі.

 

Кері байланыс: Оқушыларға қызыл, сары, жасыл түсті карточкалар таратып беру.

Жасыл-маған бәрі түсінікті, мен керемет сезімдемін.

Сары –сабақ түсінікті болды.

Қызыл-қобалжу бар.

 

Бүгінгі сабақтың оқушыларға қаншалықты түсінікті болғандығын анықтау мақсатында оларға өз карточкаларын көтеруді ұсынамын.

 

Қызыл,жасыл,

сары түсті карточкалар,доп

 

 

 

 

 

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

 

Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

1-«Әңгіме -дебат» әдісін тапсырма тәсілімен саралап сұраймын.Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда мәтінді жылдам меңгереді.Сондықтан сұрақтарды оқушылардың білім деңгейіне қарай қоямын.

2-тапсырманы дереккөздер тәсілі бойынша саралаймын.

Дереккөздермен танысып, сұрақтарға дұрыс жауап табу.

Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

ҚБ: құттықтау хаттары арқылы оқушылар үнемі бағаланып отырады.

Оқушының материалды игеру деңгейін бағалау критериіне сай құрылған дескрипторлар арқылы тексеріп отырамын.

 

 

 

 
Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *