Көңілді ноталар

Қызылорда қаласы Қармақшы ауданы

№3 «Ертөстік» бөбекжай-бақша

Музыка жетекшісі:  Жалғасбаева Нұризат

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Көңілді ноталар»
Мақсаты:
Музыкалық ойындар арқылы балалардың денсаулығын, шығармашылығын нығайту. Музыканы мұқият тыңдай отырып ести білуге, ырғақтарды айыра білуге үйрету. Музыкаға әсерлену, дыбыс жоғарылығын ажырату қабілетін дамыту. Музыкалық ойындар арқылы музыкаға қызығушылықтарын арттыру.  Әуенді ноталарды түстеріне байланысты ажырата білуге үйрету.              

Музыкалық репертуар: В.Тюльканов — «Марш»
«Сәлемдесу жаттығуы” Г.Абдарахманова,   Н.Шахина. “Қандай ырғақ” 

Іс – әрекет кезеңдері Педагогтың  іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Балалар музыка залына марш екпінімен кіреді.

Амандасу.

Шеңберде марш екпінмен қимылды қозғалыс жасату.

Сәлеметсіздер ме балалар?

Балалар, біздер музыкалық оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын музыканы тыңдау үшін құлағымызға жаттығу жасаймыз.

Мұрынмен дем алып, сол демді үнемді түрде қолымыздағы гүлді үрлеу арқылы сыртқа шығара отырып үрлейміз.

Енді балалар дауыс жаттығуларын жасаймыз.

Ля Ля ЛЯ ЛЯ Ля Ля ля

Ля Ля ЛЯ ЛЯ Ля Ля ля

Ми МИ ми ми ми ми ми

Ми МИ ми ми ми ми ми

Жарасып тұр сәніміз,

Ән шырқайық бәріміз.

Естіген жұрт таң қалсын,

Әдемі ән шырқалсын.

Балалар музыка залына марш екпінімен музыканы тыңдай отыра кіреді.

Музыка әуені арқылы

жетекшімен қонақтармен

амандасты

Сәлеметсізбе апай!

Тыныс алу жаттығуларын жасау.

Ұйымдастыру

шылық-ізденістік

Балалар, менің қолымдағы суреттен ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

Кемпірқосақта неше түс бар.

Балалар,   біздің музыка әлемінде де 5 қара сызықтың бойында скрипка кілті 7 нотаның түсі осы түстермен белгіленеді

1-нота қызыл түс

2-нота қызғылт сары түс

3-нота сары түс

4-нота жасыл түс

5-көгілдір түс

6- көк түс

7- күлгін түс

 

Осы ноталар өздеріне сәйкес дыбысталады.

Ойын: «Ноталар үйіне конаққа барамыз» саусақ қимылдары арқылы ноталар үйіне моншақты орналастыру.

 

Балалар, кішкене отырып дем алайық.

Ойын : “Қандай ырғақ”  Мен сөзін айтамын, ал сендер аспаппен  ойнайсындар.

Данғыраны ұр қатты,
Дәл қайтала ырғақты.
Тоғайда көп тоқылдақ,
Үн естілді тоқылдап.
Тоқ тоқ тоқ,
Тоқ тоқ тоқ.
Данғыраны ұр қатты,
Дәл қайтала ырғақты.
Күн күркіреп жарқылдап,,
Бұршақ жауды сартылдап.
Сарт сарт сарт сарт,
Сарт сарт сарт сарт сарт.

Жарайсындар! Рахмет!

 

Әр нота түстермен белгіленген

«Көңілді ноталар» ойынын ойнайық. Бәріміз шеңбер құрып отырамыз, берілген түстерді ретімен қоямыз.

Әр балаға жеті нота салынған каптамалар беріледі, жетекші айтуымен орналастырады. Сонғы нота қойылған сон орындарынан тұрады.

Балалар, қарандаршы,біздің құрастырған түстерден ненің бейнесін көріп тұрмыз?

Енді балалар, осы түстерді, яғни ноталарды аяқ қимылы арқылы тауып алайық.

 

 

 

Кемпірқосақтың жеті түсі бар

 

 

 

 

 

Ноталар атын атау

 

 

 

Балалар ноталарды түстерімен орналастырады

Ойын шарты бойынша түсініп ойнайды.

Балалар шеңберде отырады.

Музыкалық ырғақтарды аспаптардың көмегімен ойнап көрсетеді.

 

 

 

 

 

Гүлдің,кемпірқосақтың,

Күннің.

Балалар жеті нотаны түстеріне қарай орналастырады.

Рефлексиялық –

түзетушілік

Жарайсыңдар балалар! Сендерге бүгінгі оқу әрекетіміз ұнады ма? Мен сендерге көңілді ноталар таратамын. Осы ноталар арқылы қонақтарға көңіл күйімізді көрсетейікші.

Марш екпінмен залдан шығып кету.

Балалар өз ойларын еркін жеткізу.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Нота туралы мағлұматтар беру.

Игереді: Әр түрлі ойындар арқылы ноталар дыбысын, түстерін нота сызықтарына орналастыруға үйрену.

Меңгереді: Нота туралы түсініктерді ұғына отырып, ойнау дағдылары қалыптасады.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *