“Ертегілер еліндегі Ғажайып математика”
Білім беру саласы : Таным.
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: “Ертегілер еліндегі Ғажайып математика”
Мақсаты: Білімдерін тиянақтау.
Білімділік Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып,ажырата білуін жетілдіру,қарапайым сан мен санаутүсініктерін қалыптастыру, апта күндерін
ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,математика, әлеуметтік орта, шығармашылық
Көрнекілігі: Фетр материалынан дайындалған геометриялық пішіндер, тура, кері санауға арналған сандар, санауға арналған қонжық маскалары, алма ағашының макеті, шығармашылық ойынға арналған пішіндер салынған кілемшелер,алманың муляжы,үйшік макеті,ертегі кейіпкерлері.
Сабақты ұйымдастыру:
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.
Амансыңба Алтын Күн»
Амансыңба, Жер Ана»
Амансыңба, достарым»
Сендерді көрсем қуанам.
Балаларға бір –бірінің алақандарынан ұстап жылы лебіздерін білдірту.
Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші: Қымбатты балалар,сендер қандай ертегі білесіңдер?
Балалар: Маша мен аю,түлкі мен ешкі, қасқыр мен қоян.
Тәрбиеші: Олай болса, Маша мен аю ертегісінің қойылымын тамашалаймыз!Балалар, бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып пішіндермен таныспақпыз.Ерте, ерте, ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке қыз өмір сүріпті,оның әдемі сарайы болыпты.Сол сарайда жалғыз тұрыпты. Жалғыз тұрып іші пысқан Маша былай деп армандайды:
Маша;:
О, шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой! Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім.
Осы кезде біреу есік қағады.
Аю: Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін.
Маша: Мен Машамын. Сен кімсің?
Аю: Мен Аюмын. Мен үшбұрыш ала келдім, сені таныстырайын, оның үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар. Ол тура сенің үйіңнің төбесіне ұқсайды.
Маша: А солай ма, мен білмеппін.Үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
1-тапсырма.Бір аптада неше күн бар?
Жауабы: Бір аптада жеті күн бар.
Дүйсенбіде доп ойнадым далада
Сейсенбіде серуен құрдым қалада
Сәрсенбіде сурет салдым сәндетіп
Бейсенбіде би биледім әндетіп
Жұма күні жидек тердім ағаштан
Сенбі күні кино көрдім клубтан
Жексенбіде үйде болдым дем алдым
Осылайша өте шықты бір апта.
Біздің балаларда апта күндерін айтып береді.
Маша:Жарайсың!Кіре ғой сарайға .
Бір кезде Қасқыр келеді.
Қасқыр: бұл сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын , сен кімсің?
Қасқыр: Мен қасқырмын.Менің қолымдағы төртбұрыш, оның төрт бұрышы , төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға ұқсайды.
Маша: Солай екен ғой, үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
2-тапсырма
1-ден 5-ке дейін тура, кері санап бер.
0 1 2 3 4 5 5 4 3 2 1 0
Тәрбиеші: Балаларға 1 ден 5 ке дейінгі сандарды таратып беріп сол балаларды тақтаға шығарып Қасқырға тура және кері санату.
Маша: Дұрыс, үйге кіре ғой
Ойын: Көршісін тап.
Ойын шарты: 1 ден 5 ке дейінгі сандардың көршілерін балалаардан сұрау.
-Балалар 2 санының көршісі қайсы?
-1мен 2 саны
-4 санының көршісі қайсы?
-3 пен 5 саны
-Дұрыс айасыңдар.
Қоян: Бұл әсем сарайда кім тұрады?
Маша:Мен Машамын, сен кімсің?
4.Қоян: Мен қоянмын,Мен саған таныстыруға дөңгелек әкелдім., оның бұрышы жоқ, допқа, күнге ұқсайды.
Маша:мм,қане маған берші,Үйге кіру үшін мына тапсырманы орындайсың.
3-тапсырма.
Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсаң
Қалады онда неше алма.
Қоян: 0 алма.
Маша: Дұрыс айтасын,кіре ғой.
Тәрбиеші:Балалар мен сендерге осындай есеп айтайын кім шешеді екен?
Төрт қонжық орманда
Келе жатты қорбандап
Біреуі шаршады
Әрмен қарай бармады.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар!
Осы кезде түлкі кіріп келеді.
Түлкі:Мына әсем сарайда кім тұрады?
Маша:Мен Машамын, сен кімсің?
Түлкі: Мен түлкімін.Менің қолымдағы шаршы пішіні.
Оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы тең
Маша: Солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында.
4-тапсырма.1-ден 5-ке дейін санамақ айтып бер
Данара:
Бір дегенің бесік,
Содан шықтық өстік.
Екі дегенің елім,
Өзен тауым көлім
Үш дегенім үміт,
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім төзім,
Төзе білім өзім
Бес дегенім бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Тәрбиеші:Жарайсың Түлкі.
5 Енді біздің балаларда санамақ білетін болар,қане кім айтып береді?
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста
Емін-еркін тыныста
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үшбұрыш сыз ауада
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.
Тәрбиеші: Енді балалар аңдарды ортаға шақырып отырғызайық.
5-тапсырма.Саусақпен санап үйренейік:
Бес кәмпитім көп еді,
Сараңдығым жоқ еді.
Бір кәмпитім атаға,
Бір кәмпитім әжеге,
Бір кәмпитім мамаға,
Бір кәмпитім папаға.
Өзімеде жете ме?
Қорытынды.
Тәрбиеші:Балалар пішіндер туралы тақпақтар айтайық:
1.Нұрбақыт: Пішіндерді үйрендім
Қабырғасы тік сайлы.
Үш бұрыш бұл үйлердің
Шатырына ұқсайды.
2.Анель: Бөлініп-ап екіге,
Отырған сәт шетінде.
Төртбұрышта ұқсайды
Үстелдердің бетіне.
6-тапсырма.Балаларға логикалық сұрақ:
Айгүлдің мамасы дүкеннен екі төртбұрышты доп сатып әкелді.Оның біреуін бөпесіне берді.Нешеуі қалды?
Сандар шығып тақпақтарын айтады:
1.Амерей: Мені білгін келсе,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.
2.Малика: Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағым.
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын.
3.Нұрсұлтан: Екіден соң әрқашан
Үш саны боп қаламын.
Қос мүйізі майысқан
Ұлттық ою саламын.
4.Ізбасар: Достар мені төрт дейді
Беске бірім жетпейді
Бірақ үшке ағамын
Жақсысымын бағаның
5Аяулым: Әр қолда саусақ бес-бестен
Шықпас тегін ол естен
Біліп санның шамасын
Мысал ойлап табасың.
7-тапсырма.Балаларға шығармашылық ойын : «кілемшені толтыр»
Тәрбиеші:
-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-Біздерге қонаққа нелер келді?
Маша: Сендермен бірге ойын ойнап, есеп шығарып ,көңілімді көтергендеріне қуаныштымын. Сіздерге ризамын.
Тәрбиеші:Балалар сіздерге машаның кәмпиті бар екен.
Балаларды Маша кәмпитпен мадақтайды.
Рольдегі балалармен таныстыру:
Маша-Сабина
Аю- Ерасыл
Қасқыр– Ердос
Қоян-Үміт.
Түлкі- Самат
Осымен бүгінгі «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» атты ұйымдасқан оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
Балалар: Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар геометриялық пішіндерді атап,ертегі кейіпкерлерін дұрыс атай білді,
Игеру керек: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту. Сандарды ажыратуды, кері тура санауды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді
игеру керек.
Меңгеру керек: Геометриялық пішіндерді ажыратуды, ертегі кейіпкерлерін шатаспай меңгергендері байқалады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718