Адамның ішкі сұлулығы
Пән: Өзін – өзі тану
Мұғалімнің аты-жөні: Симұханова Айгүл Орынғалиқызы
Сыныбы: 4
Тақырыбы: Адамның ішкі сұлулығы
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, ақкөңілділік, достық
Мақсаты: Оқушыларға адамның ішкі сұлулығының маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды бәрін жақсы көре білуге үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды ақкөңіл болуға тәрбиелеу. |
Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер) 1.bilim-all.kz 2.https://infourok.ru
|
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Жағымды күйге келу. «Менің қиялымдағы ғажап құс» жаттығуы Барлық тыңдаушыларға қағаздан ғажап –құстың фигурасын жасау ұсынылады. Бұл қиялдауға, бір нәрсе ойлап шығаруға үйретеді. Үй тапсырмасы. 1. №6 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №7, «Керексіз сұлулық» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: • Сыртқы сұлулық артық па, әлде ішкі сұлулық артық па? Неліктен? • Адамды әсем ететін сыртқы келбеті ме, әлде жақсы мінезі ме? Неліктен? • Адамды түр-әлпетіне қарап бағалаған дұрыс па, әлде адамшылығына қарап бағалаған дұрыс па? Неліктен? • Сырты сұлу сұлу ма, әлде іші сұлу сұлу ма? Неліктен? |
|
3. Сабақтың дәйексөзі.
Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар. Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері – Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар. |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Өсімдіктер мен кемпірқосақ
Баяғы заманда жер бетіндегі өсімдіктердің барлығы тек жасыл түсті болыпты. Бір күні қатты жаңбыр жауып, олар қуанып, асыр салады. Жаңбырдың қалай басылғанын да байқамайды. Жапырақтар бетінде жаңбыр тамшылары қалады. Тамшылар да өсімдіктермен бірге ойнағысы келгендей түрлі-түсті түске енеді. Дүние әдемі боп кетеді. Кенет өсімдіктер жаңбыр тамшыларынан әдемі біреудің өздерімен бірге күліп, ойнап, қуанғанын көреді. Оның сұлулығына таң қалады. — Сен кімсің? – деп сұрайды одан Алма. — Менің атым Кемпірқосақ, – дейді ол көзін қысып. — Сен жаңбыр суының ішіне қалай кіріп кеткенсің? – дейді Алма таңданысын жасыра алмай. — Мен жаңбыр суының ішінде емеспін, мен аспандамын, – дейді Кемпірқосақ. Аспанға қараған Алма тіпті таң қалады. — О-о-о, сен неткен сұлусың, Кемпірқосақ, мен де сен секілді сұлу болсам ғой, шіркін,- дейді қызығып. Алма мен Кемпірқосақтың әңгімесін естіген Қызанақ: — Мен де сұлу болсам ғой, – дейді. — Менің де сұлу болғымкеледі, – дейді Баклажан қалыспай. Сонда Кемпірқосақ: — Менің қай түсім ерекше ұнады саған? – депсұрайдыАлмадан. — Қызыл түсің, – дейдіАлма. — Онда мен саған қызыл түсімнен берейін, – дейді де Кемпір қосақ Алмаға қызыл түсінен сәуле шашады. Алма қып-қызыл нарттай боп кетеді. Ол қатты қуанады. Оны көрген Қызанақ: — Менің де қызыл болғым келеді, – дейді тағатсыздана. — Онда сен де қызыл бол, – деп Кемпірқосақ Қызанаққа да қызыл түсінен сәуле жібереді. Лезде Қызанақ та қып-қызыл боп қуанышқа бөленеді. Солсәт Баклажан: — Менің де қызыл болғым келеді, – дейді. Онда сен де қызыл бол, Баклажан, – депКемпірқосақоған да қызылтүсіненбөліпбереді. Бірақ Баклажанға қызыл түс ұнамай қалады. Ол: — Жоқ, менің қызыл түсті болғым келмейді. Маған көк түсің ұнап қалды, – дейді Кемпірқосаққа. Баклажанның мінезін ұнатпаған Кемпірқосақ: — Мен берген түсімді қайтала алмаймын. Мә, саған көктүс, – деп қызыл түстің үстіне көк түсін шашып жібереді. Баклажан қою көк түсті болып шыға келеді. — Қалай түсіңенді ұнады ма? – дейді оған Кемпірқосақ. Кемпірқосаққа ренжіп қалған Баклажан басын төмен қаратып бұртиып оған сөйлемей қояды. Жеміс-жидектер мен көкөністердіңбіріненкейінбіріәдемітүскееніпжатқанынкөргенҚияржапырағыныңарасынаншығаалмайбіразәурегетүседі. Дау Асқабақ маңғаз қалпы асықпай: — Менің сары болғым келеді, – дейді. — Сен сары бола ғой, Асқабағым, – деген Кемпірқосақ оған сары түсінен шашып жібереді. Сол сәт секіремін деп жапырақтарының арасынан сәл басы қылтиып көрініпқалған Қиярға сары түстің біртамшысы тамып кетеді. Лезде-ақ Қиярдың басындағы жап-жасыл гүлі сап-сары боп шыға келеді. Қуаныштан беті бал-бұл жанған Қияр отыра қап басындағы сары гүлін тамашалауға кіріседі. Ал Асқабаққа сары түс түгел жетпей, оның денесінде жасыл жолақтар қалып қояды. БірақАсқабаққа мына түсі де қатты ұнайды. Ол Кемпірқосаққа: — Рахмет саған Кемпірқосақ! Менің түсімдей түс ешбір өсімдікте жоқ-ау деймін. Мен осы түсіммен қаламын, – дейді жадырап. Бағанадан бері айналасындағы болып жатқан оқиғаға ұйқылы ояу қарап жатқан Қарбызға Асқабақтың түсі ұнап кетіп ұйқысы шайдай ашылады. Ол да қалыспай Кемпірқосақтан әдемі біртүсті сұрап алайын деп ұмтыла бергенде, Кемпірқосақ жоқ болып кетеді. Қарбыз жасыл күйінде қалады. Содан бері ол Кемпірқосақтың шығуын күтіп үнемі аспанға қарап жататын болыпты.
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1-тапсырма Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, нақыл сөздерді оқыңдар. Мағынасын түсініп алыңдар. Өнегелі болса, бала… . Қорқыт Ата Адам барлық жағынан да: түрі де, киімі де, жаны да, ойы да … болуы керек. Адамның асқан сұлулығы – оның … . Василий Сухомлинский Адамның ойы да, бойы да … . Ғабит Мүсірепов Сұлулық жақсы. Бірақ адамның ең алдымен, … сұлу болу керек. Сәкен Сейфуллин Қажетті сөздер: көркем, қарапайымдылығы, көрікті, жаны, сұлу. 5-тапсырма Күн шуақтарының ішінен өзіңнің бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді теріп жаз және оларды іс жүзінде қалай көрсетіп жүргеніңді айтып бер.
Сыпайылық, батылдық, кешірімділік, нәзіктік, әдептілік, кішіпейілділік, шыншылдық, еңбексүйгіштік. |
|
6. Топпен ән айту.
Мен әдепті баламын Өлеңін жазған Әбдірахман Асылбек Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев Мені үлкендер әдепті деп мақтайды, Мінезімнен теріс қылық таппайды. Ал, егер сен жалқау болсаң тілазар, Ондай әдет жақсылыққа жатпайды. Қайырмасы: Айтқан тілді аламын, Айтқан жерге барамын, Мен әдепті, Мен әдепті баламын. Тілін алып кішінің де кәрінің, Айтқанынан шығып жүрмін бәрінің. Ата-ананың айтқанынан шығуды, Әдептілік белгісі деп таныдым. Қайырмасы. |
|
7. Үй тапсырмасы.
1. №7 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №8, «Жақсы адам болғым келеді» мәтінін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |