« Ойна да ойлан демекші…»

« Ойна да ойлан демекші…»

№ 24 «Алма» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі.  Қ.А.Исаева

Қоршаған ортаны толық күйде  қабылдау қасиетін  қалыптастыруға  бағытталған  сенсорлық  тәрбие  дунемен  танысудың  негізіне  жаттады.

Табиғи, эстетикалық, заттың  тәрбиелеудің  жемісті болуы  баланың  сенсорлық  қабылдау  деңгейіне  тәуелді,яғни  қоршаған ортаны  анық есту,көру, сезінуіне  байланысты.  Баланың әр жастағы ерекшелігі  алдағы жүйке психикалық дамуына оң әсер етеді. Баланың жасы кіші болса оның сезіну тәжірибесі көп маңызға ие болады.Бала өзінің әр жас денгейінде қандай да болсын  әрекеттерді қабылдауда, сезінуде  ерекше сезімтал болып келеді.

Күнделікті өмір жағдайында ойнау барысында және еңбек етуде балалар құбылыстардың әр түрлі  қасиеттерін басқа қырынан  қабылдап,  танысады. Балалардың қандай да бір  затты сырттай біртұтас  қабылдау  қасиеттері жақсы дамыған. Мен әр  түрлі  мазмұндағы әрекеттер  барысында балаларға  Монтессори элементін  қолдана отырып, сенсорлық  тәрбиесін ескере отырып №24 « Алма» бөбекжай-бақшасының ІІ-сәбилер  тобында «Пысықтар әлемі» атты ашық оқу қызметын  ұйымдастырдым. Ондағы мақсатым  балалардың  танымды көзқарасын қалыптастыра отырып,  заттардың  айырмашылығы мен кемшіліктерін таба білуге , ойлау , есте ұзақ сақтау  қабілеттерін арттыра отырып, сұрақ қою арқылы тілдерін дамыту. Зат құралдарымен әрекет жасау  арқылы ұсақ қол маторикасын даму  жолдарын көрсету. Балалар заттарды көзбен  көре  отырып түр –түстерін, көлемін, пішіндерін  ажыратуды меңгерулері қажет. Балаларға  шынайы өмірде  қолданатын  заттармен  жұмыс  жасауларын үйрету басты мақсат.

   Балалар оқу қызметынде түрлі-түсті тұздарды  пайдалана отырып, саусақтарымен сурет салады, құмның ішінен түрлі-түсті  губкаларды елеп,  қысқыштармен қысып алып,  түстерін  ажыратады. Күнделікті  қолданатын  ыдыс-аяқтарды жуып, орындарына  жайғастырады. Ұсақ қол  маторикасын  қолдана  отырып  түрлі-түсті,кіші, үлкен түймелерді қадап, сырмаларын сыру, тесікке бау өткізу, түрлі-түсті моншақтардың  түстерін  ажыратып  орналастырады.

Балалар бұл  жұмысты  орындау арқылы өздерінің киімдерін киюге, түймесін қадауға, киімдерін ажырата  білуге, өз заттарын таза, ұқыпты ұстауға үйренеді. Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ маторикасының жақсы жетілуі мен  дамуы ол мидың және тілдің  жетілуімен  тікелей  байланысты.

   Қорытындылай келе, бала  өміріне  немқұрайлы  қарамай, балаға  қазіргі заман талабына сай, мағыналы білім берсек қана біздің  бүлдіршіндеріміздің  болашағы  жарқын болмақ. Осылайша біздің  бөбекжай-бақшамыздағы «Пысықтар әлемі» атты  оқу қызметы  қызықты болып өтті. Сөйтіп, балалар өз  беттерінше еркін  жұмыс жасай  алатындарын, біраз түсінік  алғандарын көрсетті.

 

                                             

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *