Өзге ұлт балаларының  сөздік  қорын дамытуда  жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі

Өзге ұлт балаларының  сөздік  қорын дамытуда  жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды. Жаңа технологияны, әдіс  – тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.
Балабақшадағы тәрбиелеу – оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде, балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып – балалардың сөздік қорларын дамытамыз; – жаңа сөздерді меңгертеміз; – үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отырамыз. Осы аталған міндеттерді мұғалім үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, жаттығулардың орны ерекше. Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.
Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті – сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі: Түсіндіру әдісі  – жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін   жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.

 

Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін  әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек .Жемістер-көкөністер тақырыптарын қозғаса, баланы осы тақырыптарға сай қазақ тілінде сөйлетіп үйрету оқыту үрдісін әлдеқайда жеңілдетеді. Мысалы бала ата-анасымен дүкенге барады, азық-түліктерді сатып алады, соның ішінде жемістер мен көкөністерде бар, сол туралы орысша әңгімелеп береді. Ал мұғалім орыс тілінде айтып берген әңгімесін қазақ тілінде айтып беруді сұрайды. Бала дүкеннен сатып алған жемістер, көкөністердің атауын қазақ тілінде еске түсіріп атап шығады.Тіл үйретуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу  арқылы бір – бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір  арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді.Диалог пен монологтың тіл үйренуші үшін маңызы зор. Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды  сурет бойынша, техникалық құра лдар  және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады.
Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілін жетілдіруде маңызы зор.
Балалардың ойын дамытуда тағы әдістің бір түрі, бұл- үстел үстіндегі мнемокесте. Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады. Үстел үсті мнемокесте басқа кестелерден ерекешелігі бала бұл кестені қолмен ұстап , көзбен көреді, жан – жақты таниды . Балаға өзі білген сөздерден және де өткен сабақтардан меңгерген сөздермен кесте бойынша сөз тіркестерін, сөйлемді құрастыруға қызықты. Олар мұны шын көңілдермен орындайды. Мысалы : «Отбасы»  тақырыбын өткен кезде ата, ана, әже, әке сөздерін меңгеретін болсақ, өткен сабақта білетін жақсы, жақсы көремін сөздері тағы бар, осыдан бала «анамды жақсы көремін», «менің атам жақсы»  деген сөз тіркесін лезде орындай алады, ал келесі сабақта басқа тақырыпты өткенде,  мысалы : «жемістер мен көкөністер» тақырыбын алатын болсақ , «атам алма жеді», «әжем қияр сатып алды» тағы сол сияқты сөз тіркестерін құрай алады. Осы аталған әдістердің барлығын айналып келгенде бүлдіршіндерге ойын түрінде жеткіземіз. Ойын ең басты элемент болып саналады. Дидактикалық ойындар – баланың ынтасын сабаққа  аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.  «Ойын – ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты». /В.М.Сухомлинский/.
Дидактикалық ойынның түрі : заттық дидактикалық ойын – бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады.
Ойын: «Сөз ойла». Мақсаты: өткен сабақта үйренген сөздерді қайталау, бекіту. Шарты: текшедегі суреттер арқылы сөз тіркестерін құрастыру. «Ойнайық та, ойлайық, ойлайық та сөйлейік». Ойынның барысы: шеңбердегі суреттерді таңдау арқылы сөйлем құрастырып, байланыстырып сөйлеу. Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері». Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Ойын шарты: тақырыпқа сай  түрлі-түсті суреттерді жапсыру арқылы бір мезгілдің көрінісін жасап шығару. Дидактикалық ойын: «Әңгімелеп бер». Тақырыпқа байланысты  байланыстырып сөйлеуді дамыту. Ойын шарты: балаларға тірек сызбалар  мен суреттер таратылып беріледі. Олар тақырыпқа сай байланыстырып сөйлем құрастыру қажет.

көремін.
Мен
жақсы

 

 

Орманда
бар.

 

 

 

 

бар

 

Сонымен қатар қазақ тілін үйретуде әдебиет жанырларын қолдана отырып балалардың тілдерін дамытуға болады. «Көркем сөзі бар болғырдың өзің орақпен орып күрекпен орып ала алмайсын: оны бір – бірлеп тересің, бір – бірлеп тізесің!»  ( Ғ. Мүсірепов)
Ұсынылатын ойын түрлері:
– «Көршімді іздеймін.»
–  «Адасқан сөздерді орнына қою»
– « Берілген сөздер бойынша мақал құрастыру»
– « Ребусты шешу »
Мысалы, мақал құрастыруға берілетін сөздер ата, ағаш, бала, жапырақ. Мақал: «Ата – ағаш, бала – жапырақ».  Балаларға мақалдардың мағынасын түсіндіру.
Сабағымда әр тақырыптарға байланысты сызба-схемаларды қолданамын. Сол
сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады.
Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады.
1.Қазақ тілі сабағында қолданылған  аудиокітаптар  балалардың қызығушылығын арттырады, қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға тілдерін жаттықтырады.
2. «Сөйлейтін кітаптар» арқылы  кітап бетіндегі сабаққа қажетті сөздерді,  шағын сөйлемдерді қайталап айту, сұраққа дұрыс жауап беруге үйретеді.
3.Үнтаспаны пайдалану арқылы аңдардың, құстардың, табиғат құбылыстарын  т.б. дыбыстарды ажырата білуге мүмкіндік береді.

  1. «Музыка немесе дыбыстармен жұмыс» мәзірінен арнайы әуендерді ойнату арқылы сабақты түрлендіруге, балалардың өнерге деген қызығушылығын дамытуға көп көмегін тигізеді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *