Манғыстау облысы, Бейнеу ауданы””Күйкен”бөбекжайы”МКҚК тақырыбы: “«Біз және табиғат» ” тәрбиеші: Селбаева Гулшат

Тақырыбы «Біз және табиғат»

Мақсаты:  балаларды табиғатты сүюге және қамқорлық,жанашырлық сезімін ояту. Жыл мезгілдерінде болатын құбылыстарды бақылау. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Қыс, қар, аққала, орман.

Билингвалды компонент: Қыс – зима, қар- снег, аққала-снеговик, орман-лес.

Көрнекіліктер: қыс мезгіліне сай безендірілген орман көрінісі, үйшік, шашылып жатқан қоқыстар.

 

Жүрісі

Тәрбиеші:

-Балалар, айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

-Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

Тәрбиеші қыс мезгілі және қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы мағлұматты толықтырады.

-Балалар, қыс туралы тақпақтар білемізбе?

 

Қыс суреті бірғажап,

Тамашалап жас қарды.

Кететін ойнап сырғанап,

Қыс думаны басталды.

 

Күз ауды, қар жауды,

Күз кетті, қыс келді.

Шығамыз топ бала,

Соғамыз аққала.

 

Жапалақтап ала қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаналарын арқалап

 

 

-Балалар, бүгін қыстың боранды желі есік алдына хатты ұшырып алып келген екен.Хатты ашып оқып көрейік. Хатты ашып оқиды:

-Құрметті балалар! Мен орман ішін аралап келе жатып, орман ішінде шашылып жатқан қоқыстарды көрдім. Сол қоқыстарды тазалап беруге сендерді көмекке шақырамын. «Сәлеммен Аққала»

-Балалар, Аққалаға көмекке барамыз ба?

Қазір қыс мезгілі болғандықтан, жолда көптеген кедергілер кездесуі мүмкін. Сондықтан жылы киініп алайық.

-Балалар, аяқ астында не жатыр? Қардың дыбысы қандай, түсі қандай? Қар қайдан жауады? Балалар осында өзен бар, бірақ қар жауып өзен бетін жауып тастапты.

Мұз үстінен жүрсек, мұз жарылып, суға түсіп кетуіміз мүмкін. Сондықтан біз өзен үстіндегі көпірден өтеміз. Көпірден өту үшін алдымен су туралы жұмбақты шешіп алайық.

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасаң қорын тек,

Барша тіршілік қурайды. (Су)

-Жарайсыңдар, енді көпірден өтеміз. Балалар тепе-теңдікті сақтап, көпірден өтеді.

-Көпірден өттік, енді алдымызда үйілген омбы қарлардан аттап өту үшін, қар туралы жұмбақты шешеміз.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

-Балалар, біз орманға келдік, бізді көмекке шақырған аққала қайда екен. Бізді таба алмай жүрген болар, оны дауыстап шақырайықшы.

Балалар «Аққала» деп 3рет шақырады.

Аққала:

-Сәлеметсіңдерме, балалар! Сендердің менің хатымды алып, маған көмекке келгендеріңе өте қуаныштымын. Бірақ менің көңіл күйім жоқ. Сендерді орманға көмекке шақырған себебім, айналамыздың бәрі лас. Ормандағы аң-құстарға, өсімдіктерге өте қиын болды. Орманға  қысты қызықтау үшін көп қонақтар келеді, олар өздерін қалай ұстауды білмейді. Қоқыс қалдықтарын шашып, аң-құстарды үркітіп, от жағып, қалдығын өшірмей кетіп жатады. Кейде сол өшірілмей қалған оттан орманға от тиіп,орманды өрт шалады.

-Егер қоқыстар шашылып жатса орман мен орман тұрғындарына не болады?

 

Балалардың жауаптары.

-Орман тұрғындарына қалай көмектесеміз?

-Орман іші таза болу не істеуіміз керек?

-орман ішін қоқыстардан тазартуымыз керек. -Ал қоқыстарды қай да саламыз? -Қоқыс салатын арнайы ыдыстарға саламыз.

Ойын: «Қоқыстарды жинау»

Аққала:-Қандай жақсы, балалар

 

 

сендерге рақмет. Орман іші тап-таза болып қалды. Менің ормандағы достарым қатты қуанатын болды. Балалар сендер орманда қандай аңдар мекендейтінін білесіңдерме?

-Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жұмбақты шешсеңдер, менің достарым сендерге сыйлық береді.

  1. Өзі айлакер, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

  1. Өзіне болған қорған орман,

Бір аң бар қорбаң-қорбаң. (Аю)

  1. Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал оның баласын «көжек» дейді. (Қоян)

-Жарайсыңдар, балалар, енді орманға саяхат жасайық. Орманда жүргенде ондағы тұрғындарды үркітіп алмау үшін, тыныштық сақтаймыз.

-Балалар, осы ағаштардың пайдасы қандай?

-Ағаштар бойынан таза ауа бөліп шығарады, ауаны желпіп салқындатады. Күзде егінді желден қорғайды, жазда ыстықтан леп, сая болып, жердің бетін кептірмейді.

Отырғыз ағаш,

Жөн болмақ еңбек еткенің.

Келмесе шамаң еккенге,

Сындырма жұрттың еккенін.

-Қараңдаршы, балалар! Мұнда қыстап қалған құстар да бар екен. Бұл құстар қалай аталады?

-Қыстап қалатын құстар деп аталады.

-Қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық көрсетеміз?

-Қыстап қалған құстарға жем, су, нан қоқымдарын береміз.

Қыстап қалған құстарға арналған жем салғыш ағаш бастына ілінеді.

 

Ойын: «Аққала достары»

Шарты: қардан аққалалар жасау.

Аққала:

-Жарайсыңдар,балалар! Сендерге көп рақмет. Орманда ішім пысқанда  сендер жасап берген аққалалармен ойын ойнайтын боламын. Енді сендермен қоштасатын уақытым да болды. Сендерге көп-көп рақмет. Менің ормандағы достарым уәде еткендей мына тәттілерді топтарыңа барған соң, жейсіңдер. Қош сау болыңдар.

 

Аққала қоштасып кетеді.

Тәрбиеші:

-Балалар, біздің де балабақшаға қайтатын уақытымыз болды.

Қорытынды:

Тәрбиеші:

Ойын: «Не болар еді?»

Шарты: қойылған сұрақтарға жауап беру.

-Балалар, егер  Күн болмаса не болар еді?

-Егер су болмаса ше?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Егер ауа болмаса не болар еді?

-Қане, біз табиғат Анаға ризашылығымызды сөзбен жеткізейік.

-Күн сәуле шашқаның үшін рақмет, таза ауа саған рақмет, бұлт жауын сепкенің үшін рақмет, ағаш көлеңкең үшін рақмет, жер саған жомарттығың үшін рақмет, табиғат сұлулығың үшін рақмет.

Тәрбиеші:

Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.

 

Күтілетін нәтиже:

Не білді: қыс мезгілін және айларын атай білді:

Нені игерді: қыс мезгілінде табиғатта болатын құбылыстарды бақылай алуға дағдыландыру;

Не білуі керек: қоршаған ортаның тазалығын сақтай білуі керек.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *