Манғыстау облысы, Бейнеу ауданы””Күйкен”бөбекжайы”МКҚК тақырыбы:«Менің отбасым» тәрбиеші: Нурымбетова Майра

Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету,балаларға өз отбасы мүшелері туралы айтып, олардың қамқорлықтары туралы білім беру,әр түрлі тапсырмалыр, ойындар арқылы, сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы тілдік қорларын дамыту, өз ойларын айқын жеткізуге, сөздік қорын байыту, үлкендерді сыйлауға, кішілерді құрметтеуге, қамқорлыққа, бір-бірімізге жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: отбасы суреттері, балалардың отбасылық фотосуреттері, дидактикалық ойын “Бұл кімге тиісті”, интерактивті тақта.
Қостілдік компонент: отбасы-семья, ана-мама, әке-отец.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын.

 

Қызмет

кезеңдері

                    Тәрбиешінің   қызметі Баланың  іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы Шаттық шеңбері:

“Қайырлы күн” деп айтамыз,
Кешке  бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз.
Көңілді өтер күніміз.

  Балалар ұйымдастыру    кезеңін қимылмен, іс-әрекетпен дене мүшелері арқылы көрсетеді.
 

 

 

Іздену ұйымдастырушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Күтпеген сәт: «Қонаққа Дымбілместің келуі».

Балалар қарандаршы бізге бүгін қонаққа Дымбілмес келіпті.

– Сәлеметсің бе, Дымбілмес?

Дымбілмес:

– Сәлеметсіңдер ме? Балалар маған сендерден көмек керек. Білгішбек екеуіміз айтысып қалған едік. Егерде мен оның берген тапсырмасын орындасам,  ол мені өзінің «Білгіштер» тобына қабылдайды. /жылайды/ Енді қайттім, мен қанша оқысам да басыма түк кірер емес.

– Дымбілмес жылама, Балалар не істейміз? Дымбілмеске қол ұшымызды береміз бе?

– Рахмет, балалар. Міне, Білгішбектің тапсырмалары:

-Мына конвер ішінде суреттер бар. Мен сол суреттерде не бейнеленгенін біліп кел деді.

Дымбілмес балалардың отбасымен түскен  суреттерін тәрбиешіге береді.

Тәрбиеші:

-Балалар, бұл ненің суреті екен?

-Балалар, қалай ойлайсыңдар,үйде кімдер тұрады?

-Жарайсыңдар, балалар, осы атағандардың барлығын отбасы деп атаймыз. Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Отбасы» туралы болмақ.

-Балалар, айналамызға қарасақ көптеген үйлер көреміз. Барлық үйдің өз отбасы болады және олар бір-бірімен тату-тәтті тұрады, бір-біріне көмектеседі. Енді балалар, Білгішбектің тапсырмасын орындайық.

Балаларға отбасы мүшелерінің суреттерін кезекпен көрсетеді.

Ойын: «Бұл кім?»

Шарты: суретте бейнеленген отбасы мүшелерін атау.

Дымбілмес:

– Рахмет балалар. Алақай, мен енді «Білгіштер» тобына қабылданам. Балалар,сендер маған көмектестіңдер. Енді мен Білгішбекке барып жауабымды айтайын. Сау болындар.

– Балалар, біз кімдер туралы айтып өттік.. Бір сөзбен қалай атаймыз?

– Өте жақсы балалар, отбасы  мүшелері.

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады.Олар бізге осы дүниедегі ең жақын,бізді әркезде қолдап,қол ұшын беріп,көмектесетін,ақыл айтатын,жаман мен жақсыны,оңмен солды үйрететін ең жақын адамдар.

Ойын: «Кім не істеп жатыр?»

Шарты: балаларға экрандағы өз отбасы мүшелерінің қимыл-әрекетін көрсетіп, сұрақтар қою  арқылы әңгімелету.

(баяу ән қосылып тұрады)

Қане балалар,біраз сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Үйде нешеу екенбіз
Кел санайық екеуміз,
Бас бармағым папам
Балаң үйрек анам.
Ортан терек ағам
Шылдыршүмек мен
Кішкене бөбек сен.
Бір үйде біз нешеуміз
Бір үйде біз бесеуміз.

Балалар сергіту сәтінде кімдер туралы айттық?

Иә, дұрыс айтасыңдар сендердің әрқайсыларыңның өз отбасыларың аналарың, әкелерің, апайларың, ағаларың, қарындастарың,інілерің бар. Сендер оларды қатты жақсы көресіңдер ме?

Жақсы, ендеше балалар сендерге үйге әрине, ата-аналардың көмегі арқылы отбасылық сурет галлереясын жасап келулерінді ұсынғам. /көрмеге назар аударамыз/

Жақсы балалар, кім маған өз отбасы туралы айтып береді?

Жақсы балалар, сендер ойынды өте жақсы ойнап шықтындар.

Тосын сәт.

Топқа жәй басып Әже кіреді.

Амандасады.

-Балалар, мен немерімді іздеп шыққан едім. Сендердің дауыстарыңды естіп немерем осында болар деп келдім. Қараймын ол мұнда жоқ екен. Сендер көрмедіңдер ме?

Тәрбиеші:

-Әже, қош келдіңіз, Сіздің немереңіз осында, оны алып кету үшін сіз бізге сүйіншіге не бересіз?

Әже:

-Ой, немерем табылса, сүйіншіге сендерге қызықты ойын алып келдім.

Ойын «Еркелетіп айт»

Шарты: балалар мұқият тыңдау арқылы үнтаспадағы отбасы мүшелерінің жылы сөздерін есітіп, кімнің еркелетіп жатқанын тауып айтады.

Әже:

-Жарайсыңдар, балалар, сендер өз отбасы мүшелерінңіздің дауысын жақсы таниды екенсіңдер. Енді менің кететін уақытым болды. Мен сендерге тәтті бауырсақ пісіріп әкелдім. Соны томпиып жеп ала қойыңдар. Ал мен немеремді ертіп үйіме кетейін.

Әже балалармен қоштасып шығып кетеді.

-Ал, енді балалар, менің қолымда кішкене жүрекше смайликтер бар, сол смайликтерді алып, өз отбасымыздың суретінің үстіне жапсырамыз, өйткені барлығымыз өз отбасымызды өте жақсы көреміз, солай ма?

 

Балалар аң-таң болып қарайды.

Сәлеметсіз бе.

 

 

 

 

Иә,көмектесейік.

Қол ұшымызды береміз.

 

 

 

 

 

Ата-дедушка

 

 

Әже-бабушка

 

Әке-отец

Ана-мама

 

 

 

Балалар ойынға қызығушылық танытады.

 

Сау болыңыз.

 

– Отбасы,отбасы мүшелері.

 

 

 

Балалар өздерінің отбасы мүшелерінің қимыл әрекетін әңгімелеп айтып береді.

 

 

Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге жасайды.

 

 

 

Әке, аға, ана, әже, ата туралы.

Иә, жақсы көреміз. Қатты жақсы көреміз.

 

 

Балалар  өз отбасы жайлы  ата-аналармен жасалған альбомдарын көрсетіп, өз отбасы туралы шағын әңгімелеп береді.

 

 

Әжені көріп қуанады.

Амандасады.

Балалардың жауабы.

 

 

 

 

 

Балалар үнтаспадағы дауысты танып, ажыратып айтып береді.

 

 

 

Балалар әжемен қоштасады.

 

 

 

Балалар смайликті өз отбасының суретінің үстіне жапсырады.

 

Рефлексивті-коррексиялық  Қорытындылау.

-Балалар, бізге қонаққа кімдер келді?

-Отбасы мүшелерін атайықшы.

-Балалар, бүгінгі ойындарымыз сендерге ұнады ма?

-Жарайсыңдар, балалар, сендер бүгін өте жақсы қатыстыңдар. Сау болыңдар.

 

 

Балалардың жауаптары.

 

 

Күтілетін  нәтиже:

Білу керек: Өз отбасы мүшелерін танып білуді, отбасы мүшелерін олардың аталуын, сұраққа жауап бере алады, көмек көрсете біледі.

Түсінеді: Өз ойларын жеткізе алады, суретпен жұмыс жасай алады. Өз ойларын емін-еркін айта алады.

Меңгереді:Отбасы мүшелерін атауды, олардың қызметтерін.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *