Аз.көп ұғымдары

Білім беру саласы: «Таным» Бөлім: ҚМҰҚ Күні: _

Тақырыбы : Заттарды салыстыру

Мақсаты : Балалардың үлкен – кіші, көп – аз туралы ұғымдарын қалыптастыру

Міндеттері:

* Білімділік: Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып салыстыруды меңгерту.

* Дамытушылык: Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

* Тәрбиелік: Мейрімділікке, жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

*Үш тілдік орысша: щенок-күшік, ағылшын: a dog – күшік.

Сөздік жұмыс: таяқша, жануар, күшік т.б

Қажетті көрнекілік: күшік ойыншығы, таяқшалар, алмалар. Дьенеш блогы, Кюизенер таяқшалары

Әдіс тәсілдері: түсіндіру,сұрақ жауап

Жоспар кестесі:

Балалардың әрекетіМотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер: Амансың ба, алтын күн,

Жарқыраған жарқын күн!

Маған мейірім мен шуақ бер,

Қуаныш пен бақыт бер!

Топқа кішкентай күшік жылап келеді.

-Маған анам дүкеннен әдемі таяқшалар сатып әперді. Енді ойнайын десем,ешкім жоқ, мысық ұйықтап жатыр.

Балалар амандасады, қимылдар арқылы қайталайды.

Күшікті тыңдайды

Күшікпен ойнауға келіседі.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар,күшікпен ойнайықшы.

«Таяқшаларды дұрыс қой» дидактикалық ойыны

Әр баланың алдында үлкен,кішкентай таяқшалар тұрады. Тәрбиеші балаларды үлкен және кішкентай таяқшалармен таныстырады. Тәрбиеші барлық жасаған іс-әрекетін сөзбен түсіндіру, көрсету. Таяқшаларды түстеріне қарай сурет бойынша орналастыр. Күшік балалармен бірге ойнайды,тапсырманы орындайды.hello_html_m28096484.jpg

hello_html_m4d008529.jpg

hello_html_m18e07470.jpg

hello_html_2a2639ca.jpg

«Өз үйiңдi тап»

Ойын мақсаты: Балаларды тапсырма бойынша өз үйлерін табуға үйрету.Жылдамдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиешi балаларды екi топқа бөлiп, әр топтың ойнайтын орнын немесе “үйiн” тағайындайды. Екi топқа да үй және күшіктер суреттері беріледі , 1-топтағы балалардың үлкен үйiдің ішіне үлкен күшікті жинайды, ал 2-топтағы балалардың кішкентай үйге кішкентай күшікті жинайды. Қай топ өз үйлерiне тез барады. Ойын екi рет қайталанады. Ойынның соңында әр топтың балаларын мадақтап отырады.

hello_html_5c4c2c58.jpg

hello_html_m18712674.jpg

hello_html_m18712674.jpghello_html_m18712674.jpghello_html_5c4c2c58.jpg

Сергіту сәті

«Ақ қоян» өлеңі

Өлең жолдарын айта отырып, мазмұныына сәйкес қимылдар жасайды.

«Қанша алма бар?»дидактикалық ойын:hello_html_m5005b269.jpghello_html_61f57bdf.jpg

Алмалардың түстері бірдей ме?
– Түстері қандай?

– Ал көлемдері бірдей ме?
 hello_html_339ad8d4.jpg
– Қандай алма үлкен?

– Ал қандай алма кіші?
– Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз?
Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен.

Күшік балалармен тапсырманы орындайды.

 

Ойынның шартын түсініп алады,ойынға қатысады.

Күшікпен бірге ойнайды,тапсырманы орындайды.

Әрқайсысы бір-бірден таяқшаларды орналастырады

күшік таяқшалар жасайды.

балалар екі топқп бөлініп, үлкен үйге үлкен күшікті, кіші үйге кішкентай күшікті жинайды.

 

 

 

 

 

Сергіту жаттығуын жасайды.

алмадардың түстерін, көлемін, көп-аз екенін айтады, санайды,салыстырады.

Сұрақтарға жауап береді.

Рефлекстік-жинақтаушы

Балалар, біз бүгін қандай жануармен ойнадық?

-Күшік қайдан келді?

– Ол бізге не әкелді?

Тәрбиеші үстел үстінде тұрған таяқшаларды салыстырады. Улкен-кіші үйлерді, күшіктерді салыстырады. Алмалардың аз-көптігін айтады.

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды

 

Қарап, ойланып, жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көп – аз, үлкен – кішіні ажыратып салыстыра біледі.

Игереді: Түстерді көлемдерді ажыратып, алмаларды жинайды.

Меңгереді: Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып салыстыруды меңгереді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *