Махамбет – өр рухты ақын
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
Ұлттық және отбасылық құндылықтар. |
Мектеп: |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ж.Т.Назарова |
Сынып: 10 | Қатысқан оқушылар саны: |
Уақыты: | Қатыспаған оқушылар саны: |
Өтілетін орны: | Себепті оқушылар: |
Сабақтың тақырыбы | Махамбет – өр рухты ақын |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты | Ақын жырлары бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, алған білімді жинақтау, тұжырымды ой айта отырып, оны жазбаша жеткізу. |
Сабақтың мақсаты
|
– ақын поэзиясының мазмұны мен мәнін ұғындырады, ондағы азаматтық, отаншылдық рухын сезінеді. Тілдік, көркемдік ерекшелігіне талдау жасайды, ақынның өз бейнесі мен Исатай тұлғасын таниды. |
– өзіндік ізденеді, дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға үйренеді, сөйлеу мәдениетін дамытады. | |
– азаматтық тәрбие алады, ұлттық сана-сезімін қалыптастырады, өз Отанының патриоты болады. | |
Бағалау критерийі | 1. Оқушы сұрақтарға деректер арқылы дәлелді жауап береді.
2. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. 3. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: диалогке түседі, сұрақтармен жұмыс жасайды, инсценировка құрады, эссе жазады. |
Әдебиет теориясы: ақын жырларының құрылысына, көркемдік ерекшелігіне талдау жасайды. | |
Талқылауға арналған сұрақтар: | |
1. Махамбет өмір сүрген тұстағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде не айтасыңдар?
2. Өз өлеңдерінде Махамбет қалай көрінеді? 3. Қазіргі кезде Махамбет сияқты сөзі мен ісі тең түсіп жататын ақындар бар ма? |
|
Не себепті … деп ойлайсыз? Ойларыңды мысал келтіре отырып дәлелдеңдер. | |
1. Қалай ойлайсың, «Ұлттық рух», «Патриоттық сезім» деген тақырыптар бойынша не айтар едіңіз?
2. Неліктен, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы өз беттеріңше шығарма, өлең-жыр, әңгіме, т.б. жазу тиіс деп ойлайсың? 3. Не себепті, ақынға арнау өлең жазамыз? |
|
Күтілетін нәтиже | – ойын нақты жеткізе алады
– Сыни тұрғыдан ойлана алады – Тест жұмысын жасайды. – Махамбет туралы білімдерін кеңейтеді. Ақын поэзиясын оқып, түсінгендерін, ізденіп оқығандарын айтып береді. – Сөздікпен жұмыс жүргізеді. – Сұрақтарға жауап береді. – Өмірмен байланыстырады. – Өлеңдерін талдайды, толғауларында берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді. – Тілдік қарым-қатынасқа түскенде, сөйлеушінің тіл байлығы, тіл тазалығы мен дәлдігі, мәнерлеп жатқа айтуы ерекше бағаланады. – Сын тұрғысынан ойлауды оқу процесінде қолдана біледі. – Бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастырады, шешім қабылдайды, талапқа сай өлшемдерді қолдану дағдыларын дамытады. – Топтық жұмыс орындау арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. – Жас артистер инсценировка құрады (көрініс) – Жас ақындар өлең шығарады. – Жас жазушылар эссе жазады. – Жас әдебиетшілер ізденген, зерттеген жұмыстарын ортаға салады. |
Құндылыққа баулу | 7 құндылық: Қазақстандағы патриотизм және азаматтық жауапкершілік. |
Пәнаралық байланыс | Ортақ тақырыптарға негізделген пәндер /қазақ тілі, тарих, география, музыка, шет тілдері. |
Алдыңғы білім | Ақын поэзиясындағы реалистік, романтикалық сипат |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар |
Сабақтың басы.
Мотивация 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңінде мұғалім сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру алдында жағымды психологиялық ахуал тудырады.
Сәлемдесу /Жас әдебиетшілер мен ақындарға, жазушыларға сәттілік! Қонақтарға жалынды сәлем! /Оқушыларды түгелдеу/ Топқа біріктіру /Кезекші оқушыларды топқа біріктіреді/ Үй тапсырмасын сұрауды «Көпірше» әдісі арқылы алдыңғы білімді бекіту мақсатында Тест-90 сұрақ беріліп, оқушы біліміне шолу жасалады. ҚБ: «5» балдық жүйе бойынша алынып, парақшаға жазылады. |
АКТ
«Көпірше» әдісі |
Сабақтың ортасы
Операциялық кезең 7 минут
8 минут |
Топтық жұмыс: «Уақыт шеңбері» әдісімен тапсырма беріледі. Сабаққа (өте жақсы, орташа, қатыспауы) қатысуы. Өлеңдерін зерттей алуы, айта алуы, талдай алуы, SWOT талдауы, әдебиет теориясы, сөздік жұмысы.
Кері байланыс: оқушылар топтардың жауаптарын тыңдайды, бірі-біріне баға береді. ҚБ: «5» балдық жүйе бойынша алынып, парақшаға жазылады. Дескрипторы: 1. Ақын өлеңдерін тілдік, көркемдік ерекшеліктеріне талдайды. 2. SWOT талдайды. 3. Махамбет пен Исатай тұлғасын таниды. Жұптық жұмыс: «Қысқа кездесу» әдісімен жұптасып, топтасып орындайды. 1. 1-инсценировка: «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанмен кездесуі» 2. 2-инсценировка: ««Соғыс», «Әй, Махамбет, жолдасым!», өлеңінің шығуы туралы» 3. 3-инсценировка: «Жәңгір ханның Балқы биге қолқа салуы» 4. 4-инсценировка: «Махамбеттің Исатайға кеңшілік бермеуі хақында» ҚБ: «Турнир» әдісімен бағаланады. Мадақтау арқылы қолдау көрсетемін. Дескрипторы: 1. Инсценировка бойынша түсінген ақпараттарын ортаға салады. 2. Махамбеттің отты сөздерінен қандай тұлға екендігін таниды. 3. Махамбеттің батырлығына, қайсарлығына бой түзеп, Отанын шексіз сүюге табан тірейді. Жеке жұмыс: «Махамбетке арнау» өлең жазу. «Махамбер – өр рухты ақын» эссе жазу. Кері байланыс: «Автор орындығы» әдісі арқылы орындалады. ҚБ: «5» балдық жүйе бойынша алынып, парақшаға жазылады. Дескрипторы: 1. Өз ойын жүйелі жеткізді. 2. Ақындық, жазушылық қырын танытты. |
«Уақыт шеңбері» әдісі
«Қысқа кездесу» әдісі
«Турнир» әдісі
Дәптермен жұмыс «Арнау өлең» «Эссе» «Автор орындығы» әдісі |
Саралау тапсырмалары 15 минут
|
«Шынжырлы байланыс» әдісі арқылы Махамбет жырларының шығу тарихына байланысты зерттеу, ізденіс жұмыстарын айтып шығады.
Эссе тапсырмасы бойынша дәптерлерін тексеруге жинап алып, келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару керектігі ескеріледі. ҚБ арқылы бағаланады. Жасаған қадамдарына қарай жүргізіледі. Өзара тиімді кері байланыс жасайды. |
«Шынжырлы байланыс» әдісі |
Сабақтың соңы
Рефлексия 3 минут |
1. Махамбет батырдың өмірі туралы не білдіңдер?
2. Махамбеттің қандай қасиеттерін өзідерңе үлгі етер едіңдер? 3. Ақын армандаған күн туды ма? |
«Шығу парағы» әдісі |
2 минут | Үйге тапсырма: Тәкен Әлімқұлов «Қараой» әңгімесін оқып келу. | Тәкен Әлімқұлов «Қараой» |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сыни тұрғыдан ойлау |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Жақын отырып бағалау Түрлі түсті стикермен бағалау Мадақтау сөздері арқылы бағалау «Оригами» әдісімен топтар бір-бірін бағалайды
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Сергіту сәті «Көз жаттығуы» |
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. | |
Жалпы бағалау.
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе /оқыту мен оқуға қатысты/? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді /оқыту мен оқуға қатысты/? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аударуым қажет? |
||