5 санымен таныстыру
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным»
Тақырыбы: «Елбасы күні-Елдікке құрмет»
Мақсаты:Балаларға Қазақстанның тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемле-
кетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасының. Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреттері теледидар арқылы көру.
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
– Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
– Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
– Қыс мезгілі.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
– 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
– Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
– Балалар, бұл кім?
-Елбасы.
– Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
-Қазақстан.
– Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де тұңғыш елбасшымыздың есімі-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Тұңғыш елбасшымыз бұрынғы Астана қаласында тұрды,әлі де тұрады. Мынау – Астана қаласы, қазіргі таңда Нұр- Сұлтан деп аталады. Ал мынау балалар, елбасшымыздың жұмыс жасайтын орны. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- Қазақстан елінің дамып, жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев өте көреген, ақылды, әділ, әр қадамын аңдып басатын айбарлы адам.
Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
– Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
-Қазақ тілінде.
– Еліміздің рәміздерін теледидар арқылы қарап білейік.
– Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.
– «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
Тақпақтар:
Ағайша:
Елбасымыз Нұр аға
Салғызып Алтын орда
Көркейтіп елін қазақтың
Көрсетпей өмір азабын.
Бекнұр:
Қазақ елі – Қазақстан
Болашаққа үн қосқан
Жақсы күнге жетелеп
Елбасым менің – Нұрсұлтан
Бек:
Жасай бер Қазағым!
Жасай бер Елбасым!
Меруерт:
Елімнің елбасшысы
Нұрсұлтан атамыз аман болсын!
Отан туралы тақпақ, мақал – мәтелдер білеміз бе?
Нұрдос:
Қуат алған өзінен
Туған елдің ұлымын
Бақытты етіп өсірген
Отанымның гүлімін.
Фариза:
Отан – оттан да ыстық
Бағым:
Отан – елдің анасы
Нұрдәулет:
Отан – қуат
Отбасы – шуақ Бағдәулет:
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.
-Балалар, мен сендермен бірге Нұр-Сұлтан қаласының әсем ғимараттарының бірі- Пирамиданы құрастырғым келіп тұр. Балалар сендер қатты кағаздармен жұмысты бастауға дайынсыңдар ма?
-Дайынбыз.
-Өте жақсы.Балалар жұмыстарын қызыға жалғастырады. Дайын болған жұмыстарын бір-біріне көрсетеді және бір –бірінің жұмыстарына мадақтаулар айтады. Пирамида дайын!
-Жарайсыңдар ,балалар өте әдемі жұмыс болды. Мен сендерге ризамын.
-Ендеше, балалар мен сендерге тұңғыш елбасымыз туралы өлең жолдарын оқып берейін, мұқият тыңдап отырамыз.
Көш бастаған – Елбасы.
Тәуелсіздік көк жебесін желбіретіп,
Көш басында ел мақтаған – Елбасы.
Сын сағатта еліне еңбек етіп,
Арманына қол жеткізген – Елбасы.
Қазағым деп соққан оның жүрегі
Отша қайнап, лаулап жанып жүреді.
Халқыменен бірге болған сәттерде,
«Аман болшы елім» оның тілегі.
Егемендік алып келген еліне,
Қазағымның ұлан – асыр жеріне.
Дербес елдің көк туын желбіреттің,
Жаңғырды «Қазақ» аты жер – жерлерде.-деп Нұрсұлтан атамыз Қазақстан елін әлемге танытқан екен.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын бірге орындайық.
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты гой!
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой
Қ-сы:
Менің елім,менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің-Қазазстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
-Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Тұңғыш елбасын және елбасы күнін
Үйренуі керек: Рәміздерді , елімізді ңтілімізді құрметтеуді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718