Қазақтың Ұлы Абайы
Күні: | Облысы:Жамбыл
Ауданы: Т.Рысқұлов Мектеп:Б.Момышұлы атындағы орта мектеп Мұғалімнің аты – жөні: Шажалиева Айнур Адилхановна |
||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қазақтың Ұлы Абайы | ||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.1.1 Абай Құнанбайұлының ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру.
7.3.2.1 Абай Құнанбайұлының қоғам қайраткері ретіндегі қызметін талқылау 7.1.2.1. Абай Құнанбайұлының ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметінің маңыздылығын зерттеу |
||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Абай Құнанбайұлының ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретінде қалыптасуына әсер еткен факторларды анықтайды
Басым бөлігі: Абай Құнанбайұлының қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне талқылайды Кейбір оқушылар: Абай Құнанбайұлының ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметінің маңыздылығын зерттейді. |
||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | – Абай Құнанбайұлының ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретінде қалыптасуына әсер еткен факторларды анықтай алады;
– Абай Құнанбайұлының қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне талқылай алады; – Абай Құнанбайұлының ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметінің маңыздылығын зерттей алады; |
||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Хакім, ғақлия, мәдмәладқа жету,ғибрәтлану, тұшыну, кесел, құмарлық. Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер Абайдың пікірінше адам болу үшін….. Абайдың қара сөздерінің мағынасы….. |
||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | География
(Жидебай – Абайдың әкесі Құнанбай әулетінің ата қонысы). |
||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудио, видео құрылғылар | ||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Қазақ ағартушыларының еңбегі жөнінде біледі. | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы
5 минут
Топтық жұмыс |
Ұйымдастыру кезеңі:
Қызығушылықты ояту Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: «Күнбағыс» жаттығу Топтарға бөлу. «Мозайка» әдісі арқылы Абай Құнанбаевтың төрт мезгілге арнап жазған өлеңдерінің сурет қиындыларын құрастыру арқылы төрт топқа бөлемін 1-топ «Көктем», 2-топ «Жаз», 3-топ «Күз», 4-топ «Қыс» Тақырыпты болжату «Сен білесің бе?» ойыны Құнанбай болашақта билік тізгінін қолда ұстайтын адамға оқудың қажетін өз тәжірибесінен аңғарған. Сондықтан адам танығыш сыншы әке болашақта орнымды басатын осы болады деп, басқа балаларынан гөрі кімге көп үміт артты? Кімді 9 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне оқуға беріп, білім алсын, қазақтан басқаны да біліп, көрсін деген? (Абай)
|
Таныстырылым
Слайд 1
Слайд 2 |
|||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
5 минут
7 минут
Жұптық жұмыс
Қалыптастырушы бағалау
7-8 минут
Жеке жұмыс
7 минут
Топтық жұмыс
3 минут
Топтық жұмыс
Жеке жұмыс
Қалыптастырушы бағалау |
«Мағынаны тану» әдісі.«Абай мұражайы» туралы видеоэкскурция көрсетіледі.Бұл бейнематериал кім туралы, не түсіндіңіз? Қандай адам ретінде сипаттаған? Бейнематериалдан көрген ойларымен бөліседі. Жаңа сабақтың тақырыбын мақсатын таныстыру. «Борт журналы» әдісі тақырып бойынша оқушылар келесі мазмұнды кестені толтырады:
Дескриптор: 1. Тапсырманың әр бөліміне нақты ақпарат толтырады.
«Қолмен белгі беру» әдісі. Оқушы өзінің тапсырма орындау процесін кез-келген уақытта тоқтатып, мұғалім орындап жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрайды. Оқушылар қолмен белгі көрсетеді. · Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады) · Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды) · Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау) Мұғалім белгілерге қарап кейбір оқушыларға орнынан тұрып айтуын сұрайды. Қосымша мәлімет келтіреді: Абайдың ұлдары
Bilimland.kz. мүмкіндіктерін пайдаланып, Абай Құнанбайұлының отыз бірінші қарасөзі туралы қысқаша түсінік (аудио нұсқа) беріледі. Термин сөздері беріледі. Сөздерді жазып алу: Ғибрәтлану-ғибраттану, үлгі алу.Тұшыну-ынтығу, құмарлану, мейірлену.Кесел-залал.Құмарлық-қызығушылық, әуестік, ынтықтық. Күллі- барлық, бүкіл. Дескриптор: 1. Термин сөздердің мағынасын аша алады 2. «Түртіп алу» әдісін тиімді пайдаланып түсіндіру жұмысын жүргізе алады Зерттеу сұрағы: Абай қарасөздерінің бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жоймай өзекті болу себебі неде? Топтық тапсырмалар: Қарасөздердің келесі бағыттары туралы түсінік беру: 1-топ «Көктем» 1. Білім, ғылым, еңбек; 2. Адамгершілік, достық 2-топ «Жаз» 3. Әлеуметтік теңсіздік; 4. Мал мүлік; 3-топ «Күз» 5. Билік; 6. Дін мен дүниетаным; 4-топ «Қыс» 7. Отбасылық қатынастар. 8. Зұлымдық, бірлік; Дескриптор: 1. Абай заманы мен бүгінгі заман құндылықтарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады, тақтаға жазады ПОПС формуласын қолданып, «Хакім Абайдың данышпандығы» туралы ойды жалғастыру П — Позиция. Менің көзқарасым бойынша О — Түсіндіру. Себебі П — Мысал. Мұны мынадай екі мысал арқылы дәлелдей аламын С — Салдар. Қорытынды жасаймын……. Дескриптор: 1. Тақырыпқа қатысты өз позициясын анықтайды 2. Өзі таңдаған позициясын түсіндіруде бірінші дәлел келтіреді 3. Ойын нақтылау үшін бір мысал келтіреді 4. Қорытынды жасайды. Қорытынды: Әр топқа Абай суреті таратылады.Оқушылар суретке ат қойып, сурет бойынша 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін құрайды. Дескриптор: 1. Мәтінге ат қояды. 2. Сурет бойынша мәтін құрады.
Әр топ бір-бірін «Үш шапалақ» әдісі бойынша бағалайды. |
Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
Слайд 8
Слайд 9 |
|||||||||||||||||
Сабақтың соңы
5 минут |
Рефлексия «+ – «
Сабақтың артықшылығы мен жетілдіруге тиіс тұсын айтады. Оқушылар сабақ мазмұнына қатысты пікірлерімен бөліседі,сұрақ-жауап арқылы жасайды ,жұпта бөлісу арқылы бір-бірін бағалайды;
Үйге тапсырма Синквейн әдісі: «Хакім» сөзіне бес жолды өлең құрастырыңыз Дескриптор: — Хакім сөзіне зат есімді жазады — Хакім сөзіне екі сын есім жазады — Хакім сөзіне үш етістік жазады — Хакім сөзіне төрт сөзден тұратын сөйлем жазады — Хакім сөзінің синономін жазады
|
Слайд 10
|
|||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Сабақ бойында алынған барлық белсенді әдіс-тәсілдер көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар үшін қолжетімді тапсырмалар орындауға бағытталады. Әр тапсырмадан кейін бағалау ұйымдастырылады, ол оқушыларға қолдау көрсетіп, әрі қарай ізденіп, жұмыс жасауына ықпалын тигізеді. Сабақ барысында әр дағдының деңгейлері қарастырылған. Қарым-қатынас формалары бойынша саралау оқушылардың топта бірлесе жұмыс жасауы және біріге жұмыс жасауы негізінде қалыптастырылады. Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау кезінде тапсырмадан кейін бағалау критерийлері мен дескрипторлар жасалынады, ол оқушыларға қолдау көрсетіп, әрі қарай ізденіп, жұмыс жасауына ықпалын тигізеді. Оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыстары мұғалімнің ҚБ қолдау сөздерімен ынталандырылып, дескрипторларға негізделген ауызша кері байланыстары арқылы жүзеге асырылады; Сабақта ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас оқушылардың топтық, жұптық жұмыстары арқылы сақталады. Топтастыру кезеңіндегі қауіпсіздікті бақылауда болады. Сабақ бойында интербелсенді тақта қолданылатындықтан қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады. Оқушылардың оқуына ыңғайластырыл ған қалыпты оқу ортасы құрылады. | Сабақ бойында алынған барлық белсенді әдіс-тәсілдер көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар үшін қолжетімді тапсырмалар орындауға бағытталады.. Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау кезінде «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы ой қажеттілігі ескеріледі.. Әр тапсырмадан кейін бағалау критерийлері мен дескрипторлар жасалынады, ол оқушыларға қолдау көрсетіп, әрі қарай ізденіп, жұмыс жасауына ықпалын тигізеді. Оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыстары мұғалімнің ҚБ қолдау сөздерімен ынталандырылып, дескрипторларға негізделген ауызша кері байланыстары арқылы жүзеге асырылады рефлексиясы сынып ішінде «+ – » әдісі арқылы жүргізіліп, танымдық қабілеттері қалыптасады. | Сабақтағы тапсырмалар мақсатқа сай сараланып құрастырылады. Әр тапсырмадан кейін бағалау ұйымдастырылады, ол оқушыларға қолдау көрсетіп, әрі қарай ізденіп, жұмыс жасауына ықпалын тигізеді. Сабақ барысында әр дағдының деңгейлері қарастырылған. Қарым-қатынас формалары бойынша саралау оқушылардың топта бірлесе жұмыс жасауы және әдісі арқылы ой қажеттілігі ескеріледі. Әр тапсырмадан кейін бағалау критерийлері мен дескрипторлар жасалынады, ол оқушыларға қолдау көрсетіп, әрі қарай ізденіп, жұмыс жасауына ықпалын тигізеді. Оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыстары мұғалімнің ҚБ қолдау сөздерімен ынталандырылып, дескрипторларға негізделген ауызша кері байланыстары арқылы жүзеге асырыладыСабақта интербелсенді тақта, үлестірмелі материалдар тиімді пайдаланылады. Сабақта ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас оқушылардың топтық, жұптық жұмыстары арқылы сақталады. Топтастыру кезеңіндегі қауіпсіздікті бақылауда болады. Сабақ бойында интербелсенді тақта қолданылатындықтан қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады. Оқушылардың оқуына ыңғайластырыл ған қалыпты оқу ортасы құрылады. | |||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
|||||||||||||||||||
- Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Әуелі – білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.
Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас – өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.
Үшінші – әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?
Төртінші – білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі – мұлахаза қылу, екіншісі – берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші – осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі – құданың, екінші – халықтың, үшінші – дәулеттің, төртінші – ғибраттың, бесінші – ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды.
Алтыншы – ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!