Әлем елдеріндегі бала тәрбиесі

Әлем елдеріндегі бала тәрбиесі

1 маусым күні халықаралық деңгейде балаларды қорғау мерекесі тойланады. Жаймашуақ жаздың алғашқы күнімен келіп жететін балаларды қорғау күні – ертеден келе жатқан халықаралық мерекелердің бірі. Барша әлем халқы бұл мерекені 1950 жылдан бері тойлап келеді. Қазақ халқы айтпақшы, «балалы үй – базар» екені, бала бар жерде күнде мереке екені айтпаса да түсінікті. Бала – басты байлығымыз, ал ең асылы – оның тәрбиесі. Бүгінгі мереке қарсаңында әлем елдерінде бала тәрбиесіне қалай мән берілетіні туралы сөз қозғағалы отырмыз. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы алтын ұясы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасы мен өскен ортасының тигізетін әсері мол. Бала тәрбиесі ұлт таңдамайды, тәрбие барлық ұлтқа қызмет етеді. Алайда, әр елдің балаларының бала тәрбиелеу ісі бір-біріне ұқсай бермейді. Әр ұлттың тәрбие беруі әрқилы болса да, бала атаулыға бірдей нәрселер қажет. Олар: туған отбасы, ұядай жылы үй, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігі. Бала тәрбиесiндегi әр елдiң өзiндiк ерекшелiктерiн оқытатын ғылым бар. Оны этнопедиатрия деп атайды. Жас ғылым саласы деуге де болады.

№57 жалпы орта білім беретін  мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі : Оразбаева Улдана Мамырбековна

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *