Қызықты математика: Қайталау
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Мақсаты: 1. Оқушыларға есептің әртүрлі тәсілдер арқылы шығару жолдарын меңгерту; 2. Математикалық сөйлеу тілдерін дамыта отырып, ойын, зейіндерін дамыту; 3. Салауатты өмір салтын ұстануға, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
- Есепті әртүрлі тәсілмен шығару біліктіліктерін меңгерту;
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, практикалық, шығармашылық, проблемалық,
деңгейлік тапсырмалар, СТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекіліктері: сызба, деңгейлік тапсырма, карточкалар
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі –Амандасу
-Тақтадағы сандардың мағынасын табу
2017, 28,50,29-8,2000,17-28
– ендеше, видео көрейік
1-Тау-шаңғы спорты – Өтілгенді қайталау
-Тау шаңғы спорты туралы не білеміз?
– Тау-шаңғы спорты бірнеше спорттық дисциплиналардан құралған. Бұл – слалом, алып слалом, супергигант слаломы, шапшаң түсу және таушаңғы қоссайысы.
- Жеңіске жету үшін не қажет? Жылдамдық. Ендеше, кім жылдам?
Оқушылар парта бойынша бір-бірден тұрып көбейту кестесін, формулалар сұрайды.
Мадақтау
2-Шаңғы жарысы – Үй жұмысын тексеру
- Бұл спорт туралы не білеміз?
Шаңғы жарысы – белгілі қашықтықтағы арнайы дайындалған трасса бойынша шаңғымен жарысу спорты.
Шаңғымен жүгірудің негізгі екі түрі бар — «классикалық стиль» және «еркін стиль».
- Жеңіске жету үшін үй жұмысын оқиды
№8-32-бет 1-бағанын бір оқушы, 2-бағанын бір оқушы
3кг = 3000г 400 кг = 4 ц
4ц = 400 кг 2 т = 20 ц
40 ц = 4000 кг 3 т = 3000 кг
5 т = 5000 кг 80 ц = 8 т
Мадақтау
3-Биатлон – Көркем жазу
-Бұл спорт жайлы не білеміз?
-Биатлон шаңғы сайысы мен мылтықтан оқ атуды құрайтын олимпиадалық спорт түрі. Бастапқыда биатлон “әскери патрульдердің жарысы” деп аталды.
– Жеңіске жету үшін, бүгінгі күнді жазып, көркем жазу тапсырмасын орындаймыз..
1234 1234 1234 1234 1234
Мадақтау
4-Мәнерлеп сырғанау – Оқулықпен жұмыс
- Бұл спорт жайлы не білеміз?
- Мәнерлеп сырғанау бес дисциплинаға бөлінеді: ерлер арасында жекелей жарыс, әйелдер арасында жекелей жарыс, жұптасып өнер көрсету, спорттық би және синхронды мәнерлеп сырғанау.
Оқулықпен жұмыс
Есеп 1 оқу, үш оқушы оқиды. 1 оқушы тақтада шығарады.
- Есеп не туралы?
- Кітапханаға не әкелінді?
- Қандай кітаптар? Оқулық және әдеби кітаптар
- Неше оқулық әкелінді? Әдеби кітап ше?
- Не белгісіз?
- Барлық кітапты қалай табамыз?
- Басқа тәсілмен шешуге бола ма?
- Екінші тәсілді жазу. Жауабы.
Оқулық – 5 к – 6 б ? к
Әдеби к. – 5 к – 4 б
Ш: 5 * 6 + 5 * 4 = 50 (к) н/е 5 * ( 6+ 4 ) = 50 (к)
Жауабы: барлығы 50 кітап әкелінді.
- Ал өздерің әдеби кітап оқисыңдар ма?
- Қандай кітаптар оқыдыңдар?
- Кітап – білім бұлағы дегенді қалай түсінесіңдер?
- Медальмен мадақтау.
Мадақтау
Үйге тапсырма:
1-қатарға – Есеп 2 33-бет
2-қатарға – Мысал 7 33-бет
3-қатарға – Логикалық тапсырма 34-бет
Түсіндіріп өту.
Бағалау