Тіл жүйрікте кім жүйрік? 8- сынып

Күні: 18.11.2019ж                     Сыныбы:8- сыныптар

Сабақтың тақырыбы:  Тіл жүйрікте кім жүйрік? (сыныптан тыс сайыс сабағы)
Мақсаты:
1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен  білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;
(сыныптан тыс іс-шара  8 «А», 8 «Б», 8 «В» сыныптар  арасында ұйымдастырылады)
Мұғалім:
– Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды.Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген-дей  отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып өтейін. 8 «А», 8 «Б», 8 «В» сынып оқушыларын ортаға шақырайық.

1-Топ 8 «А» сыныбы «Сүйкімділер»

2- топ 8 «Б» сыныбы «Әдемілер»

            3- топ 8 «В» сыныбы «Көріктілер»

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Оқушылар топ құрамында қол ұстасып, тақтада жазылған сөздерді хормен айтады:

—        Біз табысқа жететіндігімізге толық сенімдіміз.

—        Біздің қабілеттеріміз күн сайын жақсаруда.

__        Бәріңізге сәттілік тілеймін!

– Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері –  Нұрымбетова Шолпан, Ақбергенова Айгүл, Төрениязова  Орынкүл.
–   Ана тілі – қазағымның қаймағы,
Тілің сенің- өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлерін сайлады.

– Бүгінгі біздің сайысымыз 6  бөлімнен тұрады:
І. Таныстыру
ІІ. Деген екен
ІІІ. Білімді мыңды жығар
ІҮ. Өлең өрнегі
Ү. Сөз болаты – мақал
ҮІ.  Бейнесұрақ

І. Таныстыру. Бұл бөлімде әр топ өз тобының атымен   таныстырады.
ІІ. «Деген екен» деп аталатын бөлімде әр топ өздерінің дайындалып келген шешендік сөздері бойынша сайысқа түседі. Сайыскерлерімізді шешендік, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз. Оқу мәнеріне назар аударылады.


ІІІ. «Білімді мыңды жығар» бөлімінде қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сұрақтарға жауап береді.
   

      8 «А» сыныбына қойылатын сұрақтар реті
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата (5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рақым; Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
4. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия).
5. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)
6. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)
7. Синтаксис нені зерттейді? (сөз тіркесі, сөйлем мүшелері)

                     8 «Б» сыныбына қойылатын сұрақтар реті
1. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы
2. «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)
3. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді? (ұяң, үнді, қатаң)
4. «Абай-қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?( Ахмет Байтұрсынов)
5. -Балталы, Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман қол! – үзінді қай жырдан алынған? ( Қозы Көрпеш Баян Сұлу,)
6. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата (жалғау арқылы, шылаулар арқылы, орын тәртібі арқылы, интонациы арқылы)
7. Морфология нені зерттейді?  (сөз құрамы, сөз таптары)            

 

   8 «В» сыныбына қойылатын сұрақтар реті

1.Сөздердің байланысу түрлері (қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу)
2. «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы
3. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)

4.Абай атамыздың қанша қарасөзі бар?(45)
5. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап бер.(7)
6. Әдебиет қай тілден енген сөз, қандай мағына береді? (араб тілі, асыл сөз).
7. Қара сөзбен жазылатын шығарма қалай аталады? (проза)

ІҮ. «Өлең өрнегі» деп аталатын бөлімде тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап, ұяшықта жасырынған тақырыпқа өлең шығару

 

Ү. «Сөз болаты-мақал» деп бұрынғылар айтқандай мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал-сөздің атасы»демекші , сайысымызды жалғастырамыз.Ү турымыздың шарты бойынша сайыскерлер, сендерге  «сөздер» беріледі, сол  «сөзі»  бар қандай да бір мақал тауып айтуларың керек.

ҮІ. «Бейнесұрақ»
бөлімінде әр топ экранда көрсетілген суреттегі тұлға жайлы мәлімет айту керек

 Сергіту сәті  “Мен –ғажаппын!”

Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн.

Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс. Олай болса, менің қолымдағы қара жәшік ішінен қағаз қиындыларын алып, көңіл-күйімізді білдіреміз.

Мысалы:

– Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.

– Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.

– Мен ғажаппын, мен кереметпін.

– Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.

– Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.

– Мен тамаша жанмын.

– Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.

– Мен сабырлымын, салмақтымын.

– Мені ешкім жолымнан тайдыра алмайды.

– Мен әділетті, адал жанмын.

– Мен айналама бақыт шуағын шашамын.

– Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.

– Менің қолымнан бәрі келеді.

– Мені тек жақсы адамдар қоршаған.

– Мен үшін өмірдің қызығы мол.

– Мен бәріне ризамын.

– Мен бақытты адаммын.

– Құрметті әділ қазылардан  ұпай сандары сұралады.

-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.  Келесі сөз кезегін  қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық! «Тіл жүйрікте кім жүйрік!» атты сайыстың жеңімпазы атанған топты ортаға қол соғып, шақырайық.
Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
-Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.
Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
Ана тілсіз іс өрге аса алмайды.
Желмаяның үстінде желіп тұрып,
Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы, –дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

 

 

  БАҒАЛАУ   ПАРАҒЫ
Бөлім аттары сыныптар  
8 «А»-сынып
8 «Б»-сынып
 

8 «В»-сынып

 
І. Таныстыру        
ІІ. Деген екен        
ІІІ. Білімді мыңды жығар        
ІҮ. Өлең өрнегі        
Ү. Сөз болаты – мақал        
ҮІ.  Бейнесұрақ        
 

Жалпы ұпай:

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту:   Ұпай сандары «5» балдық жүйемен бағаланады.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *