Киелі орындар 6-сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы | 6.3.4.1. Әлемнің жеті кереметі | ||||||||||||
Сабақ:
Қазақ тілі |
Мектеп: № 262 мектеп-гимназия | ||||||||||||
Күні:11.10.2019 | Мұғалімнің аты-жөні : Өксікбаева Салтанат Қуатбекқызы | ||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар: | Қатыспағандар:0 | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Киелі орындар | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.Т/А.5. – Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.
6. Ж.4. – Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу – келіспеу» эссесі) |
||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады:
1. Мәтінді мұқият тыңдай отырып, нақты және жалпы сұрақтарды құрастырады. 2. Сұрақтарға жауап бере отырып, ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады. 3. Мәнмәтін аясында құрылымы мен мазмұндық ерекшелігін сақтап отырып, «келісу-келіспеу» эссесін жазады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: «Қазақстандағы киелі орындар» бейнеролигіне қатысты өз ойын тұжырымдап айтады. Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырып аясында өмірмен байланыстыра отырып, тың идея ұсынады.
|
||||||||||||
Бағалау критерийі | 1. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтар құрастырады және мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады.
2. Тақырыбы мен құрылымын сақтай отырып, «келісу-келіспеу» эссесін жазады.
|
||||||||||||
Ойлау деңгейі (Блум таксономиясы бойынша) | Қолдану, талдау
|
||||||||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады:
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, эссе жазу дағдыларын дамытамын. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Эссе, абзац, аңдату, тезис, Айша бибі кесенесі, Бегім Ана, Қорқыт ата кесенесі, Қара молда ата Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Киелі, кесене киіз үй, домбыра, Бәйтерек, т.б. Талқылауға арналған сұрақтар: Қазақстанда қандай киелі орындарды білесіңдер? Солар туралы деректер айта аласың ба? |
||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, тарих, жаратылыстану | ||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім | Қазақстанның 7 кереметін атай алады. Оқылым стратегияларын қолдана алады. | ||||||||||||
Құндылықтарға баулу | Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы: құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік. | ||||||||||||
– Сабақтың барысы | |||||||||||||
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы
6 минут
3
1
2
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесемін, түгелдеймін. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталатамын. 1. Қазақстанның 7 кереметін ата 2. Неліктен киіз үй, домбыра қазақ халқының 7 кереметінің бірі болып саналады? 3. Астана қаласындағы Бәйтерек монументі туралы не білесің? Қалыптастырушы бағалау. Сұрақтарға нақтылап жауап берген оқушыны жұлдызшалар арқылы бағалаймын. Кері байланыс: Қазақстанның 7 кереметі жайлы жайлы толық мәлімет ала алдыңыздар ма?
|
АКТ
|
|||||||||||
Сабақтың ортасы | ІІІ. Жаңа сабақ | ||||||||||||
29 минут
5
6
4
1
7
3
1
1 |
Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаттары және бағалау криетрийлерімен таныстырамын.
Тыңдалым алды тапсырмасы: 1.Интерактивті тақтадан «Қазақстандағы киелі орындар» туралы бейнеролик көрсетемін. 2. «Ойтүрткі» сұрақтарын қоямын: І. Тыңдалым тапсырмасы Т1.Мұғалім мәтінді оқиды,оқушылар мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну үшін тыңдайды.
Т2. Тыңдалым кезіндегі тапсырма. І топ. Мәтіннен тірек сөздерді табыңдар. Тірек сөздер – мәтіннің негізгі ұғымын ашатын сөздер. ІІ топ. Мәтіннен жалқы есімдерді табыңдар. ІІІ топ. Мәтіннен деректерді табыңдар.
Т3. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Берілген тірек сөздер, жалқы есімдер және деректерді қатыстыра отырып, нақты және жалпы сұрақтар құрастырыңдар. Сол сұрақтарды қоя отырып, диалог барысында мәтіннің негізгі идеясын анықтаңдар.
Т/А.«Кезбе тілші» әдісі бойынша әр топтан бір өкіл шығып, басқа топ (мысалы топта 5 адам болса, сонша сұрақ құрастырып) апарады, диалог құрастырады. Диалогтің дескрипторы: 1. Мәтін мазмұнын толық қамтып айтады. 2. Диалогке қатыса отырып, нақты және жалпы сұрақтарға жауап береді. 3. Өмірмен байланыстыра отырып, өз көзқарасын білдіреді. Қалыптастырушы бағалау: Дескриптор бойынша «Кезбе тілшілер» топ жұмысын бағалайды. Кері байланыс: 1 минуттық эссе жазады.
ІІ. 12-тапсырма. «Қазақстан жеріндегі киелі орындарды мемлекеттік тұрғыдан қорғау қажет пе?» тақырыбы бойынша «келісу-келіспеу» эссесін жазыңдар. Үлгі: 1 сөйлемнен құратын тезис құрастыр. Ақпарат жина. Жоспар құр. Кіріспе (эссенің 30% – ы) Негізгі бөлім (эссенің 60% – ы) Қорытынды(эссенің 10% – ы) Дескриптор: 1. Тақырыптың ашылуы 2. Эссе құрылымының сақталуы (кіріспе, негізгі, қорытынды) 3. Ойдың жүйелелігі 4. Сөздердің тақырыптқа сай таңдалуы 5. Грамматикалық құрылымдар, сан есімдер орынды қолданылған. Қалыптастырушы бағалау. «Парталас көршіңе бір пікір» әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды. Үздік жұмыс «Автор орындығы» әдісі арқылы оқытылады. Кері байланыс. Смайликтер арқылы бағалау. |
АКТ
Ресурс
Оқулық, дәптер |
|||||||||||
Сабақ соңы
2
2
1 |
ІV. Қорытынды. Киелі орындарды қорғап, оған құрмет жасау – саналы ұрпағымыздың жарқын болашағы. «Мәңгілік елдің жеті құндылығында» айтып өткендей, біз сол кезде ғана рухани жаңғырамыз, жаңарамыз.
V. Үйге тапсырма. 8 – тапсырма. Айша бибі кесенесінің сәулет ескерткіші ретіндегі сән-салтанаты, құрылыстың даралығы жайлы зерттеу жүргізіп, таныстырылым жаса.
VІ. Кері байланыс. «Плюс, минус, қызықты» әдісі
|
|
|||||||||||
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718