5 «А» сыныбы Қысқа мерзімді жоспар «Өсімдіктердің адамзатқа пайдасы »
Қысқа мерзімді жоспар
4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
9- сабақ
Күні: 22.11.19. Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 5 «А»
Мектеп : | №262 мектеп- гимназия | ||||
Мұғалім: | Дәуленбаева Гүлбаршын Китжанқызы | ||||
Қатысқан оқушы саны: 26 | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Өсімдіктердің адамзатқа пайдасы | ||||
Сабақ негізделген оқу (мақсат тары) | 5.Т/А6.Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоциональды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.
5.Ж 1.Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру. |
||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: | ||||
Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді
қамтитын қарапайым жоспар құрады. |
|||||
Оқушылардың басым бөлігі: | |||||
Мәтін мазмұнын түсініп, диалогке қатысып, ашық сұрақтар құрастырады . | |||||
Кейбір оқушылар: | |||||
Қыстырма, қаратпа ,одағай сөздерді қолдану арқылы диалогке дайындықсыз қатысады. | |||||
Бағалау критерийі | -Қыстырма, қаратпа,одағай сөздерді қолдану арқылы диалогке дайындықсыз қатысады.
-Мәтін құрылымын сақтайды. -Құрылымына сәйкес жоспар құрады. |
||||
Күтілетін нәтижелер | Өсімдіктердің адамзатқа пайдасы жайында мағлұмат алады,өсімдіктердің адам ағзасы мен қоршаған орта үшін маңызын түсінеді. | ||||
Тілдік мақсаттар | 1.Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:негізгі ой,жетекші сұрақтар туынды сөздер мен күрделі сөздер
2.Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: менің ойымша, менің ойымша…, мен бұл пікірмен келісемін / келіспеймін. Жоғары дәрежелі сұрақтар: Адам өмірі үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы қандай ? Қандай дәрілік өсімдіктерді білесіздер? |
||||
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | ||||
Әдіс-тәсілдер | «Сұрақты қағып ал» әдісі, «Төрт сөйлем», «Жапондық бағалау»,« «Желпуіш» әдістері | ||||
Пәнаралық байланыс | Музыка, жаратылыстану,биология | ||||
Жоспарлан ған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | |||
Басталуы
5 минут |
Ұйымдастыру бөлімі: «Сұрақты қағып ал» әдісі
Кім жүйрік? (cұрақтар қоямын, « иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіздер.) 1.Адыраспан – бөлме өсімдігі ме? ( жоқ) 2.Кактус компьютердің адамға тигізетін, зиянды әсерін азайтатыны рас па? ( иә) 3.Шырша қысы –жазы жасыл болатын ағаш па? ( иә) 4.Жалбыз антисептикалық зат ретінде тіс тазалағыш паста құрамына кіреді ме? (иә) 5.Итмұрын бөлме өсімдігі ме? ( жоқ) 6.Жусан біздің жерімізде өсе ме? ( иә) 7. Жусанның бұтағы Шымкент қаласының төлтаңбасында бейнеленген бе?(иә) 8.Мыңжылдық немесе жүзжылдық алоэның қазақша атауы ма ? (иә) 9.Алоэні «Сабыр шөбі» деп те атайтыны рас па? (иә) 10.Алоэнің Отаны Қазақстан ба? ( жоқ) Сұрақтар арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу. Өсімдіктердің адамзатқа пайдасы Оқушыларды пайдалы өсімдіктердің атауы арқылы топқа бөлу 1.Жусан. 2.Жалбыз. 3.Адыраспан. 4.Алоэ. |
||||
Ортасы
15минут
|
1-тапсырма .Топтық жұмыс.
1. Мәтінді оқып түсініп ,қарамен берілген сөздердің антонимін анықтаңыздар. Антоним дегеніміз не? Жусан Дәрі – түбір бұтағы, Жусан – қырдың жұпары. Жусан- жер бетіндегі өсімдіктердің ішінде ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті «артемизия» деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дəрілік қасиеттерін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай атаған. Ертеректе олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған. Бабаларымыз бұл өсімдікті шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырған. Ал қара жусанның тамыр тəбет ашуға, асқазан, бауыр, ішек, өт қалтасы ауруына ем ретінде пайдаланған екен. Ал бүгін осы əдісті жаңғыртып, оны медицинамен байланыстыра отырып, жүзеге асыруға мүмкіндік бар.
2.Мәтінді оқып түсініп ,қарамен берілген сөздердің синонимін анықтаңыздар. Синоним дегеніміз не? Жалбыз «Жалбызды жерде жан қалады.» Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді.Жалбыздың түрлері көп. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен жолының қабынуына қарсы қолданады.
3. Мәтінді оқып түсініп ,қарамен берілген сөздердің омонимін анықтаңыздар. Омоним дегеніміз не? Адыраспан «Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан»
Халық медицинасында адыраспан ревматизм, қышыма және басқа да тері аурулары кезінде бұлау жасауға пайдаланылады, ал шөбінен жасалған қайнатынды суық тигенде, безгек ауруларына, нерв жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болып табылады. Адыраспанды Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады. 4. Мәтінді оқып түсініп ,қарамен берілген сөздердің көп мағыналы екенін дәлелдеңіздер. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? Алоэ Мыңжылдықтың емі – мың. Алоэ- емдік қасиеттерімен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған өсімдік.Жапырағы қалың. Отаны – Оңтүстік Африка. Алоэ суық тигенді емдейді. Мысалы: тұмау ауруына, жара мен кесілген жерлерді жазады. Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады.Бастағы үлкен ми сыңарларындағы тітіркену мен тежегішті реттейді. Жұмыс істеу қабілетін жоғарылатып, физикалық ауырлықты жеңеді. 2-тапсырма. Жұптық жұмыс Оқулықпен жұмыс. 65- бет. Түс жоруға қатысты сөйлемдердегі қарамен жазыл ған сөздердің синонимін, антонимін тауып жаз.
Түсінде көгершін көрсе, жағдайы жақсарады. Түсінде қараторғайды көрсе, қуанышқа кенеледі. Түсінде үйрек көрсе, мұқтаждықтан құтылады. Түсінде самұрық құсты көрсе, байлығы артады.
«Дәрілік өсімдіктер»-бейнесюжет көреді.
3-тапсырма: Қаратпа, қыстырма , одағай сөздерді пайдаланып ,«Дәрілік өсімдіктер» тақырыбында диалог құрыңыздар. Дескриптор – Тақырып бойынша өз пікірін білдіріп, қарсыласына ашық сұрақ қояды ; – пікірталас кезінде ойдың кімнен шыққандығын білдіретін қыстырма сөздерді қолданады; -қаратпа ,одағай сөздерді – күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды жауап береді. Кері байланыс: Жапондық бағалау Дұрыс,келісемін. Толықтырамын, басқа көзқарасым бар. Менің сұрағым бар . |
Уикипедия материалдары.
Презентация Суреттер, стикерлер
|
|||
15минут
Сергіту |
Жазылым. Жеке жұмыс
Тапсырма Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша құрылымын сақтай отырып, жоспар құрыңыз. «Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. Кітап 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. Екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды. «Қызыл кітаптың» үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. Оның өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылар дың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақ тардың 10, қыналардың 1 түрі берілген. «Қазақстанның Қызыл кітабының» әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді. Жоспар Кіріспе бөлім ____________________________ Негізгі бөлім ____________________________ Қорытынды бөлім ________________________ Дескриптор : – мәтін құрылымын сақтайды; – мәтін бойынша жоспар құрады. ҚБ: «Бас бармақ» әдісі Абай «Желсіз түнде жарық ай» әнін айту |
||||
Аяқталуы
3минут
2минут |
«Төрт сөйлем»
Өзіндік пікір Дәлел Мысал Қорытынды |
||||
Кері байланыс: «Желпуіш» әдісі
Қағазды желпуіш пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабақтан алған әсерін жазады, қалған оқушылар жалғастырады.
Үйге тапсырма: 11 – тапсырма: «Өсімдіктердің адамзатқа пайдасы» -эссе жазу. |
|||||
Қосымша ақпарат | |||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Оқушыларға барынша және шектеулі қолдаулар жасай отырып, сабақ мақсаттарына жету үшін жұмыс істедім. |
Бағалау – Оқушылардың
үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Тыңдау,жауап беру, Төрт сөйлем, «Жапон» бағалау әдістері т.б. |
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс Жаратылыстану ,қазақ әдебиеті, музыка пәнімен байланысты- рылады.
|
|||
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау тапсырмалары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Менің сабақ мақсатым оқыту мақсатына сай, шынайы, қолжетімді болды. Оқушыларым бүгінгі сабақта мақсатқа сәйкестапсырмалар орындады. Саралау тапсырмалары тиімді таңдалып, берілген уақытта сабақты аяқтадым. Бүгінгі сабақ жоспарына өзгеріс енгізбедім.
|
||||
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1:«ПОПС» формуласын( «Төрт сөйлем») тақырыпқа сай тиімді қолдану 2: Топтық жұмыста серіктестермен бірлескен жұмыстың нақты жоспарланып, мақсатқа шынайы жетуі. Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1:Бейнесюжеттер 2:Жұптық жұмыстың грамматикамен контексте берілуі Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетініне не білдім? |
|||||