Тәрбие сағаты “Кемеңгер Елбасы”

Тәрбие сағаты

 

Тақырыбы: «Кемеңгер Елбасы – елімнің тірегі»

 

Мақсаты:

ҚР Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа

толы ел басқару істеріндегі атқарылған жұмыстары туралы мәлімет беру; Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету; Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Елбасы портреті, дәйекті сөздері, суреттері, кітаптары.

 

Барысы:

І. Ұйымдастыру

«Қазақстан – туған елім, байтағым,

Қашан үнім таусылғанша айтамын.

Қарсы аламын Әнұранмен әуелеп,

Қазағымның алтын арай, әр таңын!»

 

ҚР Әнұранын орындау.

 

ІІ. Кіріспе (мұғалімнің сөзі)

  • Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.

Ұмытылмайтын себебі, ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайыршылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. Соның бірі, дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

1986 жыл, 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.

Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, Тәуелсіз ел дүниеге келді.

1991 жылы желтоқсанның бірінде республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Президент етіп сайлады.

I.Көрініс «Түс»

 

ІІІ. Президенттің иннагурация кезіндегі ант қабылдауын тыңдату.

 

ІV. 1-оқушы:

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

Шырақ етіп өмір нұрын,

Алыс жатты алдағы жол.

Ел намысын, елдің жүгін,

Арқалаған ардағым ол.

 

  1. Өмірдерек («Үшқоңыр» әрі орындалып тұрады)

1-оқушы  

  • Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Шамалған ауылы, Қаскелең ауданы,

Алматы облысында дүниеге келді.

Алланың 99 есімі бар. Әжесі сол емсімдердің екеуін Нұр және Сұлтанды қосып көптен күткен немересіне Нұрсұлтан деген атты қойды.

 

2-оқушы

  • Нұрсұлтан мектепте жақсы оқыды. 10 сыныпты Қаскелеңде бітірді. Өзінің

табанды еңбегінің жемісі үшін алғашқы наградасы – Алтын медальға ие болды.

 

3-оқушы

  • Металлург, болат құю – нағыз ер жігітке лайық мамандық деп түйген

Нұрсұлтан Теміртауға аттанды. Сонда еңбек жолы басталды.

 

4-оқушы

  • Жігерлі де жалынды жас, еңбек жолын оқумен ұштастыра білді. Сырттай

Политехника институтына түсіп, оны қызыл дипломмен бітірді.

 

5-оқушы  

  • 21 жасында партияға мүше болды. Кейін Қазақстан Компартиясының хатшысы,

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды.

 

6-оқушы

  • 1991 жылы Желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет ҚР Президенті болып сайланды.

1995 жылы, 1999 жылы, 2005 жылы, 2011 жылы, 2015 жылы жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде ҚР Президенті болып қайта сайланды.

 

Ән «Қазақтай ел қайда» Жанел,Алина

 

VІ. Өлеңдер оқу

1-оқушы

Тұратұғын болашақтың үні кеп,

Тартылар күй айтылатын жыры көп.

Ерекше бір еркіндейік, бауырлар,

Бүгін Тұңғыш Президенттің күні деп.

 

2-оқушы

Кең-байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

 

3-оқушы

Оянады көңілден қайдағы арман,

Бақыт желі емкендей жайлап алған.

Тұңғыш Президентім бар менің елі түгел,

Ақ киізге көтеріп, сайлап алған.

 

4-оқушы

Әнге толсын барлық қала, ауыл бар,

Қағылсын бір барабандар, дабылдар.

Тұңғыш Президент күнін атап өту,

Бәріміздің борышымыз, бауырлар.

 

5-оқушы

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсылтаның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймаған.

 

6-оқушы :

Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.

Өзің болдың көшбасшысы елімнің,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

 

7-оқушы

Ел тірегі – қайратым,

Абыройым, айбатым!

Отан даңқын асырдың,

Көк туымды жайнатып.

Бағымызға жүр аман,

Нұр сәулетті, Нұр аға!

 

8-оқушы

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,

Лебізіңнен ел арманы өрілген.

Сенің арқаң – Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтайды төрімнен!

 

«Менің Отаным»хор

VІІ. Мұғалімнің сөзі.

  • Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі тарихымызға көз жіберсек,

жақсылықтарымыз бен жаңалықтарымыз өте көп. Ең бастысы Қазақстан қарыштап дамыды. Соның бір айғағы – асқақтаған Астана келбеті.

Елбасымыз әлемнің 121 елімен қарым-қатынас орнатты. Дүниежүзіндегі мемлекеттер арасында Елбасының беделі өте жоғары деңгейде. Мұның бәрі елдің ауыр жүгін арқалаған сенімді де алғыр басшы Н.Ә.Назарбаевтың көрегенділігі мен қырағылығының арқасы.

 

VІІІ. Елбасының жүрекжарды жан тербелісі.

1-оқушы

  • «Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойда қуат, ойда

нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін!»

 

2-оқушы

  • «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік

тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ!»

 

3-оқушы

  • «Осы елдің Президенті ретінде де, осы ұлттың бір перзенті ретінде де дәйім

көңілімнің төрінде тұратыны – туған халқым!»

 

4-оқушы

  • «Салтанаты жарасқан қаласы бар, байтағы ұшан-теңіз даласы бар, аруақ

қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етемін!»

 

 

5-оқушы

  • «Ендігі жерде біз, бәріміз, бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Ендігі жерде

бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол жалпақ қазақ даласы!»

 

«Дударай»әні Кәусар(Президенттің жақсы көріп,айтатын әндерінің бірі)

ІХ. Қорытынды

  • Елбасы қандай?
  • Ақылды, батыл, сабырлы, қайсар, дара тұлға, адал, гумманист, еңбекқор,

патриот, мейірімді, сақ саясаткер, ұлтжанды.

 

Бәрі бірге: Елім деп соққан жүрегі

Кемеңгер Елбасы – елімнің тірегі.

 

.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *