«Көкөністер айтысы» ертегісі
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН АШЫҚ ОҚУ ҚЫЗМЕТІ
Тақырыбы: «Көкөністер айтысы» ертегісі
Ересек «Бақыт» тобы
Тәрбиеші: Бақытбекқызы Гүлжанат
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Көкөністер айтысы» ертегісі
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтауға үйрету,тәрбиелеу.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту.
Білімділік: Көкөністер туралы білімдерін толықтыру, көкөністерді сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Достыққа сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар, көрнекілік: Көкөністер атрибуттары, дидактикалық ойын, күз мезгілі слайд, дидактикалық ойын көрнекілігі
Әдіс –тәсілі: көрсету,түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу, бейнебаян көру, ертегіні тыңдау, ойын, сергіту сәті.
Күні: 27.11.2019
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
I Кіріспе бөлім
-Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметімізді тамашалауға тәлімі мол тәрбиеші апайларымыз келіп отыр. Ізеттілікпен амандасайық.
Шаттық шеңбер
Жүректен жүрекке
Біздің топта ұл қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Айналаға, бар адамға
Тек мейірім сыйлаймыз.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Ал,кәнекей бәріміз,
Қош келдіңіздер!
– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
–Күз мезгілінде неше ай бар?
– Балалар күз бізге не сыйлайды екен?
Көкөністер мен жемістер, дәнді дақылдар сыйлайды екен. (бейнебаян көрсету)
Көкөністердің адам денсаулығына пайдасы көп.
II Негізгі бөлім
Тақырыппен таныстыру.
Балалар, «Көкөністер айтысы» ертегісін білеміз бе?
«Көкөністер айтысы» ертегісін орыс халқының Ю.Тувима деген жазушысы жазған екен. Балалар, ертегіні өткен оқу қызметімізде тыңдаған болатынбыз.
Ал, бүгін осы ертегіні келген қонақтарымызға сахналап берейікші.
Ол үшін мен ертегіні тағы қайталап оқып берейін.
Тәрбиеші:
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, картоп, кәдеш пен қып-қызыл піскен қызанақ.
Қырыққабатқа қарашы!
Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.
Көкөністер:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Бұршақ: Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!
Тәрбиеші: Ызаланғаннан қызылша ортаға жүгіріп шықты.
Қызылша:
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
Қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді ши қайда
Мені қосса самсаға,
Жейді бәрі тамсана.
Қияр:
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Қызанақ: Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
Пияз:
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық – барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Картоп: Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!
Қарбыз:
Мен қарбызбын, қарбызбын,
Күннің көзін сүйемін
Ауырса бүйрек, бауырың,
Көмегімді беремін.
Асқабақ: Асқабақтың дәмі
Таңдайымда әлі,
Кептірілген дәмі,
Таптырмайтын дәрі.
Сәбіз:
Сары дәмді ұзынмын
Жер астына тығылдым,
Күзде қазып аласың
Тамаққада саласын
Егер мені көп жесең,
Биік ұзын боласың.
Тәрбиеші:
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!
Сергіту сәті
Ғажайып сәт: Аспазшы келеді
Сәлеметсіңдер ме балалар?
Ал сендер неге дауласып жатырсыңдар?
Тәрбиеші: Қош келдіңіз, аспазшы!
Міне балалар бүгін мен аспазшы апайымызды шақырған болатынмын, аспазшы бізге көкөністердің дауын шешуге көмектеседі.
Ал балалар, «Көкөністер айтысы» ертегісін сахналайық
III Қорытынды
- Балалар бұл ертегі не туралы?
- Неліктен ертегі «Көкөністер айтысы» деп аталған?
Дид-қ ойын: «Бақта ма? Бауда ма?»
Мақсаты: Көкөністер мен жемістердің бақта немесе бауда өсетінін ажырата білуі.
Аспазшымен қоштасу
- Балалар біз қандай ертегіні сахналадық?
- Көкөністер адамға пайдалы ма?
- Қонаққа кім келді?
Жарайсыңдар, балалар! Осымен біздің ашық оқу қызметіміз аяқталды қонақтарымызбен қоштасайық.
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: ертегі кейіпкерлерін атай алады
Түсінеді: ертегі мазмұнын
Қолданады: бір-біріне достық көмекті