Мамандықтың бәрі жақсы

Білім беру саласы:«Таным»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы».
Мақсаты: Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айырықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Білімділік: Мамандық түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Мамандықтар туралы балалардың білімдерін кеңейту арқылы балалардың сөздік қорын, ой-өрісін, шығармашылық қиялын дамыту. Адам өміріндегі іс-әрекеттің маңызын көрсету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелілік: Әр түрлі мамандық түрлеріне және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: маман, тігінші, дәрігер, аспазшы,ұста, етікші,мұғалім, т.б.
Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: мамандық иелерінің суреттері.
Қостілділік компонент: тігінші-портниха, дәрігер-врач, шаштараз-парихмакер, профессия-мамандық.
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Жылулық шеңбері. Қонақтармен амандасу.

Үлкенге де Сіз
Кішіге де Сіз
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз. (Бас иеді).

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Ұйымдастыру-іздестіру
Тәуелсіз мына заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға – деп бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.
Балалар қазір Жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде Неше ай бар?
Балалар, бүгінгі ашық оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы» деп аталады.
Біз бүгін мамандық иелері туралы өтеміз.
Барлық мамандар өмірде өте қажет екен.
Балалар сендер балабақшада күнде қандай мамандық иелерімен
кездесесіңдер?
Директор, тәрбиеші, т.көмекшісі, медбике, аспазшы.

Балалар олай болса жұмбақ шешіп,
-Сендердің кім болғыларын келетіндігін мен жазып алып, «Арман гүліне» іліп қоямын.

Жұмбақтар шешу.

1) Мектептің жүрегі , білімнің тірегі. ( Мұғалім)
– Өте жақсы, олай болса бүгін бізде Гүлім мұғалім болады.
Жақсы оқып сабақты
Білім алып толамын
Бөбектерді оқытар
Мен мұғалім боламын!
(Гүлім мұғалім болып, балалармен әңгімелеседі)

2) Сауықтырар сырқатты , жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
– Өте жақсы, Зере бізде дәрігер болады.
Кішкене әлі баламын,
Таудай болар талабым.
Ақ халатты абзал жан,
Мен дәрігер боламын.
– Балалар қанеки Айдарбек-Данияр бала шығып, дәрігеріміз Зереден ем қабылдайық.

3) Тікті әсем киімді, Дүкенге әкеп ілінді.(Тігінші)
Тігінші қызымыз Жәудірді шақырайық:
Өрнектетіп, сәндетіп
Тігістерін бүгетін
Тігінші болам мен ертең.
Киім – кешек тігетін!
– Балалар мен Жәудірге өзімнің бет орамалымды тіктіргім келіп тұр.( тігін машинасымен іс тігіп балаларға көрсетеді)
– Біздің балаларымыз қандай өнерлі.
4) Тыныштығын Отанның,
Күзететін адам кім?
(Солдат)
Біздің арамызда ел қорғаны болам деп Асхат, Диас, Айдын бар екен. Олай болса ұландарымызды шақырайық:
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Шынығамын таңертең
Ағалардай Отанға
Солдат болам мен ертең!
5) Тәртіп заңды сақтайды, ел сенімін ақтайды (полиция) Нұрасыл
Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртiбiн нұсқаған.
Өмiрiңдi күзеткен,
Ысқырығы күштi адам.
Мен полиция боламын
6)Тәп тәтті тамағы, тамақтың маманы(Аспазшы)
Біздің бүгінгі аспазымыз Жазира – Зере2
Жазира: Дәмді тамақ пісіріп
Өнерлі бала боламын
Халқым сүйген ардақты
Мен аспазшы боламын.

Зере2: Унас сегодня в группе
Будет новая игра
Все девчонки – поварихи
А мальчишки – повара

Зере2 бала шығып компотты дайындайтын жемістерді жинайды
Жазира салат дайындайтын көкеністерді жинайды
Аспазымыздың қолынан дәм татайық.

СЕРГІТУ СӘТІ: Балалар мың бұралған биші де бір мамандық иесі екен. Олай болса біз де бойымызды сергітіп биші болып, би билейік.

Сергіту сәті: Жаттығу биі.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»
Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажетті құралдарды қойып, төрт баланы шығарамын, төрт баланы төрт түрлі мамандық иесіне бөлемін, ойын шартын түсіндіремін. Төрт бала өзіне қажетті құралдарды тез – тез кескін суреттерді құрастырып алады. Алған құралдарымен не істеуге болтындығын айтады және өскенде сол маман иесі болғысы келетіндігін айтады.
ТАҚПАҚТАР
Тұрақбай (ғарышкер)
Көкке ұшамын –
Ұшқыш болар баламын.
Соңына ерем
Ер ғарышкер ағаның

Алихан (шаштараз)
Сән үлгісін қиятын
Шаштараз болам жолына
Түрлі – түсті шаш қиып
Қызмет етем халқыма.

Нұрғалым Құрылысшы:
Қолда темір қалағым
Саздан сарай саламын.
Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.
Мен құрылысшы боламын

Аян (Өрт сөндіруші)
Армандаймын мамандық,
Көңілім бар таланттық.
Өрт сөндіруші қалауым,
Батыр мықты боламын.

Мақсат (музакант)
Как играет музыкант
Как прекрасны скрипки звуки
Уменя большой талант
Золотые руки

Арман (маляр)
Я маляр, шагаю к вам
С кистью и ведром
Свежей краской буду сам
Красить новый дом

Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан,
Сенде бір – кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан!
Балалар осындай мамандық иесі болу үшін білімді, тәрбиелі болып ер жетуіміз керек.

Өте жақсы балалар.
Балаларды мадақтау

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Мамандық түрлерін білеуі, құралдарын атай білуі керек.
Нені игеру керек: Суретке қарап, әңгіме құрауды.
Нені біледі: Үлкендердің , мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *