«ӘР ТҮРЛІ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР» 

«ӘР ТҮРЛІ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР»

 

Тифлопедагог: Аденова Багира Бакитжановна

 

Күні: 1.02.2019 жыл

Тақырыбы: «Әр түрлі  геометриялық  пішіндер»

Мақсаты: Геометриялық  пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас

заттарды таба білуге, көру және есту  қабілетін дамытып, ұсақ

моториканы , тактильді  кинестезияны қалыптасу деңгейін анықтау.

Көрнекілік: геометриялық пішіндер, қағаз, қалам, суреттер, лупа, үлкейткіш экран, айна пирамидасы.

Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап

Барысы: Балалар, бізге келген бүгінгі қонақтармен амандасып

алайық! Балалар қонақтармен амандасады.

Бүгінгі біздің  оқу қызметіміздің тақырыбы: «Әртүрлі геометриялық пішіндер».

Ең бірінші  бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Бір, екі маған қараңдар Үш, төрт мұқият тындаймыз.

 

Дидактикалық ойын:  «Бұл қандай пішін?»

Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу

Шарты: Балалар геометриялық пішіндерді көзін жұмып сипалау арқылы қандай пішін екенін анықтайды.

Балалар біз көзбен және қолмен жұмыс жасаймыз, біз  көзімізбен көп нәрсені көре аламыз, біздің көзіміз жақсы көру үшін не істеуіміз керек? (көзді қорғау керек, көзді емдеу керек, көзілдірікті тағу керек)

 

Жұмбақ.

Төрт бұрышы бар,

Төрт қабырғасы бар .

Бұл қай пішін. (төртбұрыш).

 

Допқа өзі ұқсайтын.

Ерекше бір пішін бар

Бұл  қай пішін (дөңгелек)

 

Үлкейткіш экранмен жұмыс жасау. Балалар экранға қарап әртүрлі геометриялық пішіндерді атап түстерін ажыратады.

Жан жағымызға қараймыз, бөлмеден геометриялық

пішінге ұқсайтын заттарды атаймыз ( терезе, парта, айна, есік, доп)

 

Көзге арналған жаттығу.

Жолды  саламыз.

Күнді саламыз

Терезені саламыз

Жыланды біз саламыз.

Терең тыныс аламыз

 

Айна пирамидасына саусақ арқылы үйдің, күннің, шыршаның суретін  салу.

Тапсырма: Балалар  қағаз қай геометриялық пішінге ұқсайды (төрт бұрыш).

Қағаздың ортасын тауып жоғары, төмен, солға, оңға сызық

саламыз. Жоғарғы оң жаққа төрт бұрыш , жоғарғы сол жаққа дөңгелек, төменгі сол жаққа үшбұрыш,төменгі оң жаққа сопақша саламыз.

 

Үлкейткіш экранмен көзге жаттығу жасаймыз.

Үлкейткіш экран арқылы,  қағаз бетіндегі геометриялық пішінді  көзбен саламыз

 

1Лупа көмегімен суретті аяқта.

Қағаз бетіндегі үйдің суретін аяқта

 

2.Үлкейткіш экран көмегімен нүктелерді қосып сурет сал.

Үлкейткіш экран арқылы қағаз бетіндегі нүктелерді қосу арқылы үйдің бейнесін аяқта

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *