«Ғажайып бау-бақша»

Даулетова Зауре Танабаевна

Білім беру  саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі :  Көркем әдебиет

Пән аралық байланыс : Аппликация, қарапайым математика түсініктерін қалыптастыру.
Мақсаты:

Балалардың «ғажайып  бау-бақша» туралы түсініктерін   бекіту.

Әңгіме, ертегі арқылы сөздерді байланыстырып айтуға ,есте сақтау қабілетерін дамыту.

Қомқорлыққа, ұқыптылыққа, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер :  «Алма ағаштар гүлдеді» атты шығармасы, желім, ақ қағаз, сүрткіш, алма ағашының жемістерінің суреттері,
Тәрбиешінің іс – әрекеті:

Шаттық шеңбер
Ал, балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік,
Қабақ шытқан не керек
Қөңілді боп жүрейік
Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер өте мейрімді, жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұрғандай әсемсіңдер,
Балалар,   қазір жылдың қай мезгілі?

–   Көктем мезгілі .

–  Көктем  мезгілінде  табиғат қандай болады?

–  жел, жаңбыр, құстар  ұшып келеді, ағаштар бүршік атып,  гүл ашады.

Қонаққа «Көктемгі  бақта»  өлеңімен алма ағаштары келеді.

1-бала

Тал шыбығым бұралып

Ағаштарда қызарып

Тұрған ол мен ағашпын

Күнге қарап ұялып

Алмаларым домалақ

Тәттімін бәріненде дәмдімін

Мені бәрі сүйіп жейді

Үлкен –кіші тойып жейді.

2-бала

Бақ ішінде алмалар,
Бар жемісі бағалы
Көрген адам таңданар,
Көздің жауын алады

Аламаларды   көрсетіп, алма ағаштың гүлденгенін, одан жеміс алып бергенін, алманың көлемін түсін, пішіні туралы әңгіме өткізеді.

әңгіме бойынша көрініс:   «Ғажайып бау-бақша»
– Бір күні гүлдеп тұрған бау – бақшаның қасынан ұшып бара жатқан ара  бір жағымды жұпар иісті сезеді, Бақшадан аңқып тұрған бұл қандай жұпар иіс?- деген оймен гүлдеп тұрған ағаштың біріне жақындайды, Ағаштың бұтақтарында жайқалып тұрған нәзік гүлдерге таңырқай қарайды, «Неткен ғажап, әдемі еді!»- деп таңданады, Біраз уақыт өткен соң ол тағы сол бақтың қасынан ұшып бара жатып, гүлдерді тамашаламақ болып тоқтатады, Бірақ жұпар иісті нәзік гүлдердің орнына хош иісті алмалардың өсіп тұрғанын көреді, Ол тағы да таңырқап «Айнала қалай өзгерген, мынау бір ғажап е кен!»- дейді.

Балалар, сендер Жанкелдінің «Ғажайып бау-бақша » әңгімесі ұнадыма? Сендерге қандай жеміс ағаштарын және қандай жемісті ұнайды? Жарайсыңдар балалар олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын :
Жұмбақ:
Көктемде ақ гүл оранады,
Күзде қолға доп оралады                                             (алма)
Сергіту сәті:                                                                                                                      Алма баққа барайық
Алма теріп алайық
Ең үлкенін дәмдісін
Анамызға сыйлайық

Шығармашылық:                                                                                                                   Тәрбиеші балаларға алма ағаштарының гүлденгенін, жеміс беріп тұрған бейнесін жасайтындарын айтып, үлгі бойынша жасау жолдарын көрсетіп, түсіндіреді. Балалар алма ағаштарының гүлдері түскен жерлеріне балдын ала дайындап қойылған қызыл,сары, жасыл алмаларды жапсырады. Тапсырмаларды орындап болған балаларға қосымша сұрақтар қойылады.

– Алма ағаштарына қандай түсті алмалар жапсырдыңдар?                                                     – Алма ағашында қанша алма жапсырдың?                                                                               – Алмалардың көлемдері қандай ?

Балалар,  жасап болған тапсырмаларыңды көрме бұрыштарына алып келіп қойсақ болады.

Ойын: Көңілді алмалар

Шарты: Балалар алма ағашындағы түскен гүлдердің орнына  алма мен алмұрт жемістерін жапсыру.

Алма ағаштары: Балалар рахмет сендерге біз өзіміздің бау-бақшамызға оралатын кез келді. Өзіміздің бау-бақшадан алып клген алмаларымыз сендерге сыйлаймыз. Сау болыңдар.

Қорытынды:                                                                                                              Тәрбиеші балалармен бірге талдау жасайды, «Алма бағы» атты көрмеге балалардың жұмыстарын қояды. Соңында балаларды мараптайды.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *