“Атаға қонаққа барғанда” (“Көркем әдебиет” білім саласы )
Білім саласы: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Атаға қонаққа барғанда»
Мақсаты: Ертегіні оқып беріп мазмұнын түсіндіру.
Міндеттері: Қажет сөзді дұрыс қолдана білуге, байланыстырып айта білуге баулу. Сұрақтарға толық жауап беру арқылы бойларындағы жақсы қасиеттерін дамыту. Қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, мәнерлеп оқу, балалармен бірге оқу, өлең айту, бақылау, түсіндіру, көрсету, мадақтау.
Үштұғырлық: ата-дедушка-grandfather.
Кіріспе:
Шаттық шеңбері
(балалар бірлесіп өлең жолдарын айтады)
«Күн нұрынан алайық,
Алақанға салайық.
Жүрек жылуын алайық,
Күн нұрына қосайық.
Жинап алып барлығын
Қонақтарға шашайық!» (Балалар шашу шашқан кейіпті келтіреді)
Ғажайып сәт: Мұражайға атаға қонаққа бару ( паровозбен бару)
Кәне кімнің бойы ұзын,
Паравозы ол пойыздың, пуф-пуф (балалар тізбектеліп мұражайға барады)
Негізгі бөлім: Тақырып бойынша әңгімелесу. Ата туралы, оның мейірімділігі, еңбекқорлығы жайлы сөйлесу. Суреттерге қарап әңгіме айту.
Сергіту жаттығуы
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Атаның тапсырмалары:
Д/о: «Кім қалай дыбыстайды? Жануарлардың дауысын келтіреді: сиыр – мөңірейді, қой, ешкі – маңырайды, мысық – мияулайды, ит – үреді.
Д/о: «Төлдерді ата»
-Сиырдың төлін не деп атайды?
-Сиыр төлі – бұзау cүйкімді әрі асау.
–Ешкінің төлін не деп атайды?
-Ешкі төлі – лақ, тыныш тұрмайды ол бірақ.
-Қойдың төлін не деп атайды?
-Қойдың төлі – қошақан, өріске қашқан қорадан.
Қорытынды: сабақты бекіту, бағалау, мадақтау, топқа оралу.