Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған “Абай мұрасы” атты әдеби-сазды кеш.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған “Абай мұрасы” атты әдеби-сазды кеш.
Мақсаты– ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер: эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер.
1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге келеді.
1 – жүргізуші –
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Абай мұрасы ”атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
1-оқушы: өлең___________________________
________________________оқиды.
1-жүргізуші –
– Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз – ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
Ендеше бүгінгі байқауымыз 4 кезеңнен құралған,
1.Абай өлеңдерін жатқа оқу.
2.Қара сөздерін жатқа айту.
3.Абайдың әнін орындау
4.Сұрақ-жауап
Осы байқауда әділ баға беретін әділ-қазы алқасымен таныс болыңыздар
______________________________________
______________________________________
______________________________________
Ортаға қатысушыларды шақырамыз.
______________________________________
______________________________________
______________________________________
______________________________________
______________________________________
______________________________________
______________________________________
______________________________________
______________________________________
Реттік санын анықтау үшін жеребе тастаймыз
1 кезең.
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық.
2 кезең Қара сөздерін жатқа айту.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
3 кезең ән орындау.
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді.
4 кезең сұрақ-жауап
1.Абай Құнанбайұлы кім? (ұлы ақын, ойшыл, саяси қайраткер)
2. Абайдың неше қара сөзі бар? 45
3. Абайдың шын аты кім? ИбраҺим
1.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.3 күйі «Тоқжанға», «Май түні», « Абайдың желдірмесі»
2.Абайдың аяқталмаған поэмасы. «Әзім әңгімесі»
3.Абай қай ұлынан кейін тура 40 күн өткен соң қайтыс болады? «Мағауия»
1.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата. Зере, Ұлжан
2. Абайдың өмір сүрген жылдары 1845-1904
3. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім? Ахмет Байтұрсынов
1.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.абайдың екінші әйелі Шын есімі Шүкіман
2.Абай 10 жасында қандай медреседе оқиды? Ахмет Риза
3. Абай Құнанбайұлының шыққан тегі?Тобықты
1. Абайдың поэмасын ата? Ескендір, Масғұт, Әзім әңгімесі
2.Абай кімге ғашық болды? Тоқжанға
3. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? Абайдың ағасының баласы
1. Алғашқы әйелі Ділдә кімнің шөбересі? Қазыбек бидің
2. Абайдың жыл мезгіліне арнаған өлеңдері? Қыс, күз, көктем, жазғытұры, жаз
3. Абайдың өзінде 3 әйелден неше баласы болған? 20
2-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.