Тәуелсіздігім – тұғырым

Тәуелсіздігім – тұғырым

Заманнан жеңіп қатер-қауіптерін,

Бақытты еркіндіктен тауыпты елім.

Тәуелсіз күн тал бесігін,

Жаңбырдай маңдайымнан жауып терім.

 

Осыдан 28 жыл бұрын қазақ елі үшін жарық жұлдыз пайда болды. Ол көк байрағын шалқытып, әлем тарихына мөрін басқан – Тәуелсіз Қазақстан. Ғасырлар бойғы халқымыздың арманы болған, 1991 жылдың 16 желтоқсаны бүгінгі буынның тарихи жетістігіне айналды. Бұл күн – өз тағдырымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен, ұлы күн!

Жер жаһанда қай халық болсын еркіндікте, азатықта ғұмыр кешу бақытын көксейді. Сол еркіндік үшін аянбай айқасып, жанын қияды. Сондықтан да тәуелсіздік жолында тағдырдың тәлкегіне түсіп, азабына шыдаған, қасық қаны қалғанша шайқасып, шыбын жанын шүберекке түйген ата-бабаларымыздың ұрпағымыз!

Ия, Қазақстан – Тәуелсіз ел! Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып, жапырағы жайқала бастады. Тәуелсіздік арқасында қазақтың асқақ арманы – әнге айналды, өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп, керегеміз кеңейді.

Тәуелсіздік – тарихтың сыйы немесе бүгінгі буынның меншігі емес. Менің ойымша, ол- өткен бабалардың алдындағы қасиетті борыш және келешек ұрпақтың, яғни біздің алдымыздағы зор жауапкершілік.  Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдіретін жан жүрегімізбен түсінеміз. Бұл менің егемен мемлекетте, бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауым. Біздің болашағымызды Тәуелсіздіктің ұлы рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады.

Бүгінгі күні менің мемлекетім дербес мемлекет құру бақытына ие болдып отыр. Әрине, басқа бақ қону бір бөлек, сол бақытты бағалай білу – бір бөлек. Сондықтан да, өз тәуелсіздігімізді ұлағаттау біздің басты болышымыз!

 

 

 

Маханбетова Дана Кунанбаевна

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *