Семинар тақырыбы:«Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-педагогикалық қызметтің маңыздылығы»
Мәдени -ұйымдастырушы:Султанова Гауһар Булатовна
Концерттік бағдарлама
Семинар тақырыбы:Концерттік бағдарлама
І жүргізуші:Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
ІІ жүргізуші:Құрметті өнер сүйер көпшіл қауым! Қадірменді көрермен бүгінгі сахна төріне шығатын балаларға қошаметтеріңізді аямаңыздар. Біздің қатысушыларымыз қолдауға әбден лайық. Оған сәлден соң өздеріңіз де куә боласыздар!
І жүргізуші:Көңілім тағы жырламашы,
Сұңқардай көкке самғашы
Әсем әнім шырқама
Туған жердің арқасы – дей келе ортаға орталығымыздың мамандарын шақырайық!
Ән:Ай сәулем!
ІІ жүргізуші:Би билейді талмайды,
Әсем ән де шырқайды
Сүп – сүйкімді Диянаны
Барлық бала тамашалайды –дей келе, Орталықтың бүлдіршіні Шакишева Диянаның орындауында «Бақыт құсы» биін қабыл алыңыздар!
Би: «Бақыт құсы»
І жүргізуші:Қазақ елі қашан да жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан,
Жүздеген ұлт бірге өмір сүреді.
ІІ жүргізуші:Өнерлі жігіт ол біздің,
Өнері бойда тасыған-деп мәдени ұйымдастырушы маманымен бірге Төлеген Қуанышты,«Стиляги» биімен Қарсы алайық!
Би: Стиляги
І жүргізуші:Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, – деп ән кезегіне жол береміз.
Измағанбетов Альмухамедтің орындауында «Тәтті ару» әнін қабыл алыңыздар! Қошаметпен қарсы алайық!
Ән: «Тәтті ару»
І жүргізуші:Жақсы биде өнеге,
«Сегіз қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Биде биле талпынып – дей келе, Құрметті қонақтар! Бізге бүгін қонаққа аспазшылар келіпті!
ІІ жүргізуші:Ендеше, қарсы алыңыздар, Аспазшылар биін!
Би: Аспазшылар биі
ІІ жүргізуші:Мың бұралу аз екен бұл өнерде,
Балқу керек жан-дүниеңмен әуенге.
Бар сезімді көрерменге жеткізу,
Мақсат екен орындалған әр биде, – деген өлең шумақтарымен орталықтың қызмет алушысы Алтынхан Бағлан сахна төріне шақырайық және де биші мамандарымыздың орындауында «Періштелер» биін қабыл алыңыздар.
Би: Періштелер
І жүргізуші:Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ
Ел намысын қорғамақ,
Айсана шықсын ортаға,
Бүгін әнші атанбақ-деп, орталық бүлдіршіні Айсананы «Қара торы» әнімен қарсы алайық!
Ән: Қара торы
І – жүгізуші:Біздің орталықтың қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық, қанеки, тартынбастан – деп, орталықтың жас мамандарының орындауында «Ұлттық биін» қарсы алыңыздар!
Би: Ұлттық би
ІІжүргізуші:Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Осы бір айтулы Семинардың қорытынды сөзін айту үшін сөз кезегін орталық директоры Салмарбекова Ақмарал Қазыбековнаға береміз!
І жүргізуші:Көпшілік құрметіне бөленген бүлдіршіндерімізді концерттік бағдарламаны аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегіміз келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!