Республикалық білім порталы

Sign in / Join

Login

Welcome! Login in to your account
Lost your password?

Lost Password

Back to login

logo

Республикалық білім порталы

  • Мен қазіргі заман педагогімін

  • САЙТТА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

  • Қазақстан-Менің Отаным

  • Екі таңбалы сандарды салыстыру

  • Заттардың қасиеті өзгере ме?

  • Анама көмектесемін. Фигуралар тізбегі.

  • Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі.

  • Түбір мен қосымшаның жазылуы

  • Түбір мен қосымшаның жазылуы

  • Сан және санау

ЖАҢАЛЫҚТАР
Home›ЖАҢАЛЫҚТАР›БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚОРЫМДАРДЫ АРАЛАДЫ

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚОРЫМДАРДЫ АРАЛАДЫ

By admin
Август 10, 2019
1
0
Share:

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚОРЫМДАРДЫ АРАЛАДЫ

Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы XIV-XV ғасырға жататын Абат-Байтақ қорымына және Ойыл ауданы, Саралжын округіне қарасты Шиқұдық ауылының қасындағы ғұн дәуіріне жататын Сорлақмола археологиялық қорғандарындағы қазба жұмыстарына пресс-тур ұйымдастырылды.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Тарихи мәдени мұраларды зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының археологиялық тобының «Ақтөбе облысының ғұн-сармат кезеңі ескерткіштерінің архтектоникасы және кеңістікте талдау» жобасын жүзеге асыру барысында SAS PLANET бағдарламасы бойынша жер бетінің космостық фото түсірілімдерін зерттеу жүзеге асырылды. Оның нәтижесінде облыстың Қобда және Ойыл аудандары аумағында 100 аса бұрын белгісіз қорымдар белгіленіп географиялық координаттары анықталды.

Зерттеу жұмыстары барысында құнды әшекей бұйымдар мен олжалар табылды. Атап айтқанда, керамикалық ыдыстар, қола айна, моншақ, және т.б.

Пресс-тур аясында БАҚ өкілдері Қобда ауданы Абат-Байтақ қорымындағы құлпытастарда дерек көзі болып табылатын жазуларды зерттеуге Алматы қаласынан келген Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдарымен кездесті.

Эпиграфикалық ескерткіш мұраларды зерттеу жобасының құрамында ҚР БҒМ Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері т.ғ.к. Медерова Дина Есіркепқызы, Дүйсенов Бағдат Даниярұлы, Құрманбаева Құралай бар.
Сондай-ақ, ғалымдар алдағы уақытта қорымдағы құлпытастардың композициясы мен әшекейлік-сәндік бірегейлігі және тасты өңдеу технологиясының ерекшеліктерін қарайды.

Ұлы Қобда өзені бойында орналасқан республикалық дәрежеде қорғауға алынған Абат-Байтақ мавзолейі ХІV-ХV ғ.ғ. бірегей халықтық сәулет өнері ескерткіші болып табылады, мұнда 200-ден астам құлпытас бар.

Іс-сапар соңында журналистер ХІХ ғасырдың аяғына жататын Шәкен-ишан мешітіне аялдап, мешіттің тарихи сырына үңілді.
____________________________________
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музкейінің баспасөз қызметі

Фото: Қуат ӘБІЛҚАЙЫР

Previous Article

Үй жануарлары

Next Article

МҰҒАЛІМДЕРГЕ, ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІК!

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

Related articles More from author

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    Тақырыбы: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты мақала

    Март 9, 2018
    By admin
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    VII Международная конференция «Новый Шелковый путь». Модель ООН

    Март 4, 2019
    By admin
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖОО түсушілер назарына!

    Апрель 10, 2018
    By admin
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар

    Январь 14, 2018
    By admin
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жыл

    Январь 31, 2017
    By admin
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    2018 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық аймақтарында балаларды балабақшаларға қабылдау кезегі автоматтандырылады — ҚР БҒМ

    Апрель 10, 2018
    By admin

Leave a reply Отменить ответ

  • БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Сан және санау (1-ден 10-ға дейінгі сандарды санау)

  • Uncategorized

    Волейбол – шымырлық пен шыдамдылыққа тәрбиелейді

  • Uncategorized

    My family and friend