5-сынып. Қазақ тілі.Тақырыбы: Сыртқы келбет және өмір салты

Сабақ. Қазақ тілі №173мектеп-лицей
Күні : Мұғалімнің аты-жөні: Шатемірқызы Ақмарал (жоғары санатты мұғалім)
СЫНЫП: 5

 

Қатысқандар: Қатыспағандар:
8-бөлім «Адамның сырт келбеті мен мінезі»
Сабақтың тақырыбы: «Сыртқы келбет және өмір салты»
Осы сабақта  қол жеткізілетін

оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.ӘТН4.3. Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімдерді зат есім орнына қолдана білу.

5.О2.6.1.Оқылым стратегияларын қолдану, жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

Сабақ мақсаты Барлық оқушылар орындай алады: диалогке еркін қатысып, өз пікірін білдіре алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: берілген материалдар бойынша оқылым стратегияларын орындайды.
Кейбір оқушылар орындай алады: сөздері көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады, оқылым стратегияларын бағалайды.
Тілдік мақсат Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Бойы:   ұзын бойлы, орта бойлы, кішкентай бойлы, аласа. Дене бітімі: денелі, толық, арық, жүдеу. Беті: сопақ, дөңгелек, алма бет, аққұба, қараторы, ақсары.  Мұрны:   қоңқақ, таңқы, жалпақ, пұшық, қыр мұрын, құс мұрын. Көзі:    ботагөз, қысық, қой көзді, көк көз, қара көз.  Қасы:   қиғаш, жіңішке, қалың. Шашы:   ұзын, қысқа, бұйра, сары шашты, қара қоңыр, сирек, жирен. Еріндері: қалың, жұқа. Жас шамасы: кәрі, орта жастағы, 20-25-терде…,

Жүзіктің көзінен өткендей(сұлу),  жүрегінің түгі бар (батыр).

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы

тіркестер:  Сыртқы келбет арқылы адамды толық бағалай аламыз ба? Неге?

Өмір салты сыртқы келбетке  қалай әсер ете алады?

Бағалау критерийі Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпараттарды анықтайды.

Оқылым стратегияланын қолданады.

Құндылықтарға  баулу Зайырлы қоғам жəне жоғары руханият
Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану және бейнелеу.
АКТ дағдылары Сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақта арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады.
Қажетті құрал-жабдықтар Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер, плакат.
Оқыту әдістері Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Алдыңғы оқу:

 

Сын есімдер туралы түсінік бар. Сұрақтары: қандай? қай?
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

 

Сабақтың басы

Раппорт. Сенім орнату 1 минут.

Тақырыпты жариялау – 30 сек.

Мақсат пен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылау

(5 минутқа дейін):

 

— Тапсырма беріп, оның орындау тәсілін ұсыну (мақсаты мен қалай орындалатындығын талқылау, критерийлер ұсыну) – 1 мин.

 

— Тапсырманы орындау — 4-10 мин.

орындаудың нәтижелерін талқылау – 2-4 мин.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

·       Оқушылар топ құрамында қол ұстасып, тақтада жазылған сөздерді хормен айтады:

—        Біз табысқа жететіндігімізге толық сенімдіміз.

—        Біздің қабілеттеріміз күн сайын жақсаруда.

Ендеше, мына әдемі гүлдердей жайқалып жүрейік деп, гүлдерді таңдап алайық.  Гүл түстері арқылы шағын топтарға бөлінеді.

—        Балалар, қандай көңіл күйдесіздер?

—        Тау қопаруға дайынсыздар ма?

—        Тақтадағы суреттерге көңіл аударайық: Сыртқы келбеттеріне қарап адамды тануға бола ма?

 

·       Үй тапсырмасын сұрау

Балалар, үйге қандай тапсырма берілген еді?

— Әр топқа постер дайындау.

— Жарайсыңдар.

— Ендеше, сыртқы келбет пен өмір салты туралы үйге берілген постерлеріңізді қорғауға шақырамын.

 

Топтар шығып, үйге берген  постерлерін бүгінгі білімдерімен толықтыра қорғайды.

1-топқа: «Сыртқы келбетке өмір салтының әсері»

2-топқа: «Киіміне қарап қарсы ал»

3-топқа: «Келбет пен мінез үйлесімділігі»

—        Сын есім дегеніміз не? Түрлерін ата.

—        Сапалық сын есімнің  қатыстық сын есімнен айырмашылығы неде?

Кері байланыс:

 — Сыртқы келбетке қарап, адамды танып-білу оңай ма екен?

— Өмір салтының  адамның сыртқы келбетіне әсері бар ма?

— Неліктен бұл топ өздерін «сангвиниктер деп атаған?

 

Ендеше, сабағымызды жалғастырайық.

Сабақтың тақырыбы:«Сыртқы келбет және өмір салты» 2-күн.

— Сіздер бүгін сабақта не үйренгілеріңіз келеді?

— Сіздердің үйренгендеріңіздің дәлелі қандай болады?

Оқушылар бүгінгі сабаққа мақсат қояды, дәптерлеріне түсіреді.

 

Мақсат қою:

Нақты, қолжетімді, шындыққа негізделген,

өлшеуге болатын,

уақытқа сай.

 

 

«Жарайсыңдар».

«Тамаша».

«Өте жақсы».

«Мен тура осылай жақсы орындайтындарыңды

сезген едім».

 

Дескриптор:

· эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданады.

диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіреді.

·       Сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс: топтың қорғағаны ұнады ма?

Бұл топтан не үйрендің? Нені білдің?

ҚБ: топтар бір-біріне гүлдер ұсынады.

Мақсат қою – белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үздіксіз процесс.

Сабақтың ортасы

Қызығушылығын ояту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

(проблема шешу, өз қолымен жасау, орындау, операциялық кезең).

— Тапсырма мен оның орындау тәсілін ұсыну (мақсаты мен қалай орындалатындығын талқылау, критерийлер ұсыну) – 2 мин.

Тапсырманы орындау — 8-20 мин. (мұғалім бақылайды, көмектеседі, консультация береді, бағыт-бағдар сілтейді, ынталандырады, мақтайды, сынып/топ/жұп жұмысын үйлестіреді).

— Тапсырманы орындаудың нәтижелерін талқылау – 3-5 мин.

 

Тапсырма

 

Мәтінді мұқият оқыңыз, мәтіннің мазмұнына талдау жасай отырып, идеяны анықтаңыз.

Адам тану — даналықтың қайнар көзі. Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес. Өйткені, оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін. Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын.

Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», — деп. Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да, жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпейілділігі, қарапайым, мәдениеттілігі, еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді. Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы, қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан дүниесінің айнасы.

 

•        Зерттеп оқу тапсырылады.

•        Бір оқушы дауыстап оқиды.

•        Топтар бір сұрақтан  құрастырады:

—        Мәтін не туралы?

—        Данышпан бабамыз Ж.Баласағұни не деп айтқан екен? (осылай құрауы мүмкін)

— Балалар,  сын есімдерді табыңдар және атаңдар. (ауызша)

•        Оқушы тақтаға шығып талдайды: қарапайым, кеңпейілді.

Кері байланыс:

—        Тақтаға шыққан оқушылар дұрыс талдады ма?

—        Мәтіннен заттанған сын есімдерді есіңе сақтай алдың ба?

Мәтіндер жазылған парақтарды жиып аламын, топбасшылар тапсырмалар жазылған қағаздарды  алады. Үш қағазда үш түрлі тапсырма жазылған:

1.     Толық мәтін.

2.     Жасырынған сөздерді табады.

3.     Мәтін ретінің орындары алмастырылған.

Топтық жұмыстар:

1-топқа: «Фрагменттерді қалыптастыру».

(Тақырып қою, жоспар құру, сұрақ құрастыру.

2-топқа:

 “Жасырынбақ” ойыны. Оқушылар ақпаратты оқып не жаттап алғаннан соң, ақпарат жасырылады немесе өзгертіледі, ал оқушылар еске түсіруге тырысады. Жасырынған ақпаратты қайта қарауға болмайды.

 

Тапсырма.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз.

Адам тану — даналықтың қайнар көзі. Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес. Өйткені, оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін. Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын.

Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», — деп. Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге   …   жасауы, малға да,       жанға да    …       болуы,          …      ,          ….     ,          ….        ,             …        ,           ….              оның қандай   адам екенін  айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді.  Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің    …          , ұстаған құрал-жабдықтарының,    көлігінің   ….     , қатысатын        …       ,       әуес         …        да    оның жан дүниесінің айнасы.

Өйткені, оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін.

 

Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес.
Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да, жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпейілділігі, қарапайым, мәдениеттілігі, еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді.
Осы есіңізде болсын.
Адам тану — даналықтың қайнар көзі.
Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы, қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан дүниесінің айнасы.
Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», — деп.
Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да.

3-топқа: “Адасқан фактілер”

Тапсырма. Мәтінді ретімен қойыңыз.

Сергіту сәті.

 

М.Мақатаев «Сенің көзің» өлең сөздері жазылған парақтар таратылады.

 

Сенің көзің…

Сенің көзің түпсіз терең,  тұңғиықтан жаралған,

Сонда жатыр, менде жүрген орындалмас бар арман.

Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған,

Шашың сенің – жан баспаған жапандағы қара орман.

 

Қас кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара,

Үлбіреген жүзің сенің  ақ жібек пе, мақта ма?!

Әсем басың әп-әдемі, мүсініңе шақ қана

Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана.                                                                                               2 рет

 

Бағалау критерийлері:

* Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпараттарды анықтайды.

* Оқылым стратегияларын қолданады.

 

 

 

 

Дескриптор

Білім алушы

*мәтіннің негізгі идеясын анықтайды.

*Оқылым стратегияларын қолданады.

*Заттанған сын есімдерді табады.

*Сұрақ құрастырады.

*Жауап береді.

 

 

 

 

 

 

(сұрақ құрастыруды мәтінді  естерінде сақтау үшін бердім)

 

 

 

 

 

Дескриптор:

— Сын есімдерді құрамына, мағынасына қарай талдайды.

— Шырай түрін табады.

— Заттанған сын есімді анықтайды.

 

 

 

 

 

Тапсырмалар бойынша

Дескриптор:

1-топқа:

—      Мазмұнға сай тақырып қояды.

—      Жоспар құрастырады.

 

Кері байланыс:

—        Топтың жауаптары дұрыс па?

—        Несімен ұнады?

—        Бағалаңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор: көп нүктенің орнына жасырынған сөздерді тауып, жазады.

 

Кері байланыс:

—        Топтың жауаптары дұрыс па?

—        Несімен ұнады?

—        Бағалаңдар.

 

 

 

 

 

Дескриптор:

—      Мәтінді ретімен қояды.

Кері байланыс:

—        Топтың жауаптары дұрыс па?

—        Несімен ұнады?

—      Бағалаңдар.

 

Үш түрлі түспен бағалайды.

 

 

Кері байланыс:

—  Оқылым стратегиялары есте сақтау үшін тиімді ме екен?

—  Қай топтың жұмысына жоғары баға бере аламыз? Неге?

Сабақтың соңы

Сабақтың аяғы (проблема шешімін қорытындылау, бағалау-рефлексиялық кезең).

Тапсырманы орындау — 4-10 мин. — Тексеру (өзін-өзі немесе бірін-бірі) және тапсырманы орындаудың (тексеру) нәтижелерін талқылау – 2-8 мин.

7. Рефлексия: сабақ нәтижелерін (не үйренгендігін, жетістіктері мен кедергілерді) талқылау, қорытындылау – 2-5 мин

«Ойтаразы».

«Шығу» парағы

Бұрыннан білетінмін

 

 

Осы бөлімде білдім

 

 

 

 

 

Нені?

·       Сыртқы келбет пен өмір салты туралы не пайымдадың, түсінігің кеңейді ме?

 

·     Сөздік қорың көбейді ме,  қандай сөздер?

 

·      Сын есімнің шырайлары мен заттанған сын есімді түсіндің бе? Қалай білдің?

·

Болашақта білгім келеді Сын есімдер туралы түсінбеген тұстарың бар ма?

Нені білгің келеді?

Менің

Көңіл күйім

 

 

Неге?

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін өзі бағалау және реттеу парақтары үлестіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру 13-тапсырма. «Адамның сыртқы келбеті мен өмір салты» тақырыбына эссе жазып келу.
Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға

тапсырманы қалай

түрлендіресіз?

 

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

«Бас бармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қол шапалақтау»,  «Мақтау»,  «Бағдаршам»әдісі арқылы формативті бағалау түрлерін қолданамын.

 

Денсаулық  жəне қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі).

 

 

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу міндеттері

орындалды ма?

Бүгін оқушылар не

үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?

Оқушылар өзіне қойған жеке мақсаттарына жетті, сөздік қорлары үш-төрт сөзге молайған. «Шығу парағынан» оқушылардың «ағат, жаңсақ басқан, жапандағы қара орман» деген сөздерді үйрендім деп жазғандарынан да байқадым. Деңгейі тқмен А, Ә есімді оқушылардың үздік оқушылардын сыбырлап сұрап жазып отырғандары да мені қуантты, өйткені осылай диалогке түсіп те бала қатарласынан бір нәрсеге болсын үйренді. Балаларға жиі-жиі қолдау көрсетіп, әр алға қарай қадам жасаған сайын, қолпаштап отырдым.
Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: “Жасырынбақ” ойынын топ қызыға, таласа орындады, есте сақтау қабілеттерін байқады, көңіл аударды.

Әр тапсырма сайын берілген дескрипторлар сенімдерін күшейтеді.

Постерді қорғау балаларға қызықты, қорғау арқылы білімдері күшейеді.

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер

еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: қазақ тілінің сабақ кестесіне қатарынан екі сағаттан қойылса тамаша болар екен деп ойладым.

2: жоспар құрғызып үйрету керек, яғни мәтіннің кіріспесіне, негізгі бөліміне, қорытындысына атау табу тапсырмаларын жиі беру керек екен.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Сабаққа берілген тапсырмалар саны 1-2-ден артық болмауы керек екендігіне әбден көзім жетті.

2: Сергіту сәтіне берілген ән. Қызды сипттаған сын есімдердің сыртқы келбет туралы жазғанда қуана-қуана  қолданатындарын айтты.  Яғни, сергіту сәттерін сабақпен жиі байланыстырып, сергіту сәттеріне де  мақсат қоюым керек.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *