Жыл басы -Наурыз!
Сағидуллақызы Жанна
Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық ертеден келе жатқан, салт-дәстүрін дәріптейтін, жыл бойы сарылып күтетін үлкен мерекелерінің бірі. Қазақстанның түкпір-түкпірінде тойланатын Ұлыстың ұлы күні болып саналатын, жыл басы деп білетін бұл мереке қазақ тарихында да ерекше орын алады. Осы мереке арқылы халқымыздың тарихы, яғни тұрмыс тіршілігі көрінеді. Наурыз мерекесін тойлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бала күнімізден оны тойлауды тәрбиемізге, қанымызға ата-анамыз, ұстаздарымыз сіңірген болатын, міне тағдырдың қалауымен мен де ұлағатты ұстаз атанып, балаларға осы дәріптеу, болашақ ұрпақтың бойына оны сіңірту біздің міндеттің бірі болып табылады.
Наурыз – жыл басы. Парсы тілінде “нау” – “жаңа”, “руз” – “күн” деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын – ала дайындалады. Ала қыстан ентелей шығып, қыс қаншалықты қатты болса, жаз солай жылы боларына сеніген қазақ халқының тарихында Әз-наурыздың алатын орны өте ерекше. Міне, осы мереке біздің балабақшада да ерекше аталып өтуде.
Наурыз мерекесін балаға дәріптеуде балабақшамыздың ата-аналары да ертеңгіліктерде үлкен үлес қосты. Бүлдіршіндеріміздің ең кіші «Балапан» тобында өткен ертеңгілікте ата-аналар өздерінің қазақ халқының салт-дәстүрін қаншалықты жақсы біліп, санасына сіңіргендігін көрсетті. Олардың жүзіне қарап, кішкене бүлдіршіндерге атадан қалған дәстүрін үйретуге асық екенін байқадым. Кейде үйімізде балаларымызға осы дәстүрдің мәнісін түсіндіруге де қолымыз да тимей жатады, міне осы жағдайларда балабақшаның тигізер пайдасы орасан зор. Ата-ана мен балабақшаның байланысын нығайту мақсатында осындай ертеңгіліктер өтуде. Балапан тобының аналары балаларына «Шілдехана» тойының қалай өтетінін балаларға көрсетіп, ұлттық асық, бестас ойындарын ойнап, балалық шағын еске түсіргендей болды.
Барша бүлдіршіндерге үлгі болып жүрген «Тұлпар» ересек тобының балалары осы уақытқа дейін Наурыз жайында көп мәлімет жинағанын көрсетіп, тіпті наурыз көжесінің құрамын жатқа айтып, ұлттық ойындарды жіпке тізіп айтып, ұлттық би билеп, тамаша ертеңгілік көрсетті. Балалардың өнеріне көзі тоймай ата-аналар балаларына риза болып, өзінің ақ ниетті батасын беріп, ертеңгілікке арналған Көжелерінен дәм таттырды.
Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. “Бұлақ көрсең, көзін аш!”, “Бір тал ексең, он тал ек!”, деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз – достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Осы мақсатты ұстана отырып, балақшада барлық топтарға, педагогтарға, жалпы қызметкерлерге ұйымдастырылған іс-шара өтті. Яғни әрбір топ, әрбір қызметкер балабақшаның аулсына ағаш, гүл отырғызып, арқа-жарқа болып, Наурыз мерекесін керемет көңіл-күймен қарсы алды.
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Осыны бала бойына дарыту біздің басты мақсатымыз, осы жолда көп ізеніс те тынбай жүріп отыруы тиіс.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718