Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық

Айсагалиева Асылай

Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екібуынарасындағыортақмақсатміндеттер, ортақмазмұндықжүйе, баланыжүйелісатылыдамыту, бірбуыннанекіншібуынғанеғұрлымсәттіөтугебағыттау, екіншіденбілімберудіңәдістемелікжүйесініңәрбіркомпонентініңүйлесімділігі.
Ә. Бидосовбылайдеген “Сабақтастықдегеніміз – мектепжасынадейінгілер мен бастауышмектептегіпәндердіоқытудыңәртүрлісатысындабалалардыңбілімдерініңарасындақажеттібайланыстар мен қатынастарорнату”.
Балалар білім икемдігі мен машықтарын пайдалану және одан әрі дамыту кезінде олардың оқу ісінде әр алуан байланыстарорнату, жаңабілім мен бұрынғыбілімдіөзарабайланыстыру. Соныменбірге, білімдікеңейту мен тереңдету, оқығандардыжаңа, жоғарыдеңгейдебайыптау”.
Балабақша мен мектепарасындағыбайланысформаларыныңсабақтастығынекіөзарабайланыстыаспектігебөлугеболады: ақпараттық – ағартушылықжәнепрактикалық.

Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердіңоқу – тәрбиежұмысыныңміндеттеріменөзаратанысуын, балабақшаныңжоғарғытоптары мен мектептіңбіріншісыныбыбағдарламалармазмұнынзерттеудіболжайды. Осы мақсатқабайланыстымынадайформаларымұғалімдер мен тәрбиешілердіңбіріккенпедагогикалықкеңестеріндебалалардыңмектепкедайындығымәселесібойыншақатысуы, дәрістерменөзараалмасуыжәне т. б.жұмыстардыжүзегеасырукерек.

Екінші, тәжірибелік аспект – біржағынанмұғалімдердіңбалабақшадаөздерініңболашақоқушыларыменалдын ала танысу, екіншіжағынан, тәрбиешілердіңбұрынғытәрбиеленушілердібақылапотыруыменбейнеленеді. Берілгенмазмұндыжүзегеасыруформалары: мұғалімдердіңболашақоқушыларментанысуүшінбалабақшадағыдайындықтоптарғажүйеліқатысуы, олардыңіс – әрекетінбақылау, балалардыңдиагностикаларыныңнәтижелеріменжәнемінездемелеріментанысу.
Қазіргіоқутәжірибесіндемектепкедейінгіжәнебастауышмектепоқуындағысабақтастықтыжүзегеасыруданегізгіекібағыттарынбелгілеугеболады. Олардыңбіріншісі, балалардамуыныңтемптерінкөбейтужәнемектепкедейінгімекемелердіңмектептегіоқудыңталаптары мен ерекшеліктерінежетуміндеттерінентұратынтәжірибегесүйенеді. Екінші, бастауышмектепкедейінгібілімдер, іскерлікжәнедағдылардыдамытутактикасынанегізделеді. Мұнда В. В. Давыдовтыңбелгілеуібойынша, бастауышмектеполардыжүйелейдіжәнежалпылайды, оқуға, жазуға, санауғажәне т. б. үйретеді. Біздіңкөзқарасымызша, бұлбағытжан – жақтыемес, бірақбіріншісінеқарағандакөпқаланады.

Сабақтастықты жүзеге асырудағы мұғалімнің міндеттері:
– кезеңнің маңыздылығын сақтау;

– қоршаған ортамен баланы қарым – қатынасқа даярлау;

– жеке тұлғалық, танымдық қасиеттерін дамыту;

– оқу еңбегін ұйымдастыруға дағдыландыру;

– оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру;

– осы бағытта ата – аналармен әңгіме жүргізу;

– психологиялық зерттеулер қорытындысын оқу – тәрбие үрдісінде басшылыққа алу.

Сабақтастықты жүзеге асырудағы мұғалімнің әрекеттері:
– әрбір балаға педагогикалық – психологиялық карта бастау;

– оқыту мен тәрбиелеу үрдісін сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының философиясының негізінде ұйымдастыру;

– бастауыш сынып мұғалімдерін сынып сағаттарына шақыртып, таныстыру;

– бастауыш сыныптардың апталық жиынына қатысу (2 – ші жартыжылдықтан);

– бастауыш буында өтетін шараларға балаларды белсене қатыстыру;

– әрбір балаға, сыныпқа педагогикалық мінездеме жазу;

– әрбір оқушының шығармашылық жұмыстарын жеке папкаларға жинақтау;

– балаларды мектептің бірыңғай тәртіп талабымен таныстырып, талапты орындауға баулу.

Базалық бастауыш білім беру (6 – 10 жас)

Мақсаттары: Білім алуға, оқу мазмұнына тұрақты қызығұшылық тудыру. Болашақта ғылыми білім жүйесін саналы игеруді қамтамасыз ететін ойлау түрлерін дамыту.

Негізгі әрекеті: оқу әрекеті

Психикалық ерекшелік: Рефлексия, іс – әрекетін ішкі жоспарлау, еркін сезіну

Жеке тұлғадағы өзгеріс: Өзін оқу әрекетінің субъектісі ретінде сезіну, ұстаз авторитеті.

Сабақтастықты жүзеге асырудағы мұғалімнің міндеттері:
– даярлық сыныптағы даму деңгейіне, қабілеттеріне сүйену;

– даярлық сыныпта жетік қалыптаспаған қасиеттерді жетілдіру бағытындағы арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру;

– ойын арқылы оқу әрекетін қалыптастыру;

– психологиялық зерттеулер қорытындысын оқу – тәрбие үрдісінде басшылыққа алу;

– осы бағытта ата – аналармен әңгіме жүргізу.
Сабақтастықты жүзеге асырудағы мұғалімнің әрекеттері:
– даярлық сынып сабақтарына қатысып, балаларды сырттай бақылау;

– 1 – сыныпта ойын әрекетін басымырақ қолданып, біртіндеп оқу әрекетіне көшу;

– сабақты 1 – ші ауысымның 2 – ші сағатынан бастап, 35 минуттан өткізу;
– қоңырау үзілістерін 10 – 20 минуттан жылжымалы ойындар түрінде ұйымдастыру;

– әрбір баланың педагогикалық – психологиялық картасын жалғастыру;

– бейімделу жағдайларын үнемі бақылауда ұстап, мектеп психологына хабарлап отыру;

– оқыту мен тәрбиелеу үрдісін сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының философиясы мен әдіс – тәсілдері негізінде ұйымдастыру;

– бастауыш сынып мұғалімдерін сынып сағаттарына шақыртып, таныстыру;

– бастауыш буында өтетін шараларға балаларды белсене қатыстыру;

– бастауыш сыныптардың апталық жиынына қатысу (2 – ші жартыжылдықтан);

– балаларды мектептің бірыңғай тәртіп талабына, бірыңғай орфографиялық, каллиграфиялық талаптарға үйрету;

– әрбір оқушының шығармашылық жұмыстарын жеке папкаларға жинақтауды жалғастыру;

– әрбір балаға, сыныпқа жазылған педагогикалық мінездемені зерттеу, толықтыру.

Сөйтіп, балабақша мен мектептің байланысын орнату үшін, балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларын біреге дамыту жолымен жүргізілуі керек. Мұнда мектеп белгілі бір мектепке дейінгі мекемені өз қарамағына алу, тәрбиелік шараларды бірге өткізу; мектепте 1 – сыныпқа оқушыларды қабылдауда балабақша тәрбиешілерін қатыстыру, мектеп туралы кинофильмдер көрсету, кездесулер ұйымдастыру, еңбек әрекетін бірігіп өткізу қажеттілігі туады.

Екі ұйым арасындағы әрекет:

Мектепке дейінгі мекеме — танымдық әрекет — мағлұмат алады, талдайды, ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды. Бастауыш сынып — оқу әрекеті — оқи алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа түсініктер қалыптасады. Мектепалды дайындық тобының балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылмау керек. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды
Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата – ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнайы және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау ауқымды мәселе. Көптеген жұмысты талап етеді. Мектепке дейінгі мекеме мен мектеп арасында өзара байланысты орнату. Көптеген ата – аналар баланың мектепке баруы үшін тек әріптерді танып, санай алса болғаны деп тұжырымдайды. Әрине, бұл да маңызды фактор алайда, баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына назар аудармайды. Бұл кезең балалар үшін өте ауыр. Әрине, мектепке дейінгі мекемеде өзіндік әдіс – тәсілдерін қолданады, психолог – педагог та балалармен жұмыс жүргізіп мектепке дайындығын тексереді. Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығы деген не? Бұл баланың мектеп бағдарламаларын қабылдауында психикалық жағынан дайын болуы.
– Ерік – жігерінің дайын болуы

– Мотивациялық дайындық

– Интеллектуалдық дайындық

– Физикалық дайындық

– Коммуникативтік дайындық

– Ұсақ саусақ бұлшық ет моторикаларының жетілуі.
Интеллектуалды толысу – бұл назарды топтастыра алу, құбылыстар мен жаңалықтар арасында байланыстар орната білу, логикалық есте сақтаудың дәрежесін көтере білу, үлгілер, мысалдар келтіру, ақыл – ойды дамыта білу қабілеті 6 – 7 жасқа бала білуі керек: Өзінің мекен – жайын, тұратын жерінің атауын қала, ауыл. Мемлекетінің атауын, бас қаласын. Өзінің ата – анасының аты – жөндерін, қайда, кім болып жұмыс жасайтынын. Жыл мезгілдердің ауысуын.

Ай, апта атауларын. Ағаштар мен гүлдер атауларын. Үй және жабайы жануарларды ажырата білу.
Мотивациялық толысу – (баланың оқуға деген ынтасының болуы) яғни баланың – оқушы атануы жайында тілегенің болуы. Мектептің бала үшін білім ордасы екенін түсінуі. Мектеп жайында балаға тек жағымды хабар беру.

Ерік жігерінің толысуы – баланың алдына мақсат қоя білуі. Өзінің әрекетінің нәтижесін бағалай алуы. Үлкендер талап еткен талапты орындай алуы. Баланың ерік жігерінің қалыптасуына бейнелеу өнері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру және құрастыру әсер етеді.
Баланың өмірде болатын әрбір жағдайды қабылдауында, оған деген әсерін білдіре алуында көрініс табады. Зеріктіретін өте ұзақ жұмысты атқаруда, күйзеліс жағдайларына төтеп беруде маңызы зор.
Қарым – қатынас дайындығы (коммуникативтік дайындық)- баланың өзін – өзі басқара алуы яғни ұжымдық қарым – қатынасқа түсе алуы. Яғни балалармен бірлесіп жұмыс жасай білуге, керек кезде өзінің көзқарасының дұрыстығын қорғай білуі немесе қателігін мойындауы. Қатарластарымен болатын қарым – қатынастың қажеттілігін, балалар тобына сіңісіп кетуді, мұғалімдер мен оқулықтардағы тапсырмаларды түсінуін тұспалдайды.
Физикалық даму жағынан дайындық – денсаулығының жарамды болуы. Шыдамдылық, шыныққан бір орынында 35 – 40 минут отыра алуы. Жүйелі білім алуда баланың жұмыс жасай алу қабілеті оның жас ерекшелігінің қажеттілігіне сай физикалық дамуының деңгейі.
Ұсақ саусақ бұлшық ет моторикасының жетілуі – 6 – 7 жасқа қарай бала қарындаш пен қылқаламмен әртүрлі әдіс – тәсілді қолдана еркін сурет сала білуі. Суретте бірнеше заттарды бейнелей алып, тұтас бір мазмұнда сурет сала білу. Штрихтау, суреттерді контур шетіне шығармай бояу. Тор көз, қисық жол, ұзын жол дәптерлерінде бағдарлап жұмыс жасай білу.
Жоғарыда айтылған факторлар (ықпалдар) ескерілсе мектепке дейінгі мекемемен, бастауыш буын мен ата – ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнайы және психологиялық жағынан дайындығы дұрыс қамтамасыз етіледі.

Халық даналығындағы: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала ма» деген пікірге сай бала өмірінде ойынның маңыздылығын қолдаймын.
Екі басқыш арасындағы әрекет:

Бастауыш мектеп пен мектепалды даярлық тобының оқыту-тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырудағы сабақтастық.

  1. Біріккен педагогикалық кеңестер. Ол кеңестерде былтырғы және биылғы оқушылардың салыстармалы түрде қиындықтары мен жетістіктерін бөлісеміз. Әрбір педагогикалық кеңесте, директор жанындағы кеңесте даярлық пен 1 сынып арасындағы мұғалімдерінің іс-тәжірибелері талданады.
    2. Өзара пікір алмасып, озық іс-тәжірибелерін бөліседі.
    3. Сабақ пен тәрбие сағаттарына өзара үнемі қатысады.
    Келесі жылы 1- сынып қабылдайтын мұғалім үнемі жыл бойына даярлық сынып сабағына қатынасады. Жоспар бойынша даярлық тобының балаларын мектепке бейімдеу жұмыстары жүреді. Баланы мектепке бейімдеуде отбасы тәрбиесінің дұрыс болуы; тәрбиеші мұғалім мен қарым-қатынасы мен жұмыс істеу әдістеріндегі сабақтастық маңызды рөл атқарса, осы орайда даярлық, бастауыш сынып ата-налармен кездесу өткізіледі.

Өмірді жаңа тани бастаған баланың балабақша-мектепалды сынып –бастауыш мектеп оқу-тәрбие әрекетін жүйелі де дұрыс ұйымдастырсақ- алғыр ойлы, зерек, қағілез, ширақ, батыл балдырғанды тәрбиелеудің алғы шарты.
ХХІ ғасыр-бәсеке ғасыры, олай болса, Отанын сүйетін, тілімізді, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгігін ұстайтын, кез-келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтардың тәрбиесін бесіктен, балабақшадан, мектепалды дайындықтан, бастауыш сыныптан бастап жүзеге асырады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *