3 саны және цифры

Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның филиалы Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп-балабақшасы.

Тәрбиеші: Орынбекова А.Ж.

Орта топ.

Кіріктірілген  іс -әрекетінің жоспары

Кіріктірілген білім салалары: «Таным» + «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетің түрі: Математика/Мүсіндеу.

Тақырыбы: 3 саны және цифры

1.Математика

  1. Мүсіндеу

Мақсаты: 3 санын, цифрын қайталау. 1-3 ке  дейін тура және кері санау.

Міндеттері:

  • Сандар арасынан 3 санын табу
  • Ұсақ қол моториканы дамыту
  • Логикалық ойлау, есте сақтау қабілетті арттыру.

Әдіс-тәсілдері, түрі: әңгіме құрастыру,сұрақ-жауап, ойын

Дамыту ресурстары:

https://www.igraemsa.ru/igry-dlja-detej/matematicheskie-igry/tangram-cifry-1

Тангарм сандарды жазу

https://www.youtube.com/watch?v=FIznvlqBwSc Моцарт – Жүрек сазы

Мотивациялық-қозғаушылық

Алдын ала жұмыс

Оқу іс-әрекетіне келісім шарт жасау.

Оқу іс-әрекетінде қандай боласыңдар?

Күзгі баққа саяхат бару

1-2-3 тура санау

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң алтын күн.

Қайырлы таң жер Ана,

Қайырлы таң достым.

Күніміз сәтті өтсін!

Табиғат бұрышындағы сызбалар бойынша

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
  • Бүгін ауа райы қандай?
  • Бір аптада неше күн бар?
  • Апта деген ағайдың жеті бірдей досы бар

Біріншісі – Дүйсенбі

Екіншісі – Сейсенбі

Үшіншісі – Сәрсенбі

Төртіншісі – Бейсенбі

Бесінші – Жұма

Алтыншы – Сенбі

Жетінші —  Жексенбі

Бүгін аптаның қай күні?

-Күн бұлттанып,қабағын түйіп тұр?

— Не жауады екен? (жаңбыр тырсылының дыбысы шығады)

— Жаңбырдың астында су болып қалмас үшін,балабақшамызға оралайық,

3-2-1 кері санау.

Ойын: Бағдармаш

  • Бағдармашның неше түсі бар?
  • Қызыл түс жанғанда не істейміз?
  • Сары түс жанғанда не істейміз?
  • Жасыл түс жанғанда не істейміз?

Бағдармашның астында  себетте тұрған  доптар шашылып қалады.Балалар жинайды.

Ойын: «Достарынды тап»

Шарты: Әуен ойнайды. Балалар топ ішінде билеп жүріп,әуен тоқтағанда өз түсін табады.

Ойын: Өз түсінді тап.

Шарты: Себеттерде жасыл,қызыл,сары түстер ілініп тұрады. Шарларды себетке салады.

Балалар сендер топтарға бөліндіңдер.

  1. Кызылдар тобы – 3 санын тап
  2. Жасылдар тобы – 3 санын ермексазбен безендір /

 

 

 

  1. Сарылар тобы- Танграм 1-2-3 сандарын жаз /дамыту ресурстарында көрсетілген сілтемеге өтіңіз/

Ойын: « Сандар шеңбері»

1-5 дейін сандар шеңбер бойынша қойылады. Балалар аяқтарымен басып тұрады. Әуен ойнаған кезде,айналып жүреді,әуен тоқтағанда ,нұсқаушы қандай түсті атаса,сол сандар қағаздарын көтеріп тиісті сан бойынша секіреді.

  • Қарақұмықпен 1 санын жазады
  • Тарымен 2 санын жазады
  • Сұлы дақылымен 3 санын жазады

Қорытындылау: Келісім шартты көрсетіп,сендер қандай болауға тырыстыңдар?

Мақсаттарын жетіңдер ме?

  • Оқу іс- әрекетінде қандай болдың?
  • Жауапкершілікті болу үшін не істедіңдер?
  • Тәуекелшіл болу үшін не істедіңдер?
  • Іс –әрекет барысында не істеп үйрендіңдер?

Ұсыныс: Ата-аналарыңнан,достарыңнан сұраңдар,олар санауды қалай үйренді екен.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *