“Атамұра” баспасынан шыққан басылымдардың ерекшелігі
Атамұра баспасы — қазақ халқының рухани мұрасына қызмет ететін, ұлттың мәдениетіне маңызды үлес қосатын баспа ұйымы. 1992 жылы құрылған бұл баспа білім, әдебиет, және мәдениет саласында орасан зор жұмыс атқарды. Баспаның тәуелсіздік алғаннан кейінгі 32 жыл ішіндегі еңбегі елдің ұлттық санасын жаңғыртып, рухани, мәдени тұрғыда дамуына зор ықпал етті. Осы кезеңде Атамұра баспасы өз кітаптарымен елдің ой-санасын ашып, жас ұрпаққа білім мен тарихты терең түсінуге жол ашты.
Білім — өмір шамы. Ол жанса, өмірің жарқын болар, сөнсе, қараңғыда қаласың,демекші,дәл Қазақ халқындағы ,тәуелсіздік жылдарыбілім жағдайын құтқарып,саналы ұрпақ қалыптастырған “Атамұра”баспасы дер едім.Неге?Себебі айдан анық,ең алдымен Атамұра баспасының не өзгешелігі бар?деген сұраққа жауап берейікші.Атамұра баспасының сан жылғы еңбегінің тарихы өте тереңде,еліміз бостандық алып,ғылым мен білім әлі қатты дамымағантұста,,қараңғы халыққажарық сыйлады.Баспаны қалаушы жан әкесі сыйлаған джигули көлігін сатып,бүкіл ақшаны тек білім жолында жұмсап,ең керекті дүниені шығарды.Сол кезеңдегі ең сапалы,мән-мағынасы шарықтағы,бағасына сай шыққан туынды,өтірік емес,дәл сол тұста ротапринтпен басылған ресейлік кітапшаларда шығып тұрды ал сапасы төмен.Осылайша Атамұра баспасыөз міндетін,жұмысын өте жеткілікті деңгейде бастап,оқырманның сүйікті,асыға күтер баспасы болды.Кеңес кезеңі ғой сол,қазақтың миына әбден өтірікті сіңгіріп,улап тастаған.Қандай ел өз тарихын білмеуші еді?Ол ел болашақта қалай жеке мемлекет болып дамымақ?Бірақ,бұл мәселе де шешілді.Қуанышқа орай,Ресей патшалығы жасырған,қазақты соқыр қылған ,олқылықты тарих артта қалды.Сенесіздерме? Атамұра баспасы бұл өтіріктітарих бетінен жойып,оқырмандардыяки қазақтың барша жұртының көзін ашты.Мысалы,1995 жылы 10 сыныптарға арнап,Қазақстан тарихы оқулығын шығарып,нағыз бет-бейнені көрсетті,бұл кітап сыртында еліміздің сол кезеңдердегі туы бейнеленген.Сол кезеңде өз ұлтының құндылықтарын,мәдениетін,әсіресе тіл мен тарихты білу өте маңызды істердің бірі болды.
Енді мынаған назар аударыңыз. Ағылшын тарихшысы О. Кэроу: «Араб әліпбиінің орнына кириллицаны енгізу Орта
Азия халықтарын сол кезде араб әліпбиін пайдаланып келген Түркия ықпалынан бөліп тастауды көздеді». Өте
құнды ой ғой. Танымал ғалым Мекемтас Мырзахметов шынайы тарихқа сусап отырған оқырманның қолына
«Атамұра» баспасы арқылы «Қазақ қалай орыстандырылды» аталатын жаңа еңбек ұсынды.
Мұнда миссионерлер Ильминский, Алекторов, Остроумов және тағы басқалардың бет-бейнесі ашып көрсетілді.
Олар қазақты орыстандыру үшін қандай тәсілдер қолданғанын автор жеке-жеке талдады. Шоқындыру. Аралас
орыс-түзем мектептерiн ашу. Дәстүрлі араб жазуынан орыс жазуына көшіру. Жер атауларын өзгерту. Бұл кітаптың
ішкі жүйелеуі ерекше назар аударады. «Ел қалай орыстандырылды?», «Жер қалай орыстандырылды?» және «Сана
қалай орыстандырылды?» деген тараулар «Атамұра» баспасында зерделі редакциялау жұмысы бірден жолға
қойылғанын аңғартады.Демек қазақ деген атты жер бетінен жойып жіберуге ұмтылған Ресей патшалығының ,әсіресе тіл жағынан бездіруді ойлаған қаншама жылғы олқылықтарын кітап бетіне жазуға мүмкіндік туды,бұл өте үлкен жетістік.Сол сананы орыстандырған дәуірден шығу да оңайға түспегені анық,ал кейбіреулері тіпті тәуелсіздікке қуанбай,өз елінің жеке,азат дамуына сенбеген.Өте өкінішті, алайда БАҚ арқылы халықты басқару өте маңызды.Ал қазір ол сәттен бері 32 жыл шамасында өтті.Еліміз білім жағынан әлем бойынша 35 орынды иеленгенде нағыз еңбектің қадірін,жетер жетістігін,қаншама жылғы тер мен жұмысты ұқтым.Ал Атамұра баспасынан шыққан баспалардың қандай ерекшелігі бар?Ең алдымен ол-білім,тарих,рухани дамыту,ащы шындық,өнеге.Дәл-дәл керектері.1993 жылы әйгілі демограф Мақаш Тәтімовтың”Қазақ әлемі” атты кітабы жарық көріп,бұл кітапта демограф мұрағатты ақтарып,бар білген шындығын паш етті.арихтағы қаралы кезең ашаршылық…… Республика басшылары қанша жерден жасыруға тырысып,1932 қазақ халқы саны 4,2 миллион болуы тиіс еді,өлген адамдардың санын қанша жерден тығып,бұрмалап,әрең-әрең тірі адамдардың санын 1,5 миллионнан асыра алмаған.Бұлсанақты темір сандыққа салғандай,көміп тастап еді,кейіннен қаншама қазақ ашаршылықтан,қаралы кезеңнен қайтыс болды,түгелдей жарты халық.4,2 миллион….. Қайран қазағым…Осы шындықты қаншама жыл өтірікпен қаптап келдіғой,қазақ елі өз болмысын ұмытуға шақ қалып еді.Міне ең керекті,маңызды ақпарат,қаншама қалың қазақтың көзін ашып,Ресей патшалығының көрсеткен қорлығы тарих беттерінде Атамұра баспасы арқылы оқырманға шұғыл жетті.Баспада өте сынды,маңызды,ең-ең керекті дүниелер жарыққа шықты.Тағы бір ерекшелігі құқық аясындағы туынды.Қазақ мектептерінде “Қоғам тану”атты пән болатын,алайда,”Просвещение”баспасындағы орыс тіліндегі кітап баспасының аудармасы ғана болды.Мүлдем Қазақстан жайлы бір ауыз сөз жоқ,оның елге не керектігі бар?Әйтседе Кеңестік кезең,бағынушылық артта қалды,осы олқылықтын алдын Атамұра баспасы алып, тәуелсіз ел екенімізді айшықтайтын,қоғамдағы маңыздылығы бар құқықтанумен айналысты.Білім министрлігің рұқсатымен қазақша-орысша “Қазақстан мемлекеті және құқығының негіздері” атты кітап жарық көрді. Мұны белгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, сол тұста Абай атындағы
Алматы мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы Ғайрат Сапарғалиев жазды. Кешікпей Ұлттық ғылым
академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры болып тағайындалды.Әрбір баспа өте сапалы,жоғары деңгейде шығатыны сөзсіз.Және редакторлардың да үлесі зор,әрбір әріп пен сөйлемнің дұрыс жазылуын қадағалап,қате яки дұрыстығын тексеретін сауатты корректорлар жұмыс жасады.Бұл ілім мен ғылым жолындағы алғашқы қадам мен алғырт,ең маңыздыәрекеттердің бірі.Осылайша баспа өз қызметін жетік деңгейде жеткізіп,мектеп аясында оқулықтарға дем беріп,саналы қоғам қалыптастырды.Түрлі-түрлі,не керек,соның бәрі бар.Ал қазақ жазба әдебиетін қалай ұмытуға болады?Қазақ жазба әдебиет тарапына да жаңа дем беріп,арнайы Абайдан басталғандағы жат қалмауы қажет.Иә,бұл бастама үшін алдымен “Атамұра”кітапханасы” және “Атамұра “мектеп кітапханасы” атты сериялар жарық көрді.Естеліктер» сериясында мұқабада жеке, ірі пландағы портрет тұрса, мұндағы
мұқаба ішкі мазмұнға сай сурет салынатын болды. Осы ерекшелік ұзын саны екі жүзден асып кеткен әдеби
кітапта тегіс сақталып келеді. Автордың аты-жөні мұқабада төменнен жоғары қарай жазылады. Аты ғана жіңішке
төртбұрышпен қоршалады. Осы кішкене төртбұрыш келесі жоғарыдан төмен сызылған ұзын ақ төртбұрышпен
қиылысады. Бітік төртбұрыштың ішін суретші салған кескіндеме толтырып тұр. Оған қара көлеңкесі бар ақ курсив
қаріппен кітап аты жазылған. Осы стиль өте сәтті табылған.2002 жылдан бастап,”Абай Құнанбайұлының өлеңдері “Қалың елім,қазағым” атпен оқырманға жол тартты,шығармаларыда дәл осы баспа арқылы жарық көрді.Осы сәтте айтып өтер кереметтілік,ұлы тұлғалар жайлы сөз қозғап кету.Өзімнің тәжірибем бойыншада айтсам,кітаптың авторы жайлы ақпарат беру,өте құнды нәрсе.Кейін,2003 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлы жайлы”Қазақ айнасы” деген атпен өлеңдер мен поэмалар жинағы шықты.Шынында да Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ өлеңдерінің нағыз айнасы еді,әр өлеңі шабыт сыйлар нағыз туынды.
Айта берсең баспаның 32 жылда сіңірген еңбегі едәуір,тіпті сөз жетпес.Бұл жазылған тең жартысының тіптен жартысы.Бұл баспа менің өмірімде де кездесіп,ақпараттарды кеңінен сыйлап,мектеп қабырғасында да білім мен ғылым,әрі тәрбиені ұлықтаған ең асыл,ғажап баспа болды.Атамұра баспасынан мектеп оқулықтары,әдеби шығармалар болсын балалар әдебиеті,ғылыми-зерттеу еңбектерін,ұлттық құндылық т.б бәрін,бәрін табуға болады.Ғажап емеспе?Дәл 1 ғасыр алдын осындай үдерісті адамзатқа айтсаң тіпті сенбесте еді,таңғалып.Ал қазір баспаның қоғамдағы рөлі зор,адамды басқара алатынына тағы үлкен дәлел.«Атамұра» баспасы – қазақтың ұлттық санасын жаңғыртып, ұлттың мәдени мұрасын заманауи білім мен руханияттың айнасындай етіп ұсынатын мәңгілік шырақ іспетті.Бұл баспа – қазақ халқының бай мұрасын жинақтап, оны заманауи оқырманның жүрегіне жеткізетін мәдениет мәйегі,қазақ халқы қаншама елеулі,жүрек толқытар,ақырғы демдегі жағдайларды өткергенде бұл қалайша кітап беттерінде жазылмай қалмақ?Оның үстіне,халықтың тең жартысы сенер,сенбесін,өтірік не шындығын ажырата алмай,естерін жия алмаған кезеңдерінде жарық ете баспа өз қызметін атқарды.Қазіргі тілмен айтқанда “маркетинг” әу бастан жақсы болды.Қалай дейсіздерғой,сол кезеңде парақ бетіне шыққан жазылымды алып студенттерге апарып берші,қалай қызыққаны соншалықты келесі күні іздеп,жалғасын сұрастыра кетет.Міне Атамұра баспасының мықтылығы.Ұлттық мәдениет пен тілге жаңа дем ,басымдық беріп,қазақша контенттің сапасын көтеруге зор үлес қосты.Әсіресе Ресейдің ықпалынан әзер шыққан қазақ жұрты,қалай әп сәтте өз тілін жаңғыртпақ,өз ана тілінің беделін ұлықтатпақ.Тағы да ,тағы да баспа құдіреті.Қазақша контент дамуын сол тәуелсіздік жылынан бастау,32 жылда өз жемісін беріп отыр!«Атамұра» – білім мен өнерді тоғыстырып, ұрпақ санасын байытуға арналған сарқылмас қазына әрі қазақ мәдениетінің ғасырдан ғасырға жеткізуші ұлы мұра!
Қадір Аружан,ҚазҰУ ,Журналистика факультеті
1 курс