Сабақты зерттеу-тәжірибе алмасу алаңы
Ибраева Турсынхан Жанаткановна,
директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар
Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ
Андатпа. Мақалада оқу процесінде зерттеу әдісін қолданудың ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу жұмысының мақсаты – зерттеу сабақтарын ұйымдастырудағы оқудың тиімділігін анықтау, мектепішілік бірлескен жұмыстың нәтижелілігін көрсету.
Кілт сөздер: зерттеу, кәсіби даму, сыни ойлау, дағдылар, бақылау, ресурс, эмоция.
Аннотация. В статье рассматриваются особенности использования метода исследования в образовательном процессе. Цель научно-исследовательской работы – определить эффективность обучения при организации исследовательских уроков, продемонстрировать эффективность внутришкольной совместной работы.
Ключевые слова: исследования, профессиональное развитие, критическое мышление, навыки, контроль, ресурс, эмоции.
Annotation. The article discusses the features of using the research method in the educational process. The purpose of the research work is to determine the effectiveness of teaching when organizing research lessons, to demonstrate the effectiveness of intra-school teamwork.
Keywords: research, professional development, critical thinking, skills, control, resources, emotions.
Қазіргі таңдағы мектеп талаптарына сәйкес – мектеп әкімшілігінің және педагогтардың үздіксіз даму, іздену үстінде болатын ұжымынан құрылуда. Сондықтан батыл шешім қабылдағыш, педагогикалық мақсатқа сай өзгерістерге тез бейімделе алатын, білім беру инновациялық технологияларын, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістерін игеру, үйрену, ұйымдастыру және психологиялық құрылымдарды өзгерту, ұйымдастыру – оқу процесінің басты қағидасы болып табылады.
Жас ұрпақтың жаңа заманға сай өмір сүру дағдысын қалыптастыру мақсатында білім беру саласында білім берудің жаңа мазмұны енгізілуде. Себебі, болашақ өмірі үшін өзіндік санасы қалыптасқан, өзі атқаратын, өзі қалайтын іске жан қалауымен бара алатын жеке тұлға тәрбиеленуі қажет. Қазіргі таңда барлық мектептерде жаңартылған білім мазмұнына сәйкес үдеріс орын алуда. Баланың білім алуы мен тәрбиеленуіне үлес қосатын мектеп мұғалімдерінің тәжірибелеріне өзгеріс енгізу үшін қазіргі уақытта әрбір педагогке өз білімдерін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа әдістер мен технологияларды оқып, көруімізге болады. Сол жаңалықтардың бірі – жаңаша тәсіл Сабақты зерттеу (LessonStudy).
Сабақты зерттеу тәсілі мұғалімдердің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде дамытудың тиімді амалы екендігі барша педагогикалық жұртшылыққа мәлім. тәжірибесін жетілдіруге бағытталған педагогикалық амал. Бұл белгілі бір мұғалімдер Сабақты зерттеу – сабақтағы іс-әрекетті зерттеу арқылы мұғалімнің біліктілігі мен оқыту тобының кемінде үш сабақты бірлесіп жоспарлаудан, оқытудан, бақылау мен талдаудан тұратын цикл. Сабақты зерттеу тәсілін қолдану арқылы мұғалімдер демократиялық түрде өз сабағын зерттей отырып меңгеруге және өз оқытуының сапасын жақсартуға ықпал ете алады.
«Мінсіз мектеп» бағдарламасы бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстың инновациялық қызметінің бағыты, құрылымы және жоспары құрылып, жүзеге асырылды. Инновациялық қызмет – жаңашылдықтар мен инновациялық үдерістерді игерудің мəнін ашуға, мұғалімдердің педагогикалық идеяларын іске асыруға, əзірлеуге жəне жүзеге асыру қабілетін қалыптастыруға ықпал етуде.
Соның ішінде Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық үрдіс.
Мектеп бойынша Сабақты зерттеу үрдісі бастауыш және орта және жоғары буында барлық пәндер аясында қолданылды. Мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір педагогикалық тәсілді\стратегияны, оқыту мен оқу әдіс-тәсілдерін қалай дамытуға болады деген мәселені шешу үшін оқушылардың білімді қалай игеретінін зерттеді.
Мектеп бойынша инновациялық қызметті ұйымдастыру барысында 09.11.2022 жылғы №384-ө бұйрықпен 16 сабақты зерттеу топтары құрылды. Олардың қатарына әкімшілік мүшелері, мектеп тренерлері, деңгейлік курстан өткен ұстаздар, ӘБ жетекшілері, жас мамандар кірді. Сабақты зерттеу (LS) өзін – өзі басқару, реттеу мен дамытудың ұтымды құралы ретінде бірлесе жоспарлаудың, тәжірибеде туындаған мәселелерді бірлесе шешудің, сабақ жоспарларын жақсарту үшін сабақтарды бірлесе талдау мен талқылаудың үздіксіз даму мүмкіндігін беретіндігіне күн сайын көз жеткізудеміз.
Оқыту мен оқу үдерісіндегі іс-әрекетті зерттеу бойынша жүргізілген жұмыстарды зерделеу арқылы білім сапасын арттыру, мұғалімдердің іс-тәжірибесімен бөлісу, тарату аясында сабақтар жүргізілді. Сабақта ұстаздың алға қойған мақсаты – мұғалімдердің оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердерінің тиімділігін анықтау және білімдерін тәжірибеде тиімді қолдана алуына ықпал ету. Зерттеу сабақтың нәтижесінде мұғалімдерде кәсіби білімдерін үнемі көтеріп отыру қалыптасты; педагог мамандардың шығармашылық көшбасшылық қабілеттері жоғарлады; білім берудің жоғары нәтижесіне (пәндік олимпиадалар, ғылыми зерттеу жобалар, пәндік сайыстар т.б) қол жеткізді; сабақты зерттеу, іс-әрекетті зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді; мұғалімдер мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде іс-тәжірибесін таратты.
Зерттеу жұмысына кәсіби оқыту әдісін енгізуге бейіні бар мұғалімдер (сауалнама, социограмма) іріктелініп алынды. Топ құрамына модератор болып тәжірибелі мұғалімдер іріктелді. Әр топтың зерттеу сұрақтары, қолданылатын стратегиялары, күтілетін нәтижелерін анықтап, топ мүшелерімен отырыс өткізіді. Неге оқытудың әдістерін зерттеу керек? Қалай жүзеге асырамыз? Ол үшін не істеуіміз керек? Осы срақтарға жауап бере отырып, жүйелі зерттеу, іздену жұмыстары ұйымдастырылды. Жинақталған деректерді сараптап, «Сүзгіден өткізу» әдісі арқылы зерттеу сұрақтары анықталды. Олар негізінен топтастырып, түрлерге жинақталды. Зерттеу сұрағының түрлері төмендегідей топтастырылды:
- Сипаттамалық (Мысалы, оқушылар мұғалімнен қаншалықты жиі көмек сұрайды?);
- Өзара байланыстырушы (Оқушылардың эмоциялық интеллект деңгейі мен өзін басқара білу қабілеті арасындағы байланыс қандай?);
- Салыстырмалы (Адал немесе авторитарлы көшбасшы кезінде команда жұмысының айырмашылығы қандай?);
- Себеп-салдарлы (Белсенді стратегияларды қолдану оқушының қызығушылығын арттыруға қалай әсер етеді?).
Бекітілген жоспарға сәйкес жыл бойы «Сабақты зерттеу» топтарының біріккен сабақтары арқылы оқыту мен оқу үдерісіндегі мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында зерттеу сабақтары жүргізілді.
Мектеп бойынша құрылған сабақты зерттеу топтары келесі бағытта жұмысты атқарды:
– Lesson Study-ді қандай сыныпта өткізетіндіктерін анықтап алды;
– Әртүрлі білім алушы топтың шынайы өкілі болып табылатын үш оқушы анықталды;
– Жалпы дағдылар немесе жекелеген пәндер үшін қажетті дағдылар бойынша сыныпта оқитын оқушылардың ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар топтар таңдалды;
– Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтетінімізді нақтыладық;
-Оқыту әдісінің қолданылу ретіне назар аудара отырып, сабақтың әр кезеңі жоспарланды;
– Бақылаудағы әрбір оқушыдан қандай реакция күтетініміз болжанып бақылау парағына жазылды. Бақылаушылар арасында кім қай бақылаудағы оқушыны (оқушыларды) қадағалайтынын келісілді;
– Сабақ барысында қолданылатын ресурстар қалай қолданылатындығы дәл анықталды;
– Lesson Study топтары зерттеу жұмысын аяқтаған соң оқушылардың пікірін, не пайдалы болғанын, олардың нені білгенін және олардың көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін, сабақты тағы бір рет өткізсе нені өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды;
– Зерттеу сабақтан кейін бірден жиналып, топ мүшелері Lesson Study-ден кейінгі жетістікті, жіберілген кемшілікті, оны жою жолдары қарастырылып талқыланды.
Жұмыс барысында туындаған қиындықтарды, шешу жолдарын қарастырып топ мүшелері осы оқу жылында жұмысты жалғастырды.
Мектеп тренері әр топ модераторлары мен топ мүшелерімен кездесулер ұйымдастырып, кәсіби қолдау жұмысы ұйымдастырылды. Жаңадан топқа қосылған ұстаздар үшін сұрақтар қоя отырып, сабақты зерттеудің қадамдары/алгоритмі берілді.
- Зерттеу сұрағы қалай жасалады?
- Зерттеу тақырыбын таңдаңыз;
- Таңдаған тақырыбыңыз бойынша алдын ала зерттеу жүргізіңіз;
- Таңдаған тақырыбыңыз бойынша “қалай” және “неге” деген ашық сұрақтар қойыңыз;
- Әртүрлі типтегі сұрақтарды ойластырыңыз;
- Өз аудиторияңызды зерделеңіз;
- Ең жақсы сұрақты таңдаңыз т.б.
Жоспар негізінен оқыту әдісін:
– оқыту үшін, оқу үшін бағалау әдістерін дамыту;
– А,В,С деңгейдегі таңдап алған оқушыларды және сыныпты бақылау арқылы өзгерісті анықтау;
– оқушылардың пікірін түсіну;
– түйінді идеялар негізіндегі оқытуды жақсарту нәтижелілігін зерделеу;
– қайта жоспарлау негізінде оқытуды жақсарту бойынша топ мүшелерінің ұсыныстарын ескеру;
– оқушылардың пікірін, қажеттіліктерін түсіну (кері байланыс);
– түйінді идеялар негізіндегі оқытуды жақсарту нәтижелілігін зерделеу;
– зерделенген сабақ пен жаңа ұсыныс негізіндегі сабақтың тиімділігін арттыру;
– ерделенген сабақ пен жаңа ұсыныс негізіндегі сабақтың тиімділігін арттыру;
– мұғалімдермен коучинг-семинар өткізу.
Кездескен қиындықтарды шешу жолдары қарастырылып, оқыту коучингтары ұйымдастырылды.
Мектепте Сабақты зерттеу тиімділігі
Мұғалімдер үшін | Оқушылар үшін |
Бірлесіп жұмыс жасау арқылы, өзара ынтымақтастық орнады;
Сабақты зерттеу үрдісіне қатысып, оқыту дағдыларын дамытты; Кіріктірілген сабақтар тиімділігі анықталды; Кәсіби даму мүмкіндігіартты; СТО жоғарылады; Жинақталған ақпараттарымен бөлісу шеберханасы пайда болды. |
Оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік туды;
«Оқушы үні» арқылы өз ойларын нақты жеткізу,ұсыныстар айту; Бір-бірін бақылайды, салыстырады, қорытындылайды; Сыни ойлау дәрежесіне жетту; Кері байланыс арқылы өзіндік пікірі қалыптасты. |
Бірлескен жұмысты құжаттау.
Бірлескен жұмыс нәтижелерін құжаттау үшін жұмыстың бағыттары, атқаратын міндеттері және бөлінген рольдерімен танысып, атқарылған жұмыс нәтижесін SWOT талдау арқылы, атқарған жұмыстың күшті тұстары мен мүмкіндектеріне талдау жүргізілді.
Сабақты зерттеу жұмысын құжаттандыру: жоспар, хаттама, цикл сабақтарының ҚМЖ-сы мен бақылау парақтары, сұхбат, талдау, кері байланыстан кейінгі талдау. Атқарылған жұмыстардың нәтижесін шығаратын қадамдарын ұсына отырып, әдістемелік материалдар жиынтығын құру әдістемелік нұсқаулықтар, оқу-әдістемелік бюллетеньдер, ұсынымдар т.б түрі арқылы құжатталды.
Жетекші мектеп пен серіктес мектеп имиджін жарнамалау, жеткен нәтижелерді жариялау арқылы қалыптастырылды.
Бірлескен коучинг пен тәлімгерлік (белгілі уақыт көлеміндегі жарияланым): кәсіби сұхбат, мониторинг жүргізу арқылы;
Орындалған жұмыс нәтижесін қолма – қол жариялау арқылы жедел жарияланым жүзеге асырылып отырады.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесін диаграмма, гистограмма, сауалнама, социограмма талдауларын салыстырмалы түрде нақты дәлелдерді қолдана отырып аналитикалық есеп түрінде ресми түрде жарияланды.
Жарияланымдарды сондай-ақ ішкі және сыртқы деп топтастырамыз.
Ішкі жарияланымға: бірлескен жұмыстың нәтижесін таныстырылым, талдау арқылы әдістемелік және педагогикалық кеңестерде қарап, жариялаймыз.
Серіктес мектептермен бірлесіп, біліктілікті арттыру және кәсіби даму мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізіп: семинарлар, коучингтер, вебинарлар, шеберлік сабақтары, ашық есік күндері және т.б. түрін қолдана отырып, жұмыс нәтижесін қала, облыс, республикалық кезеңдерде жарияланды.
Бірлескен жұмыс нәтижелері тәжірибе алмасу үшін іс-шаралардың нәтижелері туралы ақпараттар БАҚ құралдарында жарияланып отырады. Атап айтсақ: «Диалог, Тағылым, Үздік ұстаз және т.б көптеген мерзімдік басылымдар. Сонымен қатар ортақ проблемалық сұрақты шешудегі бірлескен жұмыс нәтижесін әлеуметтік желіде, яғни сайт, блогтар, ресурстық порталдар арқылы ақпараттық-әдістемелік іс-тәжірибе алмасу мақсатында жарияланады (Facebook\Instagram\Youtube).
LS сабақтарды талқылау кезінде оқушылардың мысал мен дәлел келтіруді ажырата алмауы, қорытынды жасауға, тұжырымдап сөйлеуге әлі де болса оқушыларды төселдіру керек екендігіне көзіміз жетті. Жоспарлау кезінде жиналған деректерді үнемі жаңғыртып, өзгерістер енгізіп отыру үнемі назарда. Ол үшін іс-шаралардың орындалуы тексеріліп, бағамдау жүргізілді. Жоспарға түзету енгізу белгіленген іс- шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызды. Мектеп қызметкерлерін, ата-аналарды, оқушыларды жетістіктермен, қажет болса, кездесетін кедергілермен үнемі хабардар етіп отырдық. Ол үшін мектептегі веб-сайттарды, мектеп бюллетенін, ашық есік күндерін,баспасөз парақтарын, БАҚ құралдарын пайдаландық.
Сабақты зерттеу нәтижесінде:
- Оқушылардың айтылым және тыңдалым белсенділігі артты;
- Мәселені шығармашылықпен, ізденушілікпен шеше алуға тырысады;
- Өз тұжырымын ұсынады және дәлелдей алады;
- Іс-әрекетіне жауап беру жауапкершілігі артты;
- Оқудағы әрекеттестікті жоспарлай алады;
- Ойын нақты әрі дәл жеткізе алады.
2023-2024 оқу жылында қалалық, облыстық, республикалықрежимінде өткізілетін сабақтар мен семинарларға пән мұғалімдерінің қатысуы ұйымдастырылды.
Бірлескен жұмыс нәтижелерін құжаттау үшін жұмыстың бағыттары, атқаратын міндеттері және бөлінген рольдерімен таныстырып, атқарылған жұмыс нәтижесін SWOT талдау арқылы, атқарған жұмыстың күшті тұстары мен мүмкіндектеріне талдау жасалды. Құжаттау кезінде бірлескен жұмыстың тиімділігін анықтау барысында жасаған негізгі іс-әрекеттердің қысқаша сипаттамасына тоқтала отырып, не/қандай жұмыс сәтті болды? сұрақтарына жауап берді.Туындаған қиындықтар және іске асырылған шешімдер қабылдау кезінде жоспар мен нақты іске асқан жұмыстың түсіндірмелермен айырмашылықтарын айтып берді.
Қорытындысын шығару кезеңінде жіберілген кемшіліктер бойынша алдағы атқаратын жұмыстын алгоритімін атап өтті.
Қазақстан Республикасы білім беру мекемелерінің инновациялық озық тәжірибелерін қолдану арқылы мұғалімдер түрлі байқауларға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Республикалық, облыстық, қалалық іс – шараларға қатысушы ұстаздардың кәсіби көзқарасында түбегейлі өзгерістер байқалды.
Қорыта келе мұғалімнің оқушыларға білім беруге деген өзгеруіне байланысты кәсіби білім алуға ынтасы артты. Өз қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалана бастады. Республикалық, облыстық конференцияларға қатысу деңгейі артты.
Жалпы ұстаздар үшін Сабақты зерттеу- тәжірибе алмасу алаңына айналды.