Хаттама
Әдістемелік бірлестік отырысының №1 хаттамасы
Ергазиева Гульзада Шынбергеновна
2023 жылдың 28-тамызы күні бастауыш сыныптар бірлестігінің алғашқы отырысы болды.
Қатысқаны – түгел
Қатыспағаны – жоқ
Күн тәртібінде:
- 2023 – 2024 оқу жылына ҚР жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшіліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру.
- 2023 – 2024 оқу жылына әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын бекіту
- 2023-2024 оқу жылына бастауыш сынып мұғалімдерінің сағат бөлінісі туралы тарификацияны қарау және бекіту туралы
- Күнтізбелік – тақырыптық жоспарды, үйірмелер, факультатив сабақтарын бекіту.
- Баяндама: «Жаңартылған мазмұндағы сабақты тиімді жоспарлаудың ерекшеліктері»
Ғ.Жумахметова
Тыңдалды:
Бастауыш оқу ісінің Ж.Т.Қалиева жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, 2023 – 2024 оқу жылына ҚР жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды.
Бірлестік жетекшісі Г.Ш.Ерғазиева жаңа 2023 – 2024 оқу жылына арналған әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарымен таныстырып, бірлестік мүшелерінің атқаратын міндеттері айқындалды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бірлестік жетекшісі Г.Ш.Ерғазиева 2023-2024 оқу жылындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу жүктемесін айтып өтті. Мұғалімдердің апталық жүктемесі төмендегіше бөлінді:
Р/с | Аты–жөні | санаты | сыныбы | әліппе | қазақ тілі | әдебиеттік оқу | Математика | жаратылыстану | дүниетану | Көркем еңбек | бейнелеу | музыка | Үйден оқу | Вариат.
комп |
барлығы | ||
1 | Сансызбай Алтынкүл Мұқтарқызы | Педагог-сарапшы | 2а | 4 | 3 | 4 | 1 | 1 | 1 | 1 | 15 | ||||||
2 | Ысқақ Шамсия Абдулхайқызы | Педагог-сарапшы | 2б | 4 | 3 | 4 | 1 | 1 | 1 | 14 | |||||||
3 | Бекмурзаева Жанаркуль Курманбаевна | Педагог-сарапшы | 3а | 4 | 5 | 9 | |||||||||||
4 | Махамбетова Нургуль Шудабаевна | Педагог-модератор | 3б | 4 | 5 | 9 | |||||||||||
5 | Жанназарова Гулзаура Көбейсиновна | Педагог-сарапшы | 3в | 4 | 5 | 9 | |||||||||||
6 | Достыбаева Айсамал Жарасовна | Педагог-сарапшы | 4б | 4 | 5 | 9 | |||||||||||
7 | Шамуратова Куралай Сражадиновна | Педагог-сарапшы | 4а | 4 | 5 | 9 | |||||||||||
8 | Кәдірбай Айман | Педагог-зерттеуші | 1а | 6 | 4 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 15 | ||||||
9 | Жумахметова Галия Абдешовна | Педагог-сарапшы | 4б | 6 | 4 | 10 | |||||||||||
10 | Достанова Рая Женисовна | Педагог-сарапшы | 4аб | 4а | 8 | ||||||||||||
11 | Сандибекова Лаззат Зинединовна | Педагог-сарапшы | 4аб-2 | Мат -2 | 2б-1,
3абв-3 |
8 | |||||||||||
12 | Ергазиева Гульзада Шынбергеновна | Педагог-сарапшы | 3абв-9 | 9 | |||||||||||||
13 | Торғаева Назымкүл | Педагог-модератор | 1б-1 | 2б
3абв 1б |
4аб-2 | 8 | |||||||||||
14 | Абдразак Қуаныш Әділбекқызы | Педагог-сарапшы | 3абв | 3ав-2 | 8 | ||||||||||||
15 | Мамбетжанова Бакыткул | Педагог-сарапшы | 4б-2 | 1б-1 | 1б-1 | 4аб-2 | Қаз-1 | 1аб-2 | 9 | ||||||||
16 | Жақсыбаева Мадина Асанқызы | Педагог-модератор | 1б-1 | 3б-1 | 2аб-2 | Оқу ж тіл д-1, орыс т -1,айнал ә -0,5,қол еңб-0,5 | 2а-1 | 8 | |||||||||
Келесі мәселелермен мұғалімдер пікір бөлісті. Былтырғы жыл қорытындысына талдау жасалды. Бастауыш сынып бірлестігінің іс–шараларын өткізу жоспарын талқыланып, түсіндірілді, тәжірибе алмасты. Бақылау жұмыстарының алыну сапасына көңіл бөлініп, жақсарту жолдары қарастырылды.Бірлестік жұмыстарындағы жұмыс жоспарының орындалуына көп көңіл бөлінді.
Ынтасы төмен оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, ата –аналармен қатынасып отыру керектігі тапсырылды.Сыныптардың сапа көрсеткіштерін жақсартуға ат салысу міндеттелді. Пәндер бойынша үлгермеуші, үлгерімі төмен шыққан оқушылармен жеке жұмыстар ұйымдастырылып,нәтижеге жұмыс істеу жүктелді.
Барлық пәндер бойынша тест жұмыстарын жүргізу керектігі айтылды.Сабақтар сапалы да, заман талабына сай деңгейде өтілуін мұғалімдерден талап етілді.
Төртінші мәселе бойынша бағдарламаға сай күнтізбелікті, үйірмелер, факультативтік сабақтарды әдістемелік бірлестікте бекіту туралы қорытынды жасалды.
Бастауыш сынып мұғалімі Ғ.Жумахметова «Жаңартылған мазмұндағы сабақты тиімді жоспарлаудың ерекшеліктері» атты баяндама жасады. Өзінің іс – тәжірибесінде күнделікті сабақтарда қолданатын әдістерін айтып өтті. Баяндама бойынша сұрақтар қойылып, оны талқылады.
Мәжілістің соңында Тіл күніне арналған шараға жоспар құрылды. Оған сынып жетекшілер мерекеге арналған таным сағаттарын өткізуді ұйғарды.
Қаулы шешімі:
- 2023 – 2024 оқу жылына әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары бекітілсін.
- Күнтізбелік – тақырыптық жоспар құру кезінде әдістемелік-нұсқау хат басшылыққа алынсын.
- Жоспарға сай іс – шаралардың уақытында өткізілуі бірлестік мүшелеріне, әр сынып жетекшісіне жүктелсін.
- Бірлестік отырысының хаттама негіздері директор жанындағы кеңеске ұсынылсын.
5.Осы шешімнің орындалуы әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Г.Ш.Ерғазиеваға міндеттелсін.
Әдістемелік бірлестік отырысының төрайымы: Г.Ерғазиева
Хатшы: Р.Достанова