АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, МАҢЫЗЫ

Аңдатпа: Мақалада академиялық жазылымның маңызы мен ерекшеліктері туралы айтылады. Академиялық жазылым дегеніміз – зерттеушінің ғылыми мәтіндерді оқуына, түсінуіне және жазуына мүмкіндік беретін тілдік құзыреттілігі. Академиялық жазылым – бұл әлемдік білім беру салаларында және ғылыми ортада кең таралған ақпараттық үдерістерді, академиялық қарымқатынастарды, халықаралық тәжірибе алмасуларды жаңаша дамытуға бағытталған құзыреттердің дәстүрлі түрі.

Аннотация: В статье рассказывается о значении и особенностях академической подписки. Академическая подписка означает, что исследователь языковая компетентность, позволяющая читать, понимать и писать. Академическая подписка – это подписка на мировые образовательные и научные на развитие информационных процессов, академических связей, международных обменов опытом, широко распространенных в среде традиционный вид направленных компетенций.

Annotation: The article describes the meaning and features of academic subscription. Academic subscription means that the researcher language competence that allows you to read, understand and write. Academic subscription is a subscription to the world educational and scientific for the development of information processes, academic relations, international exchanges of experience, the traditional type of directed competencies widely spread in the environment.

Кілт сөздер: термин, университет, колледж, құжат, академиялық сауаттылық, мақала.

Ключевые слова: термин, университет, колледж, документ, академическая грамотность, статья.

Key words: term, university, college, document, academic literacy, article.

«Академиялық жазылым» термині әлемдік білім беру жүйесінде, әсіресе, академиялық қызметке дайындық дәрежесін, яғни университетте немесе колледжде оқуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, сондай-ақ ақпараттық дереккөздермен байланысты кез келген кәсіби қызметпен шұғылдануға және қандай да бір құжаттарды жазуға қажетті дайындығын анықтау үшін кең қолданылады. Осыған байланысты академиялық сауаттылық деңгейі абитуриенттің университетке дайындығын, сонымен бірге маманның басшы болуға әзірлігін айқындауға меже болып табылады [1].

Академиялық жазылым – эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы. Академиялық жазылым – жеке ойлары мен идеяларын білдірудің және оны негіздей білудің әрі оларды мақсатты аудиторияға жеткізе білу дағдысы. Академиялық жазылым – бұл ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы. «Академиялық жазылым дағдысын білу – бұл академиялық ортада табысты болудың негізі», – дейді Ресей ғалымы И.Б. Короткина. Академиялық жазылым жазбаша қатысыммен байланысты мәселелерді шешуді талап ететін дағдыларды дамытуға бағытталған. Академиялық жазылымның мазмұндау стилі, академиялық лексиканы пайдалану, берілген тақырыпқа немесе мәселеге бағытталу сияқты өзіне тән сипаты бар екендігі белгілі. Академиялық тілдің басты ерекшелігі оның лексикалық қорының мол болуында [2].

Академиялық мәтін – белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Әдетте, академиялық бағытта жазылған мәтіннің негізгі ерекшеліктері болады. Олар: күрделі, формалды, нақты, объективті, шекетулі және жауапкершілікті. Бірақ мәтіннің жазылуының басты талабы – анық және түсінікті тілмен жазылуы.

Күрделі – Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады.

Формалды – академиялық жазылым барысында әртүрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды.

Нақты – академиялық жазылымда ақпаратты қолдану барысында нақты мәлімет беруге тырысу керек. Мысалы, «көптеген адамдар» дегеннің орнына «30 мың адам» деп нақты көрстеу керек [3].

Объективті – академиялық бағытта жазылатын жұмыс субъективті ұстанбауы тиіс. Яғни, бір жақты немесе қандай да бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс. Жұмыстың мақсаты тек ғылыми негіздерге ғана сүйену арқылы тұжырым жасау болып табылады. Сонымен қатар, академиялық мәтінді оқу барысында автордың не жасағаны емес, жұмыс бойынша не жасалғаны қызықтырады. Сол себепті, «менің ойымша» немесе «мен сенемін» деген сөздер мен сөз тіркестері қолданылмағаны абзал. Мысал келтіретін болсақ, «Менің ойымша, бұл жақсы жазылған еңбек» деп көрсеткен дұрыс емес. Оның орнына «Жақсы жазылған зерттеу жұмысы» деген орынды болады.

Шектеулі – академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпаратты беру немесе жазу оқырман қызығушылығының жоғалуы мен жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан, жоғарғы оқу орындарында жазба жұмысы ретінде тапсырма берілгенде жұмыс тақырыбы мен қамтылатын зерттеу нысанына қарай оқытушы тарапынан көлемі белгіленіп беріледі. Белгіленген көлес студент үшін тақырып жөніндегі оның толық мәлімет беріп, артық ақпарат жазбауына мүмкіндік береді [4].

Жауапкершілік – автор қашан да өз жұмысы үшін жауапты. Яғни, мәтінде түрлі қателіктер мен келтірілген тұжырымдар үшін студенттің өзі ғана жауап бере алады.

Сонымен, академиялық жазылымның 4 ерекшелігін атап көрсететін болсақ:

  1. Объективті түрде жазылуы;
  2. Ғылыми стильде жазылуы;
  3. Жүйелі құрылыммен жазылуы;
  4. Сілтемелерді жиі қолдану.

Сондықтан, академиялық құрылыммен жазылатын сөйлемдердің негізгі мақсаты берілетін ақпаратты түсінікті, дәлді етіп анық жеткізу. Бұл ғылыми стильге тән ерекшелік болып табылады. Академиялық сауаттылық – әртүрлі ақпаратпен жұмыс істей білу, өзгелердің идеяларын түсініп, оны қабылдай білу, өз идеясын айтып, оны негіздей білу. Академиялық сауаттылық жаңаша сауаттылықтың басым компоненті болып табылады [5].

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Оспанов Е.Т.Академиялық жазылым: жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы – 2018. – 121б.
  2. Динаева Б.Б. Сапина С.М. Академиялык сауаттылыктың теориялық және практикалық негіздері. Оқу құралы. – Астана: 2016. – 74б.
  3. Оспанова Б. Р. Учебное пособие по научному стилю речи: для студентов национальных групп вузов. Караганда: КарГТУ, 2003. -69 с.
  4. Күзекова З. С. Қазақ тілінің функционалды практикалық грамматикасы: оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2015.- 180 б.
  5. Ақбұзауова Б. Қазақ тілінің ғылыми стилін оқыту құралы. –Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 115 б.

Авторы : Құрманғали Диана

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *