Жаңа Қазақстан- жастар мүмкіндігі
Жаңа Қазақстан- жастар мүмкіндігі
Исламбеков Әлибек
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан
Ғылыми жетекші – филос.ғ.к., аға оқытушы, Аликбаева М. Б.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – ел тарихындағы ерекше бастамаларға, оңды өзгерістерге толы кезеңнің бастауы болды деп санаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған жолдауында әркім қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезінуі керек екенін ерекше атап өтті. Себебі, онсыз адам алға баспайды, мемлекет дамымайды. Сондықтан қоғамда әрқашан жауапкершілік болуы керек. Жаңа Қазақстанды құруға атсалысу біздің, әсіресе жастардың да парызы деп ойлаймын. Сонымен қатар, Жаңа Қазақстанды құруға атсалысу біздің, әсіресе жастардың парызы. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, егемен еліміздің ертеңі. Сондықтан Жаңа Қазақстанды құру ісінде өскелең ұрпақ айрықша орын алады.
Тең мүмкіндік, әділдік, ашықтық ұғымдары ең алдымен жас буынның кедергісіз келешегін қалыптастыруға негізделген. Жастар үшін ең бастысы – білім. Себебі, білімді азамат өзін еркін сезінеді, болашаққа сеніммен қарайды және қай бағытта қозғалу керек екенін біледі. Әрбір жас қазақстандық осыған ұмтылуы тиіс. Әрине, мамандық таңдау – күрделі мәселе. Елімізге қызмет етіп, өзіңнің болашағыңды қалыптыстыруға тырысқаның абзал. Тағы бір айта өтетінім, Мемлекет басшысы бір сұхбатында «Біз өз тағдырымызды өзіміз шешуіміз керек» деген болатын. расында да, әрбір адам өзінің тағдырын өзі қалағандай жасайды. Сондықтан да, осында отырған жастарға айтарым, сіздердің өмірлеріңіз алда. Болашақ сіздердің қолдарыңызда.
Расында да, қоғамдағы қордаланған мәселені бізге сырттан біреу келіп шешіп бермейді. Қазақстан – өз жеріміз, өз Отанамыз. Не істесек те, шын ниетімізбен, ақ көңілімізбен, адал жасасақ, біздің қоғам дамиды, алға басады. Қасым-Жомарт Кемелұлының жастарға айтқан өсиеті қандай? Әрине, жастарды еңбекқор болуға шақырады. «Нанымызды адалынан жейік, табан ақы, маңдай терімізбен табайық», — деді. Бұдан артық қандай өсиет болуы мүмін. Түсіне білген адамға мұнда үлкен философиялық ой, парасат-пайым жатқаны байқалады. Кейбір жастар жеңіл жолмен тез байығысы келеді. оның соңы жақсылыққа апармайтыны анық. Сондықтан да, заңнан аттамай, құқықбұзушылыққа жол бермеңіздер. Оқыңыздар, білім алыңыздар, білгеніңізді тәжірибе жүзінде көрсетіңіз, адал еңбегіңізбен өсіңіздер, елге адал қызмет етіп, халықтың ыстық ықыласына бөленудің өзі үлкен бақыт емес пе? Сынау, мінеу әркімнің қолынан келеді. Бірақ, оған әуес болмаңыздар. Жаңа Қазақстанды құруға ниеттеніп жатқан Мемлекет басшысына қолдау көрсетейік. Президенттің бастамаларын құптайық. Сонда ғана біз және жастарымыз өркениетті, азаматтық қоғамға бір саты жақындай түсеміз.