Сәрсенби Аян Періште

<span;>Түн…
<span;>Ырғалып келемін пойыздың ішінде,
<span;>Бір ғажап көріппін түсімде.
<span;>Сол түсті өлеңге түсіріп
<span;>Отырмын мұң толқып ішімде.

<span;>Алматы вокзалы жіберіп Көкшеге,
<span;>Таяпта қалдым-ау Көкшеме
<span;>Вагонда ешкім жоқ тек өзім
<span;>Бақыт тұр сығалап Көкшеде.

<span;>Шортанды вокзалы жетелеп,
<span;>Қыз келді вагонға еркелеп.
<span;>Мен жатқан бөлмеге жайғасты
<span;>Басталды сезіммен жекпе-жек.

<span;>Білуге есімін асықтым,
<span;>Сезімнің есігін ашыппын.
<span;>Атың кім болады қарындас
<span;>Жүзіңе енді мен ғашықпын.

<span;>Ақырын қолаңша шаштарын,
<span;>Түсінбей сөзімнің астарын.
<span;>Өзегім өрт болды сүйем деп
<span;>Жасырып шындығын жастарым.

<span;>Өртеді таныстық өзегін,
<span;>Айтпады бірақ та есімін.
<span;>Телефон номерін сұрадым
<span;>Бар еді жүректе келісім.

<span;>Қолаңша шаштары төгілген,
<span;>Жібектей жылтырап өрілген.
<span;>Ақ ұлпа беттері сұп-сұлу
<span;>Жүзінен пәк жаны көрінген.

<span;>Он  минут өтті де ақырын,
<span;>Таусыла бастады сабырым.
<span;>Бекетім таяды деді ол
<span;>Номерін айтады ақырын.

<span;>Бір дыбыс ойымды қақ бөлді,
<span;>Аруды бұл пойыз ап келді.
<span;>Шығады вагоннан ақырын
<span;>Көрген соң айнадан Ақкөлді.

<span;>Қош деді кетерде қасымнан,
<span;>Оқиға сырғыйдау басымнан.
<span;>Қош дедім келем деп пәк-үнмен
<span;>Жас ақты жанардан тосыннан.

<span;>Ал енді ойыммен тілдестім,
<span;>Келеді сезіммен күрескім.
<span;>Көкшетау еліне жеткенше
<span;>Ойдағы асаумен күрестім.

<span;>   2 бөлім
<span;>Көкшетау еліне келдім де,
<span;>Ол сәби аруға сендім де.
<span;>Толықсып сезіммен хат жаздым
<span;>Сол хатқа сезім боп ендім де.

<span;>Ол қызбен Көкшеде қыдырғам,
<span;>Қыс еді сезіммен жылынғам.
<span;>Осылай өтті ғой жарты жыл
<span;>Уақытым ол қызбен ағылған.

<span;>Қыдырып Көкшенің кешінде,
<span;>Мақсатым бар еді есімде.
<span;>Шиедей ерінін сүйем деп
<span;>Жүргенмін бәрі де есімде.

<span;>Жаз еді қоңыр жел есетін,
<span;>Сезімнің тұсауын кесетін.
<span;>Салам деп қолына сақина
<span;>Тұрақ қып Бурабай бекетін.

<span;>Ап келдім аруды ол жерге,
<span;>Тұрардай бақыты ол жерде.
<span;>Ұсыныс жасауға асықтым
<span;>Жарым қып алуға сол жерде.

<span;>Жұмбақтас үстінде құшақтап,
<span;>Мендік ой өзімнен ұзақтап.
<span;>Сенімді шаң басқан үрледім
<span;>Қадамды басам деп алшақтап

<span;>Тайғандай бір бағы басынан,
<span;>Ұсыныс жасаған кезімде.
<span;>Алыстап барады қасымнан
<span;>Түсірмей пәк қолын басынан

<span;>Сен мендік емессің деді де,
<span;>Жүзікті қолыма берді де.
<span;>Пәк жасын қолымен айғыздап
<span;>Мұң болып жаныма келді де.

<span;>Мен сені қалаймын бірақта,
<span;>Мүмкін біз жүрерміз жұмақта,
<span;>Әлде бір тозақта…
<span;>Кешірші кішкентай күнімде
<span;>Сырға сап қойылған құлаққа.

<span;>Жанымды суық мұң еседі,
<span;>Мұңдардың тұсауын кеседі.
<span;>Түсіме қыз болып енеді
<span;>Көзімде қалыңдық кешегі…

<span;>Эпилог
<span;>Деп жаттымда мыңқылдап вагонымда,
<span;>Түс екенін ұғындым тағы мұнда.
<span;>Шортанды бекетіне келіп жеттік
<span;>Бір ару кіріп келді вагоныма.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *