Болашақтың білім ордасы
Болашақтың білім ордасы
Университет бітіргеннен кейін алдымда білім алуды жалғастыру мақсатында магистратураға түсу үшін оқу орнын таңдау мәселесі тұрды. Бакалаврда алған білімім толықтай көңілімнен шыққан соң,оқу орындарын ұзақ сараптамай,назарым бірден әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тоқтады.
Бұл мекеме көп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесіне бай. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады. Ел тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, қызметтерінің сапасы жағындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының дипломанты IQNET Халықаралық сертификациялық жүйесінің ірі әлемдік сертификаттау орталықтарының куәлігін алды.
Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие.
Университетте 16 факультет, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк және әскери кафедра жұмыс істейді. Университетте 2 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100 аса ірі академиялардың академиктері, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық мемлекеттік және атаулы сыйлықтың лауреаты және 40-қа жуық жас ғалымдар сыйлықтарының лауреаты жұмыс істейді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда. Менің университетім әлемнің 418 ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттер алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша ынтымақтасады.
Халықаралық рейтинг агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша QS World University Rankings ҚазҰУ 2018 оқу жылы әлемнің 800 үздік университеттерінің арасында 220 орын алды. QS University Rankings рейтингісінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері бойынша ҚазҰУ 200-ден 11-ші орынды иеленді. ҚазҰУ-дың екі рейтингісінде Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарының арасында ең жоғары баға алды.
Сондықтан да мен еш ойламай, еліміздің үздік университеті – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсу үшін құжат тапсырдым. Менің таңдауым «Цифровая экономика» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес Жоғары мектебі»факультетіне тоқталды. Бұл еліміздегі цифрландыру бағдарламасы аясында ашылған жаңа мамандық. Біз бұл мамандықтың алғашқы түлектері болмақпыз.
Сонымен қатар,ҚазҰУ өз студенттеріне шет елдерде оқуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің келесі елдердің университеттерімен және ұйымдарымен ынтымақтастық туралы 200-ден астам шарты бар: Ресей, Корея, Жапония, Түркия, Қытай, АҚШ, Франция, Германия, Испания, Италия, Үндістан, Ұлыбритания, Польша, Египет, Малайзия, Австрия, Венгрия, Швеция, Швейцария, Чехия, Португалия, Бразилия, Украина, Болгария, Греция, Израиль, Кипр, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь Республикасы.Біз магистранттар ретінде,университетіміздің қолдауымен,көктемгі семестрде Италияға 2 апталық іс-тәжірибе алмасуға баруды жоспарлаудамыз.
Қорытындылай келе,Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білімнің алтын ордасы,талай мықты түлектерді шығарған мекен екендігіне күн сайын көзіміз жетуде.Оз кезегімізде,біз де ҚазҰУ-нің атын әлемге шығару мақсатында аянбай еңбек ететінімізді айтқымыз келеді.
Шәрімбай Еңлік Бірліктіқызы
Цифровая экономика