ҚазҰУ — мүмкіндіктер Отаны
Мектеп бітіргеннен кейін түлектер алдында олардың өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі — оқу орнын таңдау тұр. Әрбір адам өз мамандығын саналы түрде таңдап, болашақта кім болғысы келетінін өзі үшін шешуі керек. Мен де еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарын ұзақ сараптадым, менің назарым әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тоқтады.
Бұл мекеме көп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесіне бай. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады. Ел тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, қызметтерінің сапасы жағындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының дипломанты IQNET Халықаралық сертификациялық жүйесінің ірі әлемдік сертификаттау орталықтарының куәлігін алды.
Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие.
Менің ҚазҰУ-ін таңдаған себебім, Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін дамытудың көшбасшысы және әдістемелік орталығы болып табылатын, өз қызметінің барлық бағыттарының тиімді корпоративтік менеджмент жүйесіне ие, ең озық әдістер мен технологияларды шебер пайдаланатын және импорттайтын, іргелі жоғары білімі бар әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын, ғылыми зерттеулерді жоғары деңгейде дамытатын әлемдік деңгейдегі заманауи жоғары оқу орны.
Мен экономика және бизнес факультетінде оқитындықтан, менің университет туралы пікірім болашақ іскерлерді даярлау тұрғысынан болады. Экономика факультетінде әртүрлі мамандықтар мен көптеген жабдықтар бар. Сондай-ақ, Қазақстандағы, тіпті шетелдік компаниялар мен университеттердегі көптеген ҒЗИ-мен үлкен материалдық база мен ынтымақтастықты атап өткен жөн.
Осы университетте 2 жыл магистратурада оқығанымда мен өз мамандығым бойынша көптеген ақпарат алдым. Сонымен қатар Жоғары Оқу Орындарында жұмыс істеуді үйрендім. Сонымен қатар, Экономика Институтында тәжірибеден өтіп, өзімнің мамандығыма қатысты көптеген ақпарат алдым.
ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.
Қорытындылай келе, 1934 жылдан бастап университеттің ашылуынан бастап, бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде өзінің алғашқы позициясын сақтап келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады, мемлекетіміздің барлық салаларында, көптеген танымал компанияларда еліміздің өркендеуі үшін еңбек етеді.