Жаһандық деңгейдегі университет: ҚазҰУ – болашақ мүмкіндіктер ордасы
Қазіргі ақпараттық әлемдегі білім мен білім берудің рөлі артып келеді. «Жаһандану дәуіріндегі білім беру қазіргі заман тудырған артықшылықтар мен қайшылықтардың тоғысатын нүктесіне, шын мәнінде ХХІ ғасыр әлемін құрайтын салаға, өзіндік орталық түйінге айналды» десек артық айтпаймыз.
Бүгінгі таңда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — бұл болашаққа деген сенім мен мүмкіндіктерді ұсынатын тұтас білім беру және ғылыми кешені болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек Қазақстанда жетекші ұлттық университет болып қана қоймай, әлем елдерінің университтерінің білім-ғылым майданында өзін мойындатып келе жатқан ғылым ордасы. 2023 жылғы QS World University Rankings by Subject әлемдік рейтингінің нәтижелеріне сәйкес, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандық және Орталық Азия университеттері арасында жоғары нәтиже көрсеткен жалғыз университет болып табылады. Жаһандық QS рейтингі бойынша университет 165-ші орынға жайғасқан. Әрине, бұл университеттің терең тарихының, оқытушылардың, ғалымдар мен студенттердің жоғары бәсекеге қабілеттілігімен байланысты.
Университет білім беру қызметіне қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен үздік шетелдік ғалымдарды тарта отырып, әлемнің 500 бірінші дәрежелі университеттерімен тығыз байланыста. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық, қос диплом және Erasmus+, Fulbright, DAAD, Mevlana және Bolashak халықаралық жобалары жас ғалымдарға әлемнің жетекші елдерінде тәжірибе жинауға студентер мен жас ғалымдарға мүмкіндік береді. Білім беруде шетелдік ғалымдар мен оқытушылар, цифрлық технологияларды қолдана отырып, университет базасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және нәтижелерді өндіріске енгізу үшін үлкен мүмкіндіктер қарастырылған.
Қазіргі өмір сүру жағдайында білім беру сапасының проблемасы әртүрлі көзқарастардан, өмір сүру деңгейінің жоғарылау факторларының бірі ретінде, адам мен жалпы қоғамның табысты дамуын анықтайтын фактор ретінде қарастырылады. Бұл білім беру саясатында жаңа бағдарларды, қалыптасқан идеялар мен білім сапасына деген көзқарастарды сыни тұрғыдан қайта қарауды талап етеді. Сондықтан, білім беру сапасының маңыздылығы өмір сапасына әсерін тигізеді.
ҚазҰУ жоғары оқу орындарының түлектері еңбек нарығында жоғары сұранысқа және бәсекелік қабілеттілікке ие, біз бұны түлектердің жұмыспен қамтулының жақсы деңгейі мен жоғары жалақысынан көре аламыз. ҚазҰУ-дың Ұлттық рейтингтердегі жоғары жетістігі университеттің өзінің білім беру бағдарламаларын жаңарту және оқыту мен білім беру процесінің сапасын жыл сайын жаңа тенденциялармен жаңартып, сапаға ерекше назар қойған жұмысының нәтижесі болып табылады.
ҚазҰУ-дың білім беру жоспары әлемдік стандарттарға сәйкес келеді және жоғары білім беру жүйесінің заманауи талаптары мен білім беру қызметтерін тұтынушылардың қажеттіліктерін ескере отырып тұжырымдалған. Сол себепті, болашақтан үлкен үміт пен мүмкіндіктер күтіп отырған әр жастүлек өз жолын әлемдік деңгейдегі университетен білім алудан бастағаны абзал.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі,
Экономика кафедрасы,
«Цифрлық экономика» мамандығының
2-курс магистранты
Майсанова Рано Райымбекқызы