КУРУМБАЕВА АЙМАН Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті, Әлеуметтану мамандығының 4 курс студенті

Бүгінгі жастардың басты қаруы білім. Дамыған елдердің қатарына қосылып, бәсекеге қабілетті болудың негізгі күші де білім саласына тиесілі. Қоғамда сауатты, білімді жастарды тәрбиелеу мен даярлауда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алар орны ерекше. Еліміздегі №1орынды иеленетін жетекші білім ордасы студенттер үшін мүмкіндіктер мекеніне айналған. Әлемдік білім беру кеңістігінде іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, ғылыми қызметті жандандыруға әлеуеті зор оқу орны халықаралық сапа рейтингі бойынша Орталық Азиядағы беделді университеттердің бірі. ҚазҰУға оқуға түскісі келетін талапкерлердің саны жыл сайын артып келеді. Олардың қатарында шетелдік студенттер де көп. Сонымен қатар, қазіргі таңда университетте ғылымитехнологиялық бағыт бойынша жұмыс қарқын алуда. Бүгіннің өзінде 32 ғылымизерттеу орталықтары жұмыс істейді. Әлеуметтік зерттеулер жүргізуде әлеуметтану және саясаттану факультетінің жұмысын айрықша атап өткен жөн.

Әлеуметтану саласында жоғары білікті мамандарды даярлауда еңбек нарығындағы талаптарға сәйкес білім беру үлгісі жаңара бермек. Әлеуметтанулық теориялар, сандық және сапалық әдістер негізінде қоғамдағы мәселелерді көтеріп, статистикалық мәліметтерді нақ ұсыну үшін Еуропалық білім беру стандарттарына көшу заман талабы. «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы» осы бағытта ғылыми-зерттеу,аналитикалық дағдыларды жетік меңгерген мамандарды дайындап келеді. Студенттердің ғылыми тәжірибесін арттырып, әлеуметтікмәдени үрдістерді талдауға қабілетті болуы оқытушылардың басты миссиясы.  Білім базасы халықаралық зерттеу институттары мен шетелдік ғалымдардың соңғы әдебиеттерімен толығып отырады. Жинаған теориялық білімді сынап, тәжірибеден сәтті өту әр студенттің мақсаты болар. Мен де мемлекеттік мекемелердің бірінде білімімді іс жүзінде пайдаланып көрдім. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінде өндірістік тәжірибеден өтіп, өзімнің мықты және осал тұстарымды анықтай алдым.Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесін шешуде, NEET жастармен жұмыс жүргізгенде барлық оқыған теориялық білімімді ортаға салдым. Адамдармен қарым қатынас, анализ жасау, сыни ойлау менің басты көмекші құралым болды. Осы дағдыларды игеруге өзіндік үлесін қосқан жетекшім Қылышбаева Бибигуль Наурызовнаға алғысымды білдіремін. Дипломдық жұмыс жазу барысында дакәсіби біліктілігімен, тәжірибесімен бөлісіп, сапалы жоба жасауға септігін тигізді.

4 жыл білім нәрімен сусындатқан қара шаңырақ ҚазҰУ қызықты студенттік шақты да сыйлай білді. Студенттердің өзінөзі басқару ұйымдары мен түрлі бағыттағы үйірмелері жастардың қызығушылығы мен талаптарына қарай қызмет атқарды. Оқытушылар креативті ойлау, эмоционалдыинтеллекті дамыту, soft skills бағытында өзіңді жетілдіруді әрдайым алға тартып отыратын. Мұның бәрі жұмысқа да, өзіңе де керекті өмірлік азық болары сөзсіз. Қара шаңырақ кез келген білімді игеріп, ғылымға бейімдейтін нағыз мықтылар ошағы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *