ҚазҰУ-жоғары мүмкіндіктер ордасы

ҚазҰУ-жоғары мүмкіндіктер ордасы

Қазақстан бүгінгі таңда сапалы білімімен көзге түскен елдердің бірі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет-Қазақстанның жетекші классикалық университет мәртебесіне ие.Қазақстан білімі мен ғылымының ipi орталығы жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуыньң ұлттық көшбасшысы.

85 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері. Университет — ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы. Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының творчестволық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған.

ҚазҰУ-дың басқа жоғары оқу орындарынан басты айырмашылығы — оның оқу жуйесі мен профессорлық-оқытушылар құрамында. Әлемнің озық оқу орындарының тәжірибесін қолданатын оқу орнында оқылатын дәрістердің басым бөлігі студенттің өзі тандайтын пәндерден тұрады. Университет мемлекетіміздің жоғары оқу орындарының ішінде біpінші болып «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты атанды. Көпшілікке танымал әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –нің қалашығы Алматы қаласының жоғарғы бөлігінде,таулы аймаққа жакын орналасқан.Бір шеті — Ботаникалык бақ, екінші жағы Есентай өзенімен шектескен қалашықтың ауасы да саф алтындай. Жалпы алғанда, қалашықта студенттердің өміріне қажет инфрақұрылымның барлығы да бар. Оқу корпусы, жатақханалар, спорт және тамақтану кешені, Қазақстандағы кітап қоры мен көлемі жагынан №2-ші болып келетін Әл-Фараби атындағы кітапхана мен еліміздегі сыйымдылығы жағынан екінші орын алатын Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы да қалашықтың ішінде. Ал елімізде әлі баламасы жоқ «Керемет» студенттерге қызмет ету орталыгында білім алушыларға кажет төлқұжат столы, студенттің оқу үрдісін қадағалап отыратын тіpкey кеңсесі, студент бөлімі және басқа да орталықтар жұмыс істейді. Сондай-ақ, Онтүстік Кореяның Сеул университетімен 6ipлeciп жұмыс істейтін медициналық-диагностикалық орталық та осында орналасқан.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *