ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ МЕНІҢ ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІГІМ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ
МЕНІҢ ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІГІМ
Тілеубекова А.Т әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
2 курс магистранты, Алматы, Қазақстан
«Білімді бол, білімді талап етуші бол, білімді тыңдаушы бол, еш болмаса білім жолындағыларды сүй.»
Менің жоғары оқу орным — менің мақтанышым деп ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде.Құрылғанына 80 жылдай толған оқу орны өз тарихында көптеген жетістіктерге жетіп, әлемдік аренаға өз орнын көрсете алды.Университет ұжымы көпұлтты Қазақстанның экономикалық және мәдени өсуіне, саяси- құқықтық өміріне, мәдениетіне, ғылым мен білім беру салаларына орасан үлес қосып, еліміздің жоғары білім беретін оқу орындарының биік шыңына айналдырды. Университет көптеген шетелдік ЖОО-лармен бірлесіп жұмыс жасайды. Мұнда оқитын әрбір студент шетелге шығып өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндіктері бар.
ҚазҰУ — мүмкіндіктерге толы инновациялық мекен екендігін мойындауымыз керек. Бұл жетістіктер ҚазҰУ еңбек ұжымының, ұстаздардың қажырлы еңбегі мен университет басшылығының жұмысты парасатты да сапалы ұйымдастыра білуінің арқасы екендігінде сөз жоқ. Отандық және шетелдік жұмыс нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті де білімді мамандарды даярлап, кадр потенциалын құруды басты мұраты еткен ҚазҰУ-лықтардың негізгі мақсаты – классикалық ұлттық университеттен әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу. Қазіргі таңда, оқу орнымыз студенттеріне білім алуға барлық мүмкіндікті беріп отыр, ал оны миға тоқып, университетіміздің деңгейін көтеру — біздің қолымызда!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – адамгершіліктің мың жылдық дәні егілген, жастық шақтың мәңгілік мекені, білімге сусындаған бақытты кезеңіміздің бірі. Және де шаттығыма шаң жұқтырмай, көкірегімді оятып жүрген ҚазҰУ оқытушыларына дән ризамын. ЖОО-на түскен кезден бастап, тура жолға бағыттап отырған , Философия және саясаттану факультеті, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы оқытушылары: Әлқожаева Нұрсұлу Сейткерімова, Аринова Бақыт апайға және ғылыми зерттеу жұмысынан жетекшім Касымова Роза Садыковнаға алғысым шексіз. Әр қашан өздерінің білгендерімен бөлісіп, тура жол көрсетіп, білім нәрімен сусындатып, болашақта білікті маман болып шығуымызға тигізер үлестері көп. Осы университетте алған білімім кейінгі болашақтағы орнымды сүт бетіндегі қаймақтай іріктеп, шыңырау көкке тартатыны айтпасада ұғынықты. Тас шайнап құм түкірер, тепсе темір үзер жастар да осы оқу ордасынан… «өзегі өрт өлеңге толы ақын» жандар да сезім тамшыларын білім бәйтерегінің жапырағынан тамызуда. Болашақ еліміздің білімді, өз маманының білікті біртуар азаматтары шығарына сөзсіз сенімдімін!.